Құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ индекс 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі 105, электрондық мекенжайы: Spasr_kyzl@emer.kz ok_spasr_kyzl@emer.kz тел: 8 (7242) 23-62-60 , факс 23-62-60 құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің радиотелефонисі – 7 бірлік. Оның ішінде: Арал ауданы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік, Қызылорда қаласы №6 өрт сөндіру бөліміне – 1 бірлік, Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөліміне - 2 бірлік, Жалағаш ауданы №11 өрт сөндіру бөліміне - 1 бірлік және бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкердің орны – 2 бірлік.

Персоналдың санаты - С-SV-13, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты (экологиялық коэффициентін және арнайы атағын қоспағанда) 95,918 тенге дейін.  

Лауазымдық міндеттері:

Жауынгерлік кезекшілікке түскен кезде бөлімнің байланыс пунктіндегі құжаттамаларды, мүліктер мен техникалық құралдарды тізім бойынша қабылдап алу; телефонмен түскен барлық шақыртуларға тез арада жауап беру, бекітілген тәртіпте бөлімнің байланыс пунктінің журналына хабарламаларды енгізу және қажет болған жағдайда ол бойынша тиісті шешімдер қабылдау, бөлімнің шығу ауданындағы шұғыл жағдайды, өрт сөндірудің шұғыл жоспарлары мен карточкалары жасалған және бөлімшенің өртке жоғарғы шақырту нөмірі (рангі) бойынша жіберілетін кәсіпорындар тізімін білу, өрт сөндіру гарнизонында орналасқан сусыз учаскелерді, маңызды және өрт қауіпті нысандардың орналасу орнын, өткелдер мен су көздерін, сонымен қатар өрт автокөліктерінің  негізгі тактика – техникалық мәліметтерін білу, бөлімнің байланыс пунктінің қызметтік және анықтамалық құжаттарын пайдалана білу, өрт туралы хабарламаларды тез қабылдауды қамтамасыз ету, кезекшілікке түскен және кезекшілікті атқару кезінде бөлімінің байланыс пунктіндегі байланыс құралдарының жұмысын тексереді, олармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау; байланыс құралдарының қалпын және тазалығын тексеру, олардың істен шыққан туралы ауысым жетекшісіне баяндау, аудан (нысан) өрт күзеті өзара іс – әрекеттесетін қызметтерімен байланыс ұстап, қажетіне қарай ол қызметтерді өрт (апат, табиғи апаттарға) белгіленген тәртіпке сәйкес жолдау:

Құқық қорғау органдарына қызметке орналасуға негізгі мынадай талаптар қойылады:

Жасы – 35 жастан аспаған, жалпы орта білімі бар, әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы №207 бұйрығы бойынша өтеді.

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар  ТЖМ аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қолма-қол тәртіпте құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, құжаттар тігетін мұқабатыста орналастырылған келесі құжаттарды тапсырады:

Кандидат мынадай құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген)   1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;

5) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;

6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);

7) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);

8) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;

9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың сауалнамасы;

10) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.

Құжаттар пакетін толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және жергілікті өкілді органдардың депутаттары, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

Бақылаушы ретінде қатысу үшін тұлға осы Қағидалардың 5-тармағының 5) және 6) тармақшаларында көзделген іріктеу кезеңдері басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадр қызметіне тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар кадр қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Байқаушыларға іріктеу комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың дербес деректеріне, кандидаттар қатысатын іріктеу рәсімдеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушылар дауыс беруге қатыспайды және іріктеу комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген адамдарға жазбаша нысанда бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (конкурс өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру) өздерiнiң қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау хабарландыру жарияланған сәттен 10 (он) жұмыс күн ішінде Қызылорда қаласы, Жеңіс көшесі №105 мекен-жайында (Қызылорда облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімі) жергілікті сағат: 09.00.ден бастап 18.30 дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) және Қазақстан Республикасының мерекелік күндерінен басқа күндері қабылданады.

 

Құқық қорғау органдарына төмендегідей бос орындарға конкурс жариялайды
Дата публикации
13 марта 2023