Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы қараша айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (11 ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

Қызылорда облысының аумағында 477 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді,  2021  жылғы осы мерзіммен салыстырғанда  1,2 %-ға  азайды (2021ж.–483). Зардап шеккен адамдардың саны 60 %-ға азайды   (2021ж.-15984, 2022ж.-6388 адам). Қаза болғандардың саны  26,5 %-ға  азайды  (2021ж.-34,  2022ж.-25 адам).   Материалдық  нұқсан 191,66 млн. теңгені құрады (2021ж.-78,31), 144,7  %-ға көбейді.

Оның  ішінде  475  табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді,  2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 0,8 %-ға  азайды (2021ж.–479).  Зардап шеккен адамдардың  саны  60 %-ға азайды  (2021ж.-15984, 2022ж.-6388 адам). Қаза болғандардың саны  26,5 %-ға азайды (2021ж.-34,  2022ж.-25 адам).   

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 421 (2021ж.-432), 2021 жылғы осы  мерзіммен  салыстырғанда  2,6 %-ға азайды, зардап  шеккен  адамдардың  саны 48,7 % - ға  азайды (2021ж.-37, 2022ж.-19 адам),  7  адам қаза болды (2021ж.-12), 41,7 %-ға азайды.  

Оқиғалар кезінде  403  (2021ж.-420) өндірістік және тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, жазатайым оқиғалар орын  алды, 2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  4,1 %-ға азайды,  зардап шеккен адамдардың саны 62,1 %-ға азайды (2021ж.-29, 2022ж.-11 адам),  6 адам қаза болды (2021ж.-12), 50 %-ға азайды.

Материалдық  нұқсан 191,36 млн. теңгені   құрады (2021ж.-77,69), 146,3 %-ға    көбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық нұқсан 191,36 млн. теңге (2021ж.-77,69), 146,3 %-ға көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 421 (2021ж.-432), 2021 жылғы осы мерзіммен     салыстырғанда  2,6  %-ға  азайды, зардап  шеккен   адамдардың   саны 48,7 %-ға азайды  (2022ж.-37, 2021ж.-19 адам), қаза болғандардың саны  41,7 %-ға азайды  (2021ж.-12,  2022ж.-7 адам):  

2 (2021ж.-0)  көлік авариялары мен оқиғалар,  100 %-ға  көбейді,  зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

419 (2021ж.-430)  өндірістік  және  тұрмыстағы өрттер,  жазатайым  оқиғалар,  2,6 %-ға азайды,  зардап шеккен адамдардың саны 48,7 %-ға азайды  (2021ж.-37, 2022ж.-19 адам), 7 адам қаза болды (2021ж.-12), 41,7 % - ға азайды.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 56 (2021ж.-51), 2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда 9,8 %-ға көбейді,  6369  адам зардап шекті (2021ж.-15947), 60 %-ға азайды,  18 адам  қаза болды  (2021ж.-22), 18,2 %-ға азайды.

19 (2021ж.-14) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және  адам улану  оқиғалары тіркелген,  35,7 %-ға  көбейді, 6357 адам зардап шекті (2021ж.-15925), 60 %-ға азайды, 6 адам қаза болды (2021ж.-1), 5 есе көбейді.

16 (2021ж.-14) табиғи өрт, 2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,3 %-ға көбейді, оның ішінде 16 орман өрті тіркелді (2021ж.-14),  2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,3 %-ға көбейді, зардап шеккендер және қаза  болғандар жоқ. 

Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен)  0,3 млн. теңге материалдық нұқсан тіркелді  (2021ж.-0,62), 51,6 %-ға азайды.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 54 (2021ж.-47), 2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,9 %-ға көбейді,   6369  адам зардап шекті (2021ж.-15947), 60 %-ға  азайды,  18 адам қаза болды (2021ж.-22), 18,2  %-ға азайды:

8 (2021ж.-4) метеорологиялық қауіпті құбылыс,   100 %-ға  көбейді,  зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

14 (2021ж.-10) табиғи өрт,   40 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;  

1 (2021ж.-0) малдар мен құстардың қауіпті аурулары,   100 %-ға көбейді,  зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;  

12 (2021ж.-19) суда зардап шеккендер,   36,8 %-ға азайды,  12 адам зардап шекті (2021ж.-22), 45,5 %-ға  азайды,  12 адам қаза болды (2021 ж.-21),  42,9 %-ға азайды; 

19 (2021ж.-14) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы тіркелді,   35,7 %-ға көбейді,  6357 адам зардап шекті (2021ж.-15925), 60 %-ға азайды, 6 адам қаза болды (2021ж.-1), 5 есе көбейді.  

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы қараша айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (11 ай бойынша)
Дата публикации
08 декабря 2022