Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (6ай бойынша)

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).

Қызылорда облысының аумағында 255табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2021жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,9 %көбейді (2021ж.–230). Зардап шеккен адамдардың саны70,6% азайды(2021ж.-15961, 2022ж.-4700 адам).Қаза болғандардың саны45,8 % азайды(2021ж.-24,  2022ж.-13 адам).  Материалдық шығын 103,04 млн. теңгені құрады (2021ж.-33,07), 2,1 есе көбейді.

Оның ішінде 247табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2021жылғы осы мерзіммен салыстырғанда9,8% көбейді (2021ж.–225).Зардап шеккен адамдардың саны70,6 % азайды(2021ж.-15961, 2022ж.-4700адам).Қаза болғандардың саны45,8 % азайды(2021ж.-24,  2022ж.-13 адам).

Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 215(2021ж.-195), 2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  10,3 %көбейді,зардап шеккен адамдардың саны74,1 % азайды(2021ж.-27, 2022ж.-7 адам),2 адам қаза болды (2021ж.-10), 80 % азайды.

Оқиғалар кезінде 187(2021ж.-181) өндірістік және тұрмыстағы өрттер, жарылыстар, жазатайым оқиғаларорын алды, 2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда  3,3 % көбейді,зардап шеккен адамдардың саны77,3 % азайды (2021ж.-22, 2022ж.-5 адам), 2 адам қаза болды (2021ж.-10),80 % азайды.

Материалдық шығын 100,92 млн. теңгені құрады (2021ж.-24,92),3 есекөбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық шығын 100,92 млн. теңге (2021ж.-24,92), 3 есе көбейді.

Техногендік сипаттағы ТЖ саны–215(2021ж.-195), 2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда10,3%көбейді,зардап шеккен адамдардың саны74,1 % азайды(2022ж.-27, 2021ж.-7 адам), қаза болғандардың саны80 % азайды(2021ж.-10,  2022ж.-2 адам):

2(2021ж.-0)көлік авариялары мен оқиғалар,100 %  көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

213(2021ж.-194)өндірістік және тұрмыстағы өрттер,  жазатайым оқиғалар,10,8 %көбейді,зардап шеккен адамдардың саны74,1 % азайды(2021ж.-27, 2022ж.-7 адам), 2 адам қаза болды(2021ж.-10), 80 % азайды.

Табиғи сипаттағы оқиғалардың саны – 40 (2021ж.-35), 2021 жылғы осы мерзіммен  салыстырғанда14,3% көбейді,  4693адам зардап шекті (2021ж.-15934), 70,6% азайды,  1 адам қаза болды  (2021ж.-1), бірқалыпты.

6 (2021ж.-10) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) және  адам улану  оқиғалары тіркелген,  40 % азайды, 4683адам зардап шекті (2021ж.-15921), 70,6 % азайды,1 адам қаза болды (2021ж.-1), бірқалыпты.

17 (2021ж.-12) табиғи өрт, 2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда41,7 % көбейді, оның ішінде 17 орман өрті тіркелді (2021ж.-12),  2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда41,7 % көбейді, зардап шеккендер және қаза  болғандар жоқ. 

Табиғи өрттен (оның ішінде орман өртінен)  2,12 млн. теңге материалдық шығын  тіркелді  (2021ж.-8,15), 74 % азайды.

Табиғи сипаттағы ТЖ – 32(2021ж.-30), 2021 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,7 % көбейді,  4 693адам зардап шекті(2021ж.-15934), 70,6 %  азайды,  11 адам қаза болды(2021ж.-14), 21,4  %азайды:

6(2021ж.-2) метеорологиялық қауіпті құбылыс,  2 есе көбейді,  зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

9(2021ж.-7) табиғи өрт,28,6 % көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

1(2021ж.-0)малдар мен құстардың қауіпті аурулары,100 % көбейді, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ;

10(2021ж.-11) суда зардап шеккендер,  9,1 % азайды,  10 адам зардап шекті (2021ж.-13), 23,1 %  азайды,  10 адам қаза болды (2021 ж.-13), 23,1 % азайды;

6(2021ж.-10) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы тіркелді,40 % азайды,4684адам зардап шекті(2021ж.-15921), 70,6 % азайды,1 адам қаза болды (2021ж.-1), бірқалыпты.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 2022 жылғы маусым айындағы жедел қызметтік жұмысының аналитикалық мәліметтері (6ай бойынша)
Дата публикации
11 июля 2022