Құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қалуда.
Жеке құрамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, құқықтық және әскери-қызметтік тәртіпті сақтау жағдайы бойынша мәселе әрбір аппараттық жиналыста және жедел кеңестерде, селекторлық жиналыстарда қаралып, аудан және қала көлемінде Департамент басшылығының қатысуымен 10 жиналыс өткізілді.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департаменттің құрылымдық және бағынысты бөлімшелерімен 2022 жылы 2 бейнеролик түсірілді. Ішкі саясат басқармасы, «Ақмешіт –адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, Дін істері басқармасы, ҰҚК Департаменті өкілдерінің және азаматтық қорғау органдары, ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды.
2022 жылғы 10 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіндегі Open Space форматындағы «Ақмешіт – адалдық алаңы» фронт-офисінде Департамент бастығының орынбасары Б.Ізбасаровтың төрағалығымен жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Департамент қызметкерлерімен «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда» ақпараттық-танымдық бағдарламасында және «Қоғам ТВ» телеарнасының «Жастар және ...» бағдарламасында азаматтық қорғау органдарына жұмысқа тұру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, газет-журналдарда мақалалар жарияланды.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 2022 жылы Департаментте сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлеріне бағалау жүргізілді, «Адалдық алаңы» фронт-офисі ашылып, азаматтарды қабылдау жүргізілуде.
Жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында 2022 жылғы
2 семинар мен 2 дәріс, 1 дөңгелек үстел өткізіліп, баспа өнімдерінде 1 мақала жарияланды.
Кадр саясаты басқармасы Жеке құрам бойынша инспекциясы