Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
Қызылорда облысының аумағында 483 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 11,9 % азайды (2020ж.–548). Зардап шеккен адамдардың саны 4,8 есе көбейді (2020ж.-3300, 2021ж.- 15 984 адам). Қаза болғандардың саны 70 % көбейді (2020ж.-20, 2021ж.-34 адам). Материалдық шығын 78,31 млн. теңгені құрады (2020ж.-28,65), 173,3% көбейді.
Оның ішінде 479 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 5,9 % азайды (2020ж.–509). Зардап шеккен адамдардың саны 4,9 есе көбейді (2020ж.-3 271, 2021ж.- 15 984 адам). Қаза болғандардың саны 70 % көбейді (2020ж.-20, 2021ж.-34 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 432 (2020ж.-483), 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,6 % азайды, зардап шеккен адамдардың саны 2,9 есе көбейді (2020ж.-13, 2021ж.-37 адам), 12 адам қаза болды (2020ж.-5), 140 % есе көбейді.