Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
Қызылорда облысының аумағында 323 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,3 % азайды (2020ж.–377). Зардап шеккен адамдардың саны 3,8 есе көбейді (2020ж.-3288, 2021ж.- 12 550 адам). Қаза болғандардың саны 2,3 есе көбейді (2020ж.-14, 2021ж.-32 адам). Материалдық шығын 63,1 млн. теңгені құрады (2020ж.-18,05), 3,5 есе көбейді.