Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
Қызылорда облысының аумағында 281 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 17,6 % азайды (2020ж.–341). Зардап шеккен адамдардың саны 2,6 есе көбейді (2020ж.-2914, 2021ж.- 7 419 адам). Қаза болғандардың саны 3 есе көбейді (2020ж.-11, 2021ж.-33 адам). Материалдық шығын 56,53 млн. теңгені құрады (2020ж.-17,45), 3,2 есе көбейді.
Оның ішінде 277 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9,8 % азайды (2020ж.–307). Зардап шеккен адамдардың саны 2,6 есе көбейді (2020ж.-2881, 2021ж.- 7419 адам). Қаза болғандардың саны 3 есе көбейді (2020ж.-11, 2021ж.-33 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 233 (2020ж.-290), 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 19,7 % азайды, зардап шеккен адамдардың саны 158,3 % көбейді (2020ж.-12, 2021ж.-31 адам), 10 адам қаза болды (2020ж.-4), 2,5 есе көбейді.
Оқиғалар кезінде 218 (2020ж. -283) өндірістік және тұрмыстағы өрттер орын алды, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 23 % азайды, зардап шеккен адамдардың саны 158,3 % көбейді (2020ж.-12, 2021ж.-31 адам), 10 адам қаза болды (2020ж.-4), 2,5 есе көбейді.
Материалдық шығын 56,05 млн. теңгені құрады (2020ж.-8,41), 6,7 есе көбейді. Оның ішінде, өрт кезіндегі материалдық шығын 56,05 млн. теңге (2020ж.-8,41), 6,7 есе көбейді.