Азаматтық қорғау органдары қызметіне орналасу үшін денсаулығы мықты, дене бітімі сау, тиісті білім деңгейі мен жүктелген лауазымдық міндеттерін атқаруға қабілетті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған отыз бес жасқа дейінгі азаматтары (18 жасқа толған), қабылданады.
Құқық қорғау органдарына қызметке орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Қандай да бір теріс себептермен жұмыстан шығарылған не өз өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адамдарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан және қойылатын тиісті бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн, бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілер болып қызмет атқарған адамдардың құқық қорғау қызметіне конкурстық iрiктеусiз тұруға құқығы бар.
Қызметке орналасу кезінде кандидаттар медициналық, психофизиологиялық және полиграфологиялық куәландырудан, сонымен қатар, міндетті арнайы тексерістен өтуге міндетті.
Үміткерлердің заңнаманы білуін тексеру үшін тестілеуден өтуі қажет:
Қолында оң нәтижелі сертификат болған жағдайда үміткер орналасуға ниетімен азаматтық қорғау аумақтық органдарының (облыстар, республикалық маңызы қалалар және астана Төтенше жағдайлар департаменттері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ) кадр қызметіне олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларға медициналық, психофизиологиялық куәландыру және полиграфологиялық зерттеуден өтуге жіберуге өтініш білдіру.