Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алғанда).
Қызылорда облысының аумағында 230 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай мен оқиғалар тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 23,1 % азайды (2020ж.–299). Зардап шеккен адамдардың саны 102 есе көбейді (2020ж.-37, 2021ж.- 3791 адам). Қаза болғандардың саны 6 есе көбейді (2020ж.-4, 2021ж.-24 адам). Материалдық шығын 33,07 млн. теңгені құрады (2020ж.-17,4), 90,1 % көбейді.
Оның ішінде 225 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 15,1 % азайды (2020ж.–265). Зардап шеккен адамдардың саны 291 есе көбейді (2020ж.-13, 2021ж.-3 791 адам). Қаза болғандардың саны 6 есе көбейді (2020ж.-4, 2021ж.-24 адам).
Техногендік сипаттағы оқиғалардың саны – 195 (2020ж.-250), 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 22 % азайды, зардап шеккен адамдардың саны 3 есе көбейді (2020ж.-9, 2021ж.-27 адам), 10 адам қаза болды (2020ж.-4), 150 % көбейді.