2021 жылғы І тоқсандағы жұмыс қорытындыланды

2021 жылдың 27 сәуірінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында 2021 жылғы І тоқсандағы жедел-қызметтік жұмыс барысы қорытындыланды.
Есеп беру жиынында алғаш сөз алған Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б. Тұрманов «Өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 2021 жылғы І тоқсанда атқарылған жұмыстар және алға қойылған мақсат туралы» баяндады.
Бақтияр Махамбетжанұлы: «2021 жылғы 3 айда өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 433 объекті тексерілді: ерекше тәртіп бойынша 239 объекті, жоспардан тыс 194 объекті тексерілді. Тексерулер барысында 1058 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 208 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 342 мың 747,5 теңге айыппұл салынды.
Жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2021 жылғы І тоқсанда облыста 99 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасы салдарынан 9 адам қаза болып, 9 адам жарақат алды.
Облыста ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің өрт сөндіру техникаларынан бөлек жалпы облыста  22 өрт сөндіру бекеті құрылған.
Қызылорда облысындағы елді-мекендерде 2116 ерікті өрт сөндірушілерден құралған 168 ерікті өртке қарсы құрылымы бар. Өртке қарсы құрылымдарда 8 өрт сөндіру автокөлігі, 421 бейімделген техника және 21 мотопомпа бар...»
Одан соң Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор А. Тоғызбаев «Азаматтық қорғаныс саласы бойынша 2021 жылғы І тоқсанда атқарылған жұмыстар және алға қойылған мақсаттар жөнінде» баяндама оқыды:
«Азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталығында 10 қызметкер оқытылды.
"Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығында қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары мен мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне онлайн интерактивті сабақтар жүргізілді. Интерактивті сабаққа барлығы 47 мектептің 1389 оқушысы мен 156 мұғалімдері қатысты.
«Аумақты және халықты қорғау бойынша іс-шаралар»: Қала сыртындағы басқару пунктіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Қызылорда қаласында 6 400 адамға есептелген  30 қорғаныш ғимараттары бар. 30 қорғаныш ғимараттарының 18 жеке кәсіпкерлік субъектісінде болса, қалған 12 мемлекеттік мекемелер теңгерімінде. «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспары» бекітілді. 2021 жылғы облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына «қолайсыз» аймақ ретінде 113 елді мекен болып анықталды. І жартыжылдыққа жоспарланған 6 объектіге қауіпсіздік ережесін бұзушылықты жою туралы ұйғарымдама берілді. 5 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 4 объекті ұйғарымдама талаптарын тиісінше орындағандығы, 1 объектіге айыппұл салынды...»
Сондай-ақ есеп беру жиыны барысында Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ғ. Әшімов, Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ж. Досымов, Кадр саясаты басқармасының бастығы азаматтық қорғау капитаны Қ. Шарафадинов, Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н. Ибрагимовтер 2021 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары және алға қойған мақсаттары жөнінде баяндама жасады.
Сонымен бірге Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің бастықтары да күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде бейнеконференцбайланысы арқылы есеп берді.  
Жиынның соңын Қызылорда облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Руслан Қайрақбаев қорытындылады.
 
Қызылорда облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы
2021 жылғы І тоқсандағы жұмыс қорытындыланды
Дата публикации
29 апреля 2021