Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарымен ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйін және дамуын
ТАЛДАУ
Жыл сайын облыс аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау және жою мақсатында жоспарланатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының 2020 жылғы Жұмыс жоспарына өзекті мәселелер енгізіліп, (бұдан әрі - ТЖК жоспары) 2019 жылғы 25 желтоқсанда облыс әкімімен бекітілді.
2020 жылы облыстық ТЖК жоспарына сәйкес Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының (бұдан әрі-ТЖК) 10 отырысы өткізілді (6-жоспарлы), (2019 жылы-5 (4-жоспарлы)). Қызылорда қаласы мен аудандардағы ТЖК-ның 65 отырысы өткізілді.
Анықтама үшін:
Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы мен аудандарда өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстарының саны
Қызылорда қаласы және аудандарда өткізілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясы отырысының саны
Жыл басынан бері облыстық ТЖК отырыстарында төмендегідей мәселелер қаралды:
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар комиссиясымен
қаралған мәселелер бойынша
Облыс бойынша 56 су басу аймағы анықталып, оған
411 арнайы техникасы және 1 269 адам күші бар 126 мекеме бекітілген. Мұз жару жұмыстарына мамандандырылған мекемемен келісім жасалынған және «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы, халықты көшіруге 84 жинақтау және 101 қабылдау эвакуациялық пунктері дайындыққа келтірілді.
Су тасқынына қарсы материалдық-техникалық құралдар қоры жасақталып, қауіпті учаскелерге жақын жерлерге жинақталды (96 тонна жанар-жағармай, 150 600 дана қап және басқа да қажетті құралдар).
Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК және «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалдарымен су бекеттері мен су тораптарында өзен арнасындағы су деңгейіне күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Облыс бойынша 2020-2021 ж.ж. қысқы-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдардың құрамы: 1081 адам, 361 бірлік техника, 75 су сору мотопомпасы және 1 тікұшақ. Оның ішінде ТЖД 117 жеке құрам, 18 техника, 10 жүзу құралдары мен 34 мотопомпа дайындыққа келтірілді.
«2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерінің алдын алу және жою кешенді шаралар» жол картасы шеңберінде 2020 жылғы 15 іс-шараға қалпына келтіру жұмыстарына республикалық бюджет есебінен 11 156 898,48 млрд. теңге жоспарланған болатын. Алайда республикалық бюджеттен 1 іс-шара («Су тасқынының алдын алу мақсатында Қызылорда қаласының төңірегінде Сырдария өзенінің арнасын тазалау») жұмысының басталуына 350 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда тазалау жұмыстары жүргізілуде (7 пайызға орындалған).
Қызылорда облысы Сырдария ауданында орналасқан «Әйтек» су торабының төменгі бьефін су шаюға байланысты «Қазсушар» РМК жалпы соммасы 751 918 096,16 теңге қаржы қарастырылып, 2020 жылға 672 327 080 ,32 теңге бөлінді. Қазіргі уақытта "Қазсушар" РМК Қызылорда филиалымен құрылыстың төменгі бьефіндегі жуылған арнаның топырағын тасымалдау және толтыру, суды сорғықондырғыларымен сору, бетон құюға дайындық жұмыстары, армокаркастарды дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Жыл басынан бері қыс-көктем кезеңдерінде Сырдария өзенінде қалыптасқан ахуал және сақтық шаралары туралы бойынша БАҚ беттеріне 32 мақала жарыққа шықса, әлеуметтік желілерде 100-ден аса материал жарияланған.
Сондай-ақ, дария бетінде қалыптасқан ахуал және сақтық шаралары туралы облыстық «QYZYLORDA» телеарнасы жаңалықтар қызметінің түскі, кешкі, қорытынды бөліктерінде 10 қаңтар «Дариядан төнер қауіп жоқ», 14 қаңтар «Дария деңгейі», 16 қаңтар «Құтқарушылар суға түсу ережелерін сақтауды сұрайды», 22 қаңтар «Мұз үстінде сақ бол!», 24 қаңтар «Күн жылынса, сең жүреді», «Дариядағы су деңгейі төмен түсті» тақырыптарында арнайы сюжеттер көрсетілген.
Сонымен қатар, жыл басынан бері Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті судағы төтенше жағдайдың алдын алу және судағы қауіпсіздікті сақтау мәселелері бойынша БАҚ өкілдеріне арналған 4 брифинг өткізілді.
2, 11-мәселелер: «COVID-19» короновирустық инфекциясы таралуының алдын алу шаралары (2020 жылғы 16 наурыз);
ҚР Президентінің 15.03.2020 ж. № 285 Жарлығы, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің 15.03.2020 ж. № Б-133 нұсқаулығы, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12.03.2020 ж. № 19-ПГВР, № 20-ПГВР қаулыларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 16 мен 31 наурызында жоспардан тыс өткізілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында «COVID-19» коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты құқықтық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де шаралар жүйесін қалыптастыру бағытында «Ақпараттық-талдау тобы», «Жеке тұлғалардың қозғалысы мен жолаушылар ағымын бақылау тобы», «Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру тобы», «Санитариялық - эпидемиологиялық және дезинфекциялық жұмыстарды ұйымдастыру тобы», «Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы», «Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тобы», «Тіршілікті қамтамасыз ету тобы», «Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс тобы» «Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды қолдау тобы», «Кәсіпкерлік субъектілерді қолдау тобы» жұмысшы топтары құрылды және оның жетекшілері мен қызметтері анықталып, жұмыстар жүргізілуде.
Төтенше жағдай кезеңінде Қызылорда облысы МКҚБ жеке құрамы қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілді.
Аталған кезеңде, жалпы 25 объектінің, оның ішінде, стратегиялық саласында 12 объектінің қауіпсіздігін сақтау күшейтіліп, қосымша 40 полиция бекеттері қойылып, халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің қауіпсіздігін сақтау басты назарға алынды.
2020 жылдың 1 наурызына есептілік бойынша жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервінде 227299 мың теңге қаржы көзделген. Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №188 қаулысымен ауыл шаруашылығы басқармасына коронавирус тарау жағдайында әлеуметтік маңызы бар негізгі азық-түлік тауарларының қорын қалыптастыруға 105822 мың теңге қаржы бөлінді.
2020 жылдың 20 наурызында облыс әкімдігінің № 193 қаулысымен денсаулық сақтау басқармасына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізіліп, соған сәйкес облыс аумағында коронавирустың алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық шараларды атқаруға 104020 мың теңге бөлінді.
2020 жылдың 31 наурызында кезекті бюджетті нақтылау барысында резерв сомасы 672,9 млн.теңгеге ұлғайтылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 3 443 (Қызылорда қ. –2112, Арал – 114, Қазалы – 103, Қармақшы – 164, Жалағаш – 113, Сырдария – 184, Шиелі – 294, Жаңақорған – 359).
Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны – 15 (Қызылорда – 8, Жалағаш – 2, Сырдария – 1, Шиелі – 1, Жаңақорған - 3).
10.01.2021 ж. коронавирус инфекциясымен 8 жағдай (Қызылорда қ.- 7, Жаңақорған - 1) тіркелді; коронавирус инфекциясынан 4 науқас (Қызылода қ. - 4) емделіп шықты. Жалпы емделіп шыққаны – 3361 (97,6%).
3,9-мәселелер: Облыс аумағындағы су тасқыны кезеңінің қорытындысы туралы (2020 жылғы 26 наурыз)
Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының 26.03.2020 жылғы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелердегі қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы топ құрылып, облыс аумағындағы қорғаныс бөгеттері мен су шаруашылығы нысандарының жай-күйіне ағымдағы жылдың 25-29 мамыр аралығында алдын-ала зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша акт жасалып, облыс әкімдігіне жолданды.
2019-2020 ж.ж. су тасқынының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД қызметкерлерінен құрылған жұмыс тобымен Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жай-күйін тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған 11 объектінің 6-да жергілікті бюджет есебінен қайта қалпына келтіру жұмыстары 100 пайыз орындалып, 5 объектіге қаржы бөлінбеуіне байланысты 2021 жылға арналған бюджет есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
2020 жылғы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып анықталған 117 елді мекенде көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 43 523 949 теңге қаржы бөлінді.
2020 жылы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, облыс аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ болып анықталған 117 елді мекенде шамамен 200330 мал басына және жалпы көлемі 2642412 шаршы метрді құрайтын аумаққа көктемгі залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында толықтай аяқталды. Арал, Жалағаш аудандарында жұмыстар жалғасуда.
Облыс бойынша кәсіпкерлік нысандарда санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері жанынан мобильдік топтар құрылды.
Аталған топтар құрамына мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясының мүшелері, сондай-ақ, әкімдік қызметкерлері енгізілді.
Қазіргі таңда, қалалық, аудандық деңгейде барлық аумақты қамти отырып санитариялық талаптардың сақталуы бойынша кәсіпкерлік нысандарда тұрақты түрде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Аймақтық «Birgemiz Qyzylorda» қоры арқылы 24030 отбасына 1201,5 млн. теңгеге 50,0 мың теңгеден бір реттік көмек берілді. Олардың 13677-і көп балалы аз қамтылған отбасылар, 2849-ы 1-топтағы мүгедектер, 4421-і мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар, 1231-і ең төменгі зейнтеақы алатындар, 463-і жетімдер, 1407-і ҰОС қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар.
«Nur Otan» облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған «Birgemiz» қайырымдылық акциясы аясында 12 259 отбасыға 129,8 млн. теңгеге азық-түлік және тұрмыстық жиынтық түрінде қайырымдылық көмегі көрсетілді.
6-мәселе: «Короновирус инфекциясының кең таралуына қарсы шаралардың атқарылуы туралы» (2020 жылғы 2 сәуір);
«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №214 бұйрығына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.42500 теңге әлеуметтік төлемді үш тәсілмен яғни, «Егов» порталы, «Telegram БОТ» және 42500.enbek.kz сайттары арқылы өтініштер келіп түскен.
Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін 720 тонна өнім сатып алуға облыс әкімінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 105,8 млн. теңге бөлінді.
Бөлінген қаражатқа 51 тонна өсімдік майы, 500 тонна ұн, 134 тонна қант, 35 тонна қырыққабат сатып алынып, әлеуметтік дүкендер арқылы нарықтан төмен бағада сату ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның айналым қаражаты есебінен 166,7 млн. теңгеге 1092 тонна өнім сатып алынып, әлеуметтік дүкендер арқылы сатылуда.
Бұдан басқа, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру үшін ағымдағы жылдың 31 наурызындағы облыстық мәслихаттың шешімімен облыстық бюджеттен 3579,1 тонна өнім (1-ші сортты ұн, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қарақұмық, құмшекер, рожки, күріш, күнбағыс майы, сиыр еті, тұз, тауық еті, айран, сүзбе, жұмыртқа, сары май, сүт) сатып алуға қосымша 776,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта республиканың басқа өңірлерінен осы өнімдерді сатып алу жүргізілуде, олар барлық әлеуметтік дүкендерге бөлініп, төменгі бағамен сатып алынуда.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктерімен және «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесе отырып, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар тауарларды төмен бағамен сату бойынша кесте бекітілді. Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы басқармасы «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен бірлесіп 1 сәуірден бастап аудандарға барып, автокөлікпен өнімдерді сатуды ұйымдастырды. Автокөлікпен сауда Жаңақорған, Шиелі аудандарында және Байқоңыр қаласында ұйымдастырылды.
7-мәселе : Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары туралы (2020 жылғы 29 мамыр).
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы хаттамасының 4-тармағын 1) тармақшасын (тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, рейдтер ұйымдастырсын;) орындау үшін облыс аумағының су айдындарында суға шомылу және балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша 328 профилактикалық рейд (29 сәуір – 28 маусым аралығында) жүргізілді. Аталған іс-шараларда барлығы 3926 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 1057 қызметкер профилактикалық рейдке жұмылдырылып, 3926 тұрғынға (оның ішінде 896 жасөспірім) түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Департамент қызметкерлері облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып (қалалық полиция басқармасы, БАҚ-өкілдері), күнделікті бекітілген кестелерге сәйкес күнделікті 14:00-21:00 ге дейін рейдтік іс - шаралар өткізеді және жедел құтқару жасағының құтқарушылары қала аумағындағы халықтың суға шомылатын дағдыланған орындарында (Жаңа көпір аумағы, «Мерей» м/а, 3-ірілендірілген квартал аумағы) күнделікті кезекшілік ұйымдастырылды.
Жедел құтқару жасағының материалдық-техникалық жарақтандыруын заманауи талаптарға сай техникалармен қамтамасыз ету үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп жалпы сомасы 235 млн. 833 мың теңге қаржы бөлу туралы Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасына хат жолданды.
Қызылорда қаласы, Шиелі, Арал аудандары әкімдеріне қала аумағындағы, Қамбаш, Ханқожа көлдерінің аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында бақылау мұнараларын орнату тапсырылған болатын. Жалпы Сырдария өзенінің ағысы қатты, әрі шомылуға тиімсіз және қауіпті болып саналады. Сырдария өзенінің бойында орналасқан жедел суда құтқару жасағы ғимаратының тұсы бұрын халықтың көп суға шомылу аймағына айналған. Қазіргі таңда аталған аймақтың қауіпті екендігі ескеріліп, суға түсуге тыйым салынғандығы жөнінде арнайы тақтайшалары қойылған.
Сонымен қатар, қалалық полиция және төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің күшімен аталған аумаққа күнделікті бақылау шаралары жүргізілуде.
Бәйгеқұм ауылдық округіндегі Ханқожа көлінің бойынан жер бөлініп, қазіргі таңда бақылау мұнарасын тұрғызу жұмыстары жоспарланып жатыр.
«Қамыстыбас ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ұйымдастыруымен Қамбаш көлінің Аққұмшық жағажайына бақылау мұнарасы орнатылды. Алайда, қазіргі таңда эпид ахуалдың күрделенуіне орай жағажайға келіп тынуғышыларға шектеу қойылып, карантиндік талаптар сақталуда.
8-мәселе: Орман және дала өрттері, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы туралы (2020 жылғы 29 мамыр)
Қызылорда облысы аумағында барлық ауылдық округтер мен кенттердің ерікті өртке қарсы құрылымдарының (бұдан әрі - ЕӨҚҚ) өрттерді сөндіруге дайындығы, техникалар мен өрт-техникалық жарақтары және жергілікті атқарушы органдардың аталған бағыт бойынша бекітілген бұйрықтарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Аталған тексеру жұмыстары барысында барлық ауылдық округтер мен кенттерде құрылған ЕӨҚҚ-нің тізімі әзірленіп ішкі бұйрықпен бекітілген. Алайда барлығы 172 ЕӨҚҚ (1971 адам, 7 өрт сөндіру автокөлігі мен 373 бейімделген техника, 20 мотопомпа) құрылғанымен, олар қоғамдық бірлестіктер нысаны ретінде заңдастырылмаған, еріктілер өрт сөндірушілерді бастапқы даярлау оқу бағдарламасынан өтпеген және өрт сөндіруге арналған арнайы киімдермен жабдықталмаған.
10-мәселе: Облыс аумағындағы өндірістік орындар мен тұрғын үйлердегі, орман шаруашылықтары мен шалғай орналасқан елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі туралы (2020 жылғы 27 тамыз).
Өрт қауіпті кезеңде өрттің алдын алу, табиғатқа шығын келтірмеу бағытында бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Табиғи өрттің алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 9 бейнесюжет көрсетіліп,баспасөз және әлеуметтік желілерде 47 мақала жарияланды, радио арқылы – 2 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Автобекеттерде, теміржол вокзалдарында, сауда үйлерінде және адамдардың жаппай жиналатын орындарында дауысзорайтқыш арқылы – 361 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Департаменттің әлеуметтік желісінде онлайн режимде брифингтер ұйымдастырылды.
Орман және тоғайлы алқаптарда табиғи өрттердің алдын алу бағытында қала және аудандық ТЖ қызметкерлері тарапынан ауылдық округ әкімдері, орман шаруашылығы қызметкерлері, шаруа қожалығы иелерімен бірлесіп, 147 іс-шара (дөңгелек үстел, жиын, нұсқамалар беру) ұйымдастырылды, іс-шараға барлығы 1253 адам қатысты.
Сонымен қатар, құзырлы органдармен бірлесіп (жергілікті атқарушы органдар, полиция, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен) қала және аудандар бойынша құрамында 74 адам бар 20 мобильді топ құрылып, 147 рет рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара барысында ауыл шаруашылығы алқаптарында бақылаусыз қалған құрғақ шөпті, сабанды өртеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 жеке тұлғаға 110 340 теңге айыппұл салынды. (Қазалы– 2 тұлға, 27000 теңге, Шиелі – 2 тұлға, 48615 теңге, Жаңақорған – 1 тұлға, 34725 теңге);
Орман және дала алқаптарында табиғи өрттердің алдын алу және оларды жою бағытында қала және аудан әкімдерімен жоспарлар бекітіліп, ағымдағы жылдың 22-27 маусым аралығында барлық аудандар мен Қызылорда қаласында жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік өртке қарсы қызметі, орман шаруашылығы және полиция қызметтерінің бірлесіп әрекет ету бойынша 8 өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Облыс бойынша жылу беру маусымында (15.10.-15.04.2021 ж.) «Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу туралы» 07.10.2020 жылғы Департаменттің №127 бұйрығына сәйкес тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін алдын алу бағытында Департаменттің қызметкерлері тарапынан үгіттеу-түсіндіру, үнпарақтар тарату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы мақалалар жариялануда, теледидарға сұхбаттар берілуде, брифингтер өткізілуде. Қоғамдық орындарда ледэкрандар арқылы бейнероликтер көрсетілуде, көшелер бойына билбордтар орнатылуда.
13-мәселе: Облыс аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы
Еліміздің кейбір аймақтарында жоғары патогенді құс тұмауы ауруы тіркелуіне байланысты тиісті облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлескен «Жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Қазіргі таңда, осы жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.
Ағымдағы жылдың 7 қазан күні 96,8 мың доза вакцина облысқа жеткізіліп, алдын ала вакцина егу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан қолайсыз болып анықталған 117 елді мекенде залалсыздандыру жұмыстары толығымен жүргізілді.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, облыс көлемінде эпизоотиялық ахуал тұрақты.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес атқарылып, қазіргі күні дерекқор жүйесінде 348,7 мың бас МІҚ, 779,1 мың бас уақ мал, 164,9 мың бас жылқы, 53,2 мың бас түйе, 1,8 мың бас шошқа тіркелген.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы тарапынан жоғары патогенді құс тұмауы ауруының алдын алу мақсатында ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыруға 3 млн 872 мың теңге қаражат бөлінді.
Облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында 15 түрлі аса қауіпті жұқпалы және 6 түрлі эпизоотиялық ауруларға қарсы ветеринариялық препараттар уақытылы, толық тасымалданып жеткізілді. Алдын ала егу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес, 100% толығымен орындалды.
14-мәселе: Облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай және алдағы атқарылатын шаралар туралы
Коронавирус инфекциясы анықталған науқастар мен олармен қарым-қатынаста болған азаматтардың деректерін қадағалау мақсатында мобильдік қосымшаға енгізу бойынша. «Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына уақытылы мониторинг жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 218 бұйрығын орындау үшін, коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) күдікті адамдарға, олармен байланыста болған адамдарға, сондай-ақ үй карантині және қашықтықтан медициналық бақылау жағдайындағы адамдарға мониторинг Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Web қосымшасы (бұдан әрі - Web қосымша) бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының 2020 жылғы « 10 » сәуірдегі №131-НҚ бұйрығына сәйкес жауапты мамандар тарапынан жүргізіледі.
Ағымды жылдың қараша айының 30-ші жұлдызына Қызылорда облысы бойынша Web қосымшасында 17108 анкета еңгізілген, оның ішінде 3290 КВИ-мен және 280 вирусты пневмония (вирус сәйкестендірілмеген) ауырған науқастар. Web қосымшаға барлық байланыста болған адамдардың толық деректерін жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес уақытылы енгізілуде.
15-мәселе: Өрт қауіпті кезеңнің қорытындысымен мүдделі және жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар беру және 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңге міндеттер қою туралы (2020 жылғы 9 қараша).
2020 жылғы өрт қауіпті кезеңде орман және далалық алқаптарда өрттің алдын алу сұрақтары бойынша Облыс әкімінің төрағалығымен бірнеше рет облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы ұйымдастырылып, онда өзекті мәселелер қаралып, орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы туралы бірқатар тапсырмалар берілді.
Орман шаруашылығы мекемесінің материалдық-техникалық базасын жарақтандырудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы Облыс әкіміне ұсынылып, келісілді. Жергілікті атқарушы органдарға шалғай орналасқан елді-мекендерде өрт сөндіру бекеттерін құру туралы ұсыныс берілді. Осыған сәйкес 30.04.2020 ж. облыс әкімі Г.Әбдіқалықовамен «Облыс бойынша кезең-кезеңімен Мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ шалғай елді-мекендерде өрт сөндіру бекетін 2021-2025 жылдары аралығында құру туралы» жоспары бекітілді.
2020 жылғы 9 қарашада облыс әкімінің төрағалығымен өткен ТЖК отырысында жергілікті атқарушы органдарға 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңінің алдын алу жөнінде тапсырмалар берілді.
16-мәселе: Азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар қызметтерінің қыс мезгіліне дайындығы туралы (2020 жылғы 9 қараша).
2020-2021 жылдардағы қысқы кезеңде көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы өндірістік базалар мен жылыту пункттері қысқа дайын.
Қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою үшін барлығы 383 бірлік түрлі техника және 103 бірлік түрлі қуаттарды Электрмен жабдықтаудың дербес көздері дайындыққа келтірілді.
Республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда қысқы кезеңде қауіпсіз жүруді қамтамасыз ету үшін 62 бірлік техника дайындалды, сондай-ақ 344 дана жол белгілері бар.
Көктайғаққа қарсы материалдар сақтау орындарына, автожолдарды түсіруге және көтеруге 6 250 тн. құм, 2 170 тн. тұз әкелінді.
Қорда 205 тонна көлемінде ЖЖМ және 8407 тонна инертті материалдар (құм, тұз) бар.
Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге шұғыл медициналық және дәрігерлік көмек көрсету үшін медициналық мекемелер 650 төсек-орын дайындады. Қысқы кезеңде ТЖ ауқымына байланысты жеке құраммен 1 324 адам, 383 бірлік техника дайындалды.
Облыс аумағындағы автожанармай құю станцияларында қысқы отын қоры көзделген.
17-мәселе: Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі орта мектеп ғимаратының апаттық жағдайы туралы
Аталған нысанның құрылысы келісім шарт бойынша 2012 жылы басталып, 2013 жылдың тамыз айында аяқталу керек болатын. Шарт бойынша мердігер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс басқармасы мен бастапқы мердігер мекеме «Global Constaction» ЖШС-гі арасында жасалған 19.12.2012 жылғы №182 шарт пен 11.03.2013 жылғы № 24 шартты бұзу туралы 2013 жылдың 29 қазанында №2-1868-13 Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен шарт бұзылды.
2014 жылы қайта мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, «Өмірзақ» ЖШС-гі жеңімпаз болып танылып, 2014 жылдың 20 мамырында № 49 келісім-шарт жасалған. Нысан 2015 жылдың 28 тамызында пайдалануға берілген.
Сонымен қатар, 2016 жылы мектеп ғимаратының ішкі қабырғаларында жарықтар (трещины) пайда болуына байланысты, мердігер, авторлық және техникалық қадағалаушылардың қатысуымен визуалды тексеру жүргізілді. Сондай-ақ, 2016 жылдың 24 қазанында «Баспана Қызылорда» ЖШС-мен №482 эксперттік қорытынды алынып, қорытындыда ғимараттың жағдайы қалыпты деп танылып, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілген.
Бұған қоса, 2020 жылы аталмыш мектептің қазіргі техникалық жағдайын анықтау мақсатында, ғимаратқа толықтай техникалық сараптама жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 3,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы ретте, техникалық сараптама жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, жеңімпаз «NTDK Group» ЖШС арқылы тиісті жұмыстар жүргізілді. 2020 жылғы 19 қазандағы техникалық қорытындысымен ғимаратқа толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі, жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық бюджеттен 9 498 107,0 теңге қаржы қажет екендігі анықталды.
Қорытынды: Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының отырысына ұсынылып, қаралған өзекті мәселелер облыс аумағында жұқпалы аурулар,оның ішінде «COVID-19» короновирустық инфекциясының таралуына байланысты және су тасқынын болдырмау, алдын алу шаралары туралы және де осы бағытта жергілікті атқарушы органдарға өз жерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қырағылықты, тиянақты іс-әрекеттер жасауды жалғастыруды ұсынамыз.