Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарымен ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйін және дамуын ТАЛДАУ

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарымен ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйін және дамуын

ТАЛДАУ

 

Жыл сайын облыс аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау және жою мақсатында жоспарланатын Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссиясының 2021 жылғы Жұмыс жоспарына өзекті мәселелер енгізіліп, (бұдан әрі - ТЖК жоспары)               2020 жылғы 25 желтоқсанда облыс әкімімен бекітілді.

Жоғарыда аталған ТЖК жоспарына сәйкес 2021 жылдың І тоқсанында Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиясының (бұдан әрі-ТЖК) 1 отырысы өткізілді (1-жоспарлы), Қызылорда қаласы мен аудандарда  - 13 ТЖ комиссия отырысы (2020 жылы 20 отырысы) өткізілді.

Анықтама үшін:

  1. Қызылорда қ. ТЖК - 1 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы 2 (жоспарлы-1) отырысы,
  2. Арал ауданында – 2 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы 2 (жоспарлы-1)),
  3. Қазалы ауданында - 1 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы 7 (жоспарлы-1)),
  4. Қармақшыда – 1 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы 3 (жоспарлы-1)),
  5. Жалағашта – 1 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы1(жоспарлы-1)),
  6. Сырдарияда – 1 (жоспардан тыс-1), (2020 жылы 1 (жоспарлы-1),
  7. Шиеліде – 1 (жоспардан тыс-0), (2020 жылы 2 (жоспарлы-1)),
  8. Жаңақорғанда – 5 (жоспардан тыс-3), (2020 жылы 2 (жоспарлы-1)

 

Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы мен аудандарда өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі  комиссия отырыстарының саны

 

 

                     

Қызылорда қаласы және аудандарда өткізілген Төтенше жағдайлардың алдын алу комиссиясы отырысының саны

 

Жыл басынан бері облыстық ТЖК отырысында төмендегідей мәселелер қаралды: 

  1. Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы (2021 жылғы 10 ақпан);
  2. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы 2021 жылғы 10 ақпан).

 

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар комиссиясымен

қаралған мәселелер бойынша

 

1-мәселе:  2021 жылғы 10 ақпанда өткізілген ТЖК отырысында облыс аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық туралы мәселе қаралып, қорытындысы бойынша

Сырдария өзенімен жоғарыдан келген суды облыс аумағынан қауіпсіз өткізу мақсатында "Казгидромет" РМК және "Қазсушар" РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарынан өзендегі судың деңгейі мен ауа райы туралы күнделікті ақпараттар алып, бақылауға алынды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және су шаруашылығы мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, 7 рет тікұшақпен және күнделікті автокөліктермен Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, облыс бойынша  Су тасқынының алдын алу бағыты бойынша бұқаралық ақпараттық құралдар арқылы 220 рет материал жарық көрді (мақала - 26, радио - 185, теледидар - 4, брифинг - 7).

Департамент қызметкерлерімен Сырдария өзеніне жақын орналасқан елді мекендердегі 72 147 тұрғынға және 262 шаруақожалық иелеріне су басқан жағдайда қауіпсіз аймаққа көшу жөнінде үгіттеу - түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша 2020-2021 ж.ж. қыс-көктемгі су тасқынына қарсы шараларға қатыстырылатын күштер мен құралдар 1 081 адам, 361 бірлік техника, 75 мотопомпа және 1 тікұшақ дайындыққа келтірілді.

Су басу қаупі бар аймақтар учаскелерге бөлініп, оған 126 мекемеден барлығы 411 бірлік арнайы техника және 1 269 адам жауапты болып бекітілген.

Қала, аудан әкімдіктерінің мәліметі бойынша су тасқынына қарсы шараларға материалдық-техникалық қор 76,7 тонна жанар-жағар май (бензин-35,2; дизель-41,5), 104 340 дана қап, 27 750 бау қамыс, 5 600 дана пашын, 6 552 қарабура, 286 тонна қойтас т.б. қажетті материалдар қорлары жасақталды.

Жалпы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге облыс бюджетінен 266,3 млн. теңге бөлінді.

Осыған сәйкес, биылғы жылға жалпы ұзындығы 3 605 метрді құрайтын қорғаныс бөгеттерінің 5 учаскесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Облыстық ТЖ комиссиясы отырысында қаралған екі учаске бойынша, атап айтқанда: Жаңақорған ауданы, Келінтөбе каналы сағасы тұсындағы Сырдария өзені жағалауын қалпына келтіру (Ұзындығы - 350 метр)  жұмыстарының орындалуы 85% құрап отыр; Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылындағы «Сунақата» каналының біріккен қорғаныс бөгетін қалпына келтіру (Ұзындығы - 2 443 метр) жұмыстарының орындалуы 70% құрап отыр.

Облыс аумағындағы су тасқыны кезеңі 2020 жылдың қараша айынан  басталып, Сырдария өзенінің арнасында толықтай мұз ұстасты, ағымдағы жылдың 27 наурызында Сырдария өзені толықтай мұздан тазарып, су тасқыны кезеңі аяқталды. Су тасқыны кезеңі қауіпсіз, кедергісіз өтті. Қазіргі таңда облыстың су шаруашылығы жағдайы бірқалыпты.

2-мәселе: Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары туралы (2021 жылғы 10 ақпан).

Облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының табиғи ошақтарында 2021 жылғы көктемгі эпидмаусымда залалсыздандыру жұмыстары 12 сәуір және 4 маусым аралығына жоспарлануда. Елді мекендердегі мал қоралары мен мал басына көктемгі дәрілеу (дезинсекциялау), залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігіне талдау жасау өңдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

Есепті мерзімде кене шағудан қорғану шараларын насихаттау бойынша баспа БАҚ беттеріне 13 мақала жарыққа шықса, әлеуметтік желілерде 100-ден аса материал жарияланған.Сонымен бірге, жоғарыда көрсетілген тақырыптағы бейнероликтер облыстық телеарна эфирінен көрсетілуде.

Бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы кене шағудан қорғану шараларын насихаттау жұмыстары жүргізілуде, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар Департамент және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары тарапынан жолданды және ресми фейсбук парақшаларына КҚГҚ алдын алу туралы ақпараттар орналастырылды.  КҚГҚ-ның алдын алуда медициналық қызметкерлеріне  семинар-тренингтер, лекциялар, әңгімелесулер жүргізіліп, брошюралар таратылды. Аталмыш бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Қорытынды:  Облыс аумағында өзекті мәселелер болып саналатын су тасқынын болдырмау, алдын алу шаралары, жұқпалы аурулар мен індеттің алдын алу, болдырмау және азаматтардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар тиянақты іс-әрекеттер жасауды ұсынамыз.

 

 

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты, объектілер мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарымен ведомствоаралық және желіаралық өзара іс-қимылының жай-күйін және дамуын ТАЛДАУ
Дата публикации
21 апреля 2021