Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың есебі

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша

2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың

есебі

 

Қызылорда облысы бойынша:

І. Авариялық-құтқару қызметтерінің штаттық құрылымдары – 149 құрылым, 2077 адам, 282 техника;

ІІ. Жедел әрекет ету жасақтары – 9 құрылым, 610 адам, 182 техника;

ІІІ. Аумақтық азаматтық қорғаныс құрылымдары – 361 құрылым, 7754 адам, 1006 дана техника;

ІV. Нысандық құрылымдар – 1987 құрылымдар, 28 252 адам, 1789 дана техника.

Барлығы: 2506 құрылым, 38693 адам, 3259 дана техника.

1) Жоғарыда көрсетілген, авариялық-құтқару қызметтерінің штаттық құрылымдары, жедел әрекет ету жасақтары, аумақтық азаматтық қорғаныс құрылымдары және нысандық құрылымдар Қызылорда облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, адам қазасына жол бермеу және оны жоюға қатысады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облысында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Қызылорда облысынан жоғарыда көрсетілген құрылымдардан күштер мен құралдар бөлінеді.

2) Авариялық құтқару қызметтерімен келесі жұмыстарды жүзеге асырды:

  • 2020 жылы Жедел құтқару жасағы 137 адамды құтқарды (2019 жылы – 390), -64,6 % азайған, ТЖ орнынан 49 адамның денесін шығарды (2019 жылы – 48), 2,8 % көбейген, 527 шығу жасады (2019 жылы – 504), +1,2 % көбейген;
  • Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі 38 адамды құтқарды (2019 жылы – 15), +60 % көбейген, 220 адамды эвакуациялады (2019 жылы – 953), -77 % азайған, дабыл бойынша 1702 (2019 жылы – 1396 рет), +18 % көбейген шақыртуға барды, оның ішінде: 536 рет өртке, 18 авариялық құтқару жұмыстарына, 1 053 өрт ретінде есепке алынбайтын жану, 2 көрінеу жалған шақыру;
  • «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 141 (2019 жылы – 318), -56 % азайған зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 3 адамды құтқарды (2019 жылы – 1), +66,6 % көбейген, 137 (2019 жылы – 142 -4,9 % азайған) шығыс жасалды.
  1. Ұйымдастыру нұсқаулығы бойынша іс – шаралар:

1) ҚР ІІМ ТЖК-і төрағасының 2020 жылғы  13 наурыздағы № 29-5/656-И хатына сәйкес, наурыз айынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде барлық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізуді, сондай-ақ сабақтар мен семинарларды ерекше өкімге дейін тоқтатылған.

Департаменттің құтқару бөлімдерінің іс - әрекетінің деңгейін жоғарлату мақсатында, Республикалық командалық - штабтық авариялық - құтқару жұмыстары бойынша «Көктем - 2020» оқу жаттығуы өткізілді.

Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы                   №04/1-8/266 «Қызылорда қаласының және аудандар аумағында облыстық командалық – штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі» ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, 2020 жылдың 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында командалық – штабтық оқу-жаттығулар өткізілді.                       Оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында талдау жасалынып, орындау мерзімдері бекітілді және қорытындысы бойынша анықтама ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасына және облыс әкіміне жолданды.

«Қызылорда облысының азаматтық қорғау күштерін басқару органдарын даярлау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, Департаменттің аумақтық бөлімдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2020 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша Қызылорда облысының аумағында 297 оқу-жаттығу өткізілді:

10 - командалық-штабтық жаттығу; (2019 г. – 0) + 100 %

12 - командалық-штабтық оқу-жаттығу; (2019 г. – 55) – 78,1 %

21 - арнайы-тактикалық жаттығу; (2019 г. – 120) -82,5 %

40 - сейсмикалық жаттығу; (2019 г. – 154) -74,0 %

179 - авариялық жағдайлар бойынша жаттығу; (2019 г. – 396) -54,7 %

2 - кешенді оқу-жаттығу; (2019 г. – 13) – 84,6 %

33 – объектілік жаттығу; (2019 г. – 58) -43,1 %

 

  1. Суға шомылу маусымы бойынша:

Департаменттің және оның бөлімшелерімен 2020 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді. Осыған қарамастан, 2020 жылдың 12 айында Қызылорда облысының су айдындарында судағы оқиғалардың 33 фактісі тіркелді, нәтижесінде 39 адам суда қаза болды, оның ішінде 11 бала, сонымен қатар - 4 адам құтқарылды, оның ішінде 2 бала.

2020 жылғы 13 сәуірде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары                           С.Ә. Ахметпен 2020 жылғы суға шомылу маусымында облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

«2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал – лейтенант Е. Тургумбаевтың 2020 жылғы 26 ақпандағы №166 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2020 жылғы 24 сәуірде Департамент бастығының «2020 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында  төтенше жағдайдың алдын алу бағытында үгіт – насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы» № 71 бұйрығы шықты.

2020 жылдың басынан бері оқу орындарымен «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 21 онлайн сабақ өткізілді.Бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік желілерінде (Фейсбук, Инстаграм, ВКонтакте) 239 рет бейнероликтер жарияланды.

Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 1 088 рейд (29 сәуір – 1 қыркүйек аралығында) жүргізді. Аталған іс-шараларда барлығы 8 361 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша                           2 845 қызметкер профилактикалық рейдке жұмылдырылып, 8 361 тұрғынға (оның ішінде 2 966 жасөспірім) түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация қызметінде Департамент басшылығының қатысуымен                      2020 жылғы суға шомылу маусымын кезеңі бойынша 16 брифинг өтті.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 364 (жалпы суды пайдалану ережесін бұзу) бабын бұзу бойынша рейдтер мен партульдеулер жүргізу кезінде Полиция департаменті қызметкерлерімен 20 азаматқа ескерту шарасы көрілді.

Анықтама ретінде:

Анықталған 20 әкімшілік құқық бұзушылықтардың 17 – Қазалы ауданында, 3 – і Сырдария ауданында қаралған. Қызылорда қаласы, Арал, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жанақорған аудандарында әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылмаған.

Облыс бойынша 3 жұмыс жасайтын жағажай тіркелген. Бір жағажай Шиелі кентінде болса (Алтын мереке), қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің (Абай) маңында орналасқан.                           (Аталған жағажайларда адамдардың өлімі фактілері тіркелген жоқ.)        

 

  1. Су тасқыны бойынша:

2020 жылдың 15 желтоқсанда «Қызылорда-Жаңақорған» маршруты бағытында облыс аумағын ұшып өту жұмыстары ТЖМ  «Казавиаспас» АҚ «МИ-8» тікұшағымен ТЖД, Арал-Сырдария инспекциясы, Жұмылдыру дайындығы басқармасы және «Қазгидромет» РМК, «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері бірлесіп Сырдария өзенінің жағдайына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың қараша айында Сырдария өзенінде мұз қату басталып 2020 жылдың наурыз айында толықтай аяқталды. Қазіргі таңда 2020 жылғы қараша айының 2 декадасында Сырдария өзеніне мұз қатты.

Қысқы кезеңдерде төтенше жағдайларды жоюға 383 бірлік техника (оның ішінде республикалық жолдарға 62 техника, облыстық жолдарға 98 техника және Қызылорда қаласына 49 техника, сондай-ақ инженерлік-эвакуациялық 151 техника, ТЖД, ҚР ҰҰ 5547 ә/б 23 техника) дайындыққа келтірілген.

Облыс аумағындағы қар басып қалатын 2 учаске бар, оның жалпы ұзындығы                   4 шақырым 900 метрді құрайды.

Анықтама ретінде:

Қызылорда қ.–3 (Қызылорда - Павлодар – Успенка трассасындағы Қалмас (97-97+200 шақырым) және Қыздың шұбары (105+050-212+700 шақырым) учаскесі).

Облыс бойынша барлық автокөлік жолдары көк тайғаққа бейім. Облыстың солтүстік аумағындағы аудандарда электр тоғының желілерінде мұз қату қауіпі туындауы мүмкін.

Дайындыққа келтірілген жанар - жағар май:

бензин – 44 тн;

дизелдік жанар май – 165 тн;

Қыс кезеңдерінде автокөлк жолдарында қауіпсізідікті қамтамасыз ету үшін               8 407 тонна инертті материалдар дайындыққа келтірілген:

6250 тн құм;

2157 тн тұз;

Автомобиль жолдарындағы жылыту пунктерінің орналасу орындары нақтыланды. Облыс аумағындағы 13 жылыту пункттері жұмыс жасайды, оның ішінде: Қызылорда- Павлодар – Успенка автожолында орналасқан 2 жылыту пункттері (Қалмас учаскесі 84 км, Қыздың Шұбары учаскесі 154 км), Батыс – Европа - Батыс – Қытай автожолында 3 ТМСП жылыту пункттері (Бәйгеқұм е/м, Иіркөл е/м, Айтеке би е/м.) және тыс – Европа - Батыс – Қытай автожолында орналасқан жол пайдалану басқармалары мен пунктерінде 8 жылыту пункттері (№ 49 жол пайдаланым учаскесі 1283+676 км, Арал қаласының жол пайдаланым пункт кешені 1357 км, Айтеке би кенті 1473+103км, № 56 жол пайдаланым учаскесі 1521+392 км, 99 разъезд  (Байқожа), Жосалы кенті 1645+531 км, Жанақорған кенті 1993+980 км, Қызылорда қ. № 50 жол пайдаланым учаскесі 1816 км.) бар.

Зардап шеккендерді барлау және көшіру жұмыстарын жүргізу үшін «Казаваиаспас» АҚ 1 тікұшағын (МИ-8) дайындыққа келтірген.

Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жедел медициналық және дәрігерлік көмек көрсету мақсатында облыстың медициналық мекемелерде                  650 керуеттер бар.

Облыс бойынша Азаматтық қорғау құрылымдарының 15 қызметінің (Жеке құрам – 1324 адам, 383 бірлік техника) 2020 - 2021 жылдардағы қысқы кезеңде болуы мүмкін Төтенше жағдайға қарсы әрекет ету дайындығы тексерілу жоспарлануда.

 

  1. Еріктілер бойынша:

2018 жылдан бастап Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментімен «Волонтеры Кызылорды» қоғамдық қорының арасындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ-ға қол қойылып қазіргі уақытта дейін Төтенше жағдай волонтерлары бағытында көптеген іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) 2020 жылғы қаңтар айында Қызылорда облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» еріктілері фронт-офисі құрылып Департаменттен фронт-офиске мүше болып 2 қызметкер кірді. Аталған фронт-офистегі Департамент қызметкерлері «ҮМІТ БІРГЕМІЗ» ұйым атауымен аталады.

2020 жыл Еріктілер жылын іске асыру аясында ұйымдастырылатын өңірлік іс-шаралар орындау жоспарына Департамент тарапынан бірқатар іс-шаралар енгізілді.

Атап айтсақ:

- Төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында ақпараттық – түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру (жыл көлемінде);

- Жазғы демалыс кезеңде сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде (ашық сабақтар, викториналар, конкурстар, нұсқаулықтар, дәрістер және оқу орынмен сауықтыру лагерьлерін ғимараттарынан қауіпсіз эвакуациялау практикалық жаттығулар бойынша)  өрт қауіпсіздігі мен суда шомылу қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру (маусым,тамыз айы);

- Полиция департаментімен бірлесіп Еріктілерді жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шараларына тарту (жыл көлемінде);

- Алғашқы медициналық және психологиялық көмек беру шараларын өткізу (жыл көлемінде);

Сондай-ақ Департамент қызметкерлері және Полиция департаменті қызметкерлері, волонтерлермен бірігіп 2020 жылғы 15 ақпанда жүгіруге шығып жоғалып кеткен Баженов Тынымбай Абукаримұлына іздестіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 30-ға жуық волонтер қатыстырылды. Іздеу жұмыстары осы күнге дейін нәтиже берген жоқ.

2020 жылдың қаңтар ақпан айларында Департамент қызметкерлері мен волонтерлар бірлесіп халық арасында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, мұз және балық аулау кезіндегі қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, бұл іс-шарада тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың үйлеріне көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктерді орнату жұмыстарын жүргізді. Барлығы 58 584 тұрғын үй араланып, 254 768 адам қамтылды. Жалпы 4 249 тұрмысы төмен отбасыға көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылды.

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің ұйымдастырумен «Азаматтық қорғаныс және алғашқы көмек әр үйге» ұранымен Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылған  волейболдан жарысқа волонтерлер арасынан 3 команда қатысты (барлығы 14 команда). Жарыстың қорытындысымен «волонтерлер штабы» командасы жүлделі 2-орынға ие болды.

Департамент қызметкерлерімен Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 800 рейд (29 сәуір – 1 қыркүйек аралығында) жүргізді. Профилактикалық жұмыстарға (барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып) 141 волонтер қатыстырылды.

 

  1. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша:

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) және «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің Жедел құтқару жасағының қызметкерлері Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 60 рейд жүргізді.

Рейдтер барысында балық аулаумен айналысатын балықшылармен су айдындарына (мұз үстіне) шыққанда, дербес құтқару жабдығы (құтқару күртешесі, құтқару шеңбері, арқан, сырық, ілмекті бақан т.б.), байланыс жабдықтары (шамдар, радио және ұялы телефондар) болуы қажеттілігі және дауылды ескерту алған кезде балықшыларды құлақтандыру, оларды жағалауға эвакуациялау бойынша шұғыл шаралар қолдану керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Қараңғы түскенде мұз бетіне шығуға, өткел есебінде пайдалануға тыйым салып, судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері сақтау жөнінде ескертіп, жадынама таратылуда.

ПМК-29 және Ягодка саяжайларында, Көксу көлінде, Шіркейлі мен Сталин каналдарында жергілікті тұрғындармен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.    

Аталған іс-шараларда барлығы 1316 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 38 қызметкер, 34 ерікті (волонтер) профилактикалық рейдке жұмылдырылып 3706 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала мен аудандардың барлық орталық базарларындағы дыуыс зорайтқыш торабы арқылы «Балық аулау және аңшылық кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында 55 рет хабарламалар оқылып, баспа басылымдарында    17 рет мақала жарияланды.  Балық аулаушыларға арналған 3 базар және                         16 дүкенде жадынамалар ілініп, келушілер мен сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында қыс кезеңінде су айдындарында сақтық шараларды сақтау жөнінде Департамент қызметкерлері 2 рет сұқбат берді.

 

Шешімі табылмай келе жатырған мәселелер мен ұсынымдар:

- Осы жолдағы өзекті мәселелердің бірі ол ортадағы елді мекендермен байланыстың жоқтығы болып табылады. Яғни Қызылорда қаласынан                                    45 шақырымнан кейін байланыстың болмауы салдарынан, зардап шегушілер уақытылы 112 телефонына хабар бере алмай, дер кезінде көмек беруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге едәуір кедергісін келтіруде. Сондықтан, аталған жағдайларды ескере отырып, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен орын алған төтенше жағдайларды дер кезінде жою үшін «Қызылорда-Павлодар-Успенка» трассасының бойына ұялы байланыс жүйелерін орнатуды;

Төтенше жағдайларды жою

бөлімінің бастығы

азаматтық қорғау майоры                                                                           Ж. Досимов

 

 

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2020 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың есебі
Дата публикации
21 апреля 2021