Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2021 жылдың І-ші тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі

 

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша

2021 жылдың І-ші тоқсанында атқарылған жұмыстардың

есебі

 

Қызылорда облысы бойынша:

І. Авариялық-құтқару қызметтерінің штаттық құрылымдары – 149 құрылым, 2077 адам, 282 техника;

ІІ. Жедел әрекет ету жасақтары – 9 құрылым, 610 адам, 182 техника;

ІІІ. Аумақтық азаматтық қорғаныс құрылымдары – 361 құрылым, 7754 адам, 1006 дана техника;

ІV. Нысандық құрылымдар – 1987 құрылымдар, 28 252 адам, 1789 дана техника.

Барлығы: 2506 құрылым, 38693 адам, 3259 дана техника.

1) Жоғарыда көрсетілген, авариялық-құтқару қызметтерінің штаттық құрылымдары, жедел әрекет ету жасақтары, аумақтық азаматтық қорғаныс құрылымдары және нысандық құрылымдар Қызылорда облысы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, адам қазасына жол бермеу және оны жоюға қатысады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облысында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда Қызылорда облысынан жоғарыда көрсетілген құрылымдардан күштер мен құралдар бөлінеді.

2) Авариялық құтқару қызметтерімен келесі жұмыстарды жүзеге асырды:

  • 2021 жылы Жедел құтқару жасағы 73 адамды құтқарды (2020 жылы – 27), +63 % көбейген, ТЖ орнынан 5 адамның денесін шығарды (2020 жылы – 8) – 37,5 % азайған, 111 шығу жасады (2020 жылы – 122), -9 % азайған;
  • Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі 158 адамды құтқарды (2020 жылы – 2), 79 есе көбейген, 0 адамды эвакуациялады (2020 жылы – 36), -100 % азайған, дабыл бойынша 255 (2020 жылы – 295 рет), -13,5 % азайған, шақыртуға барды, оның ішінде: 102 рет өртке, 8 авариялық құтқару жұмыстарына, 145 өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайлары;
  • «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 31 (2020 жылы – 32), -3 % азайған зардап шеккенге медициналық көмек көрсетті, 5 адамды құтқарды (2020 жылы – 0), +100 % көбейген, 32 шығу жасалып, (2020 жылы –28) +12,5 % көбейген.
  1. Ұйымдастыру нұсқаулығы бойынша іс – шаралар:

1) Көктемгі кезеңде Департаменттің күштермен құралдарының көктемгі кезеңде болуы мүмкін ТЖ-ның алдын алуға дайындығын пысықтау мақсатында, 2021 жылғы 12 ақпанда Қызылорда қаласы сол жақ жағалауда белгіленген аймақ кіріспе деп алынып, құрылымдық бөлімшелердің дайындығы тексерілді. Сонымен қатар, кинологиялық есептің де дайындығы қаралды. Жалпы қарауға, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен 17 техника 80 жеке құрам қатысты.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі-ҚР ТЖМ) 2021 жылғы 08 ақпандағы № 1056 ұйымдастыру нұсқаулығына сәйкес, «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауын орындау мақсатында, Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №02-6/771 «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының iс-шараларын Қызылорда облысының аумағында дайындау және өткiзу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауы дайындалып бекітілді.

Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 15 ақпандағы №02-6/771 «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының iс-шараларын Қызылорда облысының аумағында дайындау және өткiзу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауына сәйкес ағымдағы жылғы 4-5 наурыз аралығында Шиелі ауданы Тартоғай ауылында «Көктем-2021» РКШУ өткізілді.

Оқу – жатығуға Қызылорда қаласы мен аудандар әкiмдерінің аппараттары, қалалық және  аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi  комиссиялары, облыстың, Қызылорда қаласының және аудандардың  азаматтық қорғау  қызметтерi қатыстырылды.

Жаттығуға барлығы 191 жеке құрам 51 бірлік техника қатыстырылды. Су алған елді мекеннің жанынажедел штаб құрылып далалық лагерь өрістетілді. 12 дана далалық палатка (полевая палатка) құрылды.

«Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өз деңгейінде өткізілді.

2021 жылғы 19 ақпанда ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан және Қызылорда облыстарының арасында командалық штабтық ойындар (бұдан әрі-КШО) өткізілді. КШО-ның негізгі мақсаты Сырдария өзеніне мол су келген жағдайдағы облыстар арасындағы күш пен құралдардың дайындығын имитациялық тұрғыдан пысықтау.  

Су тасқынына қарсы күш-құралдарына кенеттен тексеру жұмыстары жүргізілді:

Департаменттің теңгеріміндегі 38 дана мотопомпа жарамды күйде (36 дана тасымалды 2 дана жылжымалы);

Су тасқынына қарсы 127 жеке құрам, 28 бірлік техника, 4 үрлемелі қайық, 6 су сорғыш мотопомпаның  әзірлігі мен жарамдылығы кенеттен тексерулер жүргізілді.

Жанақорған және Шиелі аудандарына төтенше жағдайларды жою саласы бойынша тақырыптық тексерістер жүргізілді.

Сонымен қатар, Қызылорда облысының жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жоспары, Қызылорда облысындағы су тасқыны жағдайына шұғыл ден қою жоспары, Қызылорда облысының аумағында қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жоспарына, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында «Ресей ТЖМ №70 ФӨСҚ арнайы басқармасы» ММ және «ҚР ІІМ ТЖК Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің өзара әрекет ету жоспары және Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан облыстарымен ТЖ кезіндегі әрекет ету жоспарларына түзетулер мен өзгертулер енгізілді.

  1. 3. Су тасқыны бойынша:

2021 жылдың 10 ақпанда «Қызылорда-Жаңақорған» маршруты бағытында облыс аумағын ұшып өту жұмыстары ТЖМ  «Казавиаспас» АҚ «МИ-8» тікұшағымен ТЖД, Арал-Сырдария инспекциясы, Жұмылдыру дайындығы басқармасы және «Қазгидромет» РМК, «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалдарының қызметкерлері бірлесіп Сырдария өзенінің жағдайына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қысқы кезеңдерде төтенше жағдайларды жоюға 383 бірлік техника (оның ішінде республикалық жолдарға 62 техника, облыстық жолдарға 98 техника және Қызылорда қаласына 49 техника, сондай-ақ инженерлік-эвакуациялық 151 техника, ТЖД, ҚР ҰҰ 5547 ә/б 23 техника) дайындыққа келтірілген.

  1. Қыс мезгіліндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша:

Облыс аумағындағы қар басып қалатын 2 учаске бар, оның жалпы ұзындығы                   4 шақырым 900 метрді құрайды (Қызылорда - Павлодар – Успенка трассасындағы Қалмас (97-97+200 шақырым) және Қыздың шұбары (105+050-212+700 шақырым) учаскесі).

Қар құрсауындағы жұмыстар: 2021 жылғы І тоқсанында қар құрсауында қалған 149 адам құтқарылып, 88 жүк және жеңіл автокөліктері қар құрсауынан шығарылды.

Анықтама ретінде:

2021 жылдың 23 қаңтар күні 13 сағат 50 минутта Жаңақорған ауданы аумағында мол жауған қардың салдарынан Самара-Шымкент трассасының 1959-2057 шақырым аралығын қар басып жалпы саны 149 адам мен 88 жүк және жеңіл автокөліктері қар құрсауынан шығарылды.

Іздестіру жұмыстары: 2021 жылғы І тоқсанында 4 іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіру барысында 1 баланың мүддесі Сырдария өзенінен шығарылды.

Анықтама ретінде: 2021 жылғы 21 ақпан 10 сағат 10 минутта Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласында «Маяк» спорт кешенінен 20.02.2021 жылы 10 сағат 30 минутта белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған 2013 ж.т. Оразбаев Н.Н. және 2013 ж.т. Анас Е.А. іздестіру жұмыстары «ЖҚЖ» күшімен басталды. 12 сағат 00 минутта Сырдария өзенін әуеден қарау (РФ ІІМ тиесілі тік ұшақ) нәтижесінде оқиға орнынан 2 шақырым төмен қарай су бетінен адам денесін байқап 12 сағат 20 минутта 2 құтқарушы күшімен Е.Анастың денесі жағаға шығарылып РФ полициясына тапсырылды. Байқоңыр қаласының тұрғыны Оразбаев Н.Н.Оразбаевты қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жалғасуда.

          2021 жылғы 11 наурызда Жалағаш кентіне(солтүстік батыс беткейінде) шамамен 20 шақырым қашықтықта «Қараөзек» арнасының оңтүстік беткейінде орналасқан «Болат» шаруақожалығында жалдамалы көмекші (малшы) болып жұмыс істейтінЖалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі №105 үй тұрғыны 16.05.1968 жылы туылған Егеубаев Жарылқап Дайрабаевич шамамен 200 метр қашықтықта орналасқан Қараөзек арнасының солтүстік беткейіндегі «Удотов» шаруақожалығынан кешкі ас ішіп, қайтатынын ескертіп жолға шығып, қайта оралмаған.

Ж. Егеубаевтың туысы Б.М. Абдикаликовтың арызына сәйкес Жалағаш ауданына қарасты «Қараөзек» арнасына мұзға түсіп кетуі мүмкін деген болжаммен жоғалып кеткен Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесі,  № 105 үй тұрғыны 1968 ж.т. Ж.Д. Егеубаевты «Казавиақұтқару» АҚ «Ми-8Т UP-MI820» тікұшағымен 2021 жылғы 27 наурызда Қызылорда-Жалағаш-Қызылорда бағытында іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген жұмыстар нәтиже берген жоқ.

2021 жылғы 07 ақпанда сағат Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Сабалақ саяжайы Рушангүл көшесі р/с жоқ үй тұрғыны  30.09.1960 жылы туылған Есенбаев Мырзабай Оразбекович үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 2021 жылғы  30 наурызда 5 құтқарушысы 1 бірлік техника, 1 бірлік моторлы қайық  және сүңгуір жабдықтарымен «Сабалақ» саяжайына іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін шықты.

Облыс бойынша барлық автокөлік жолдары көк тайғаққа бейім. Облыстың солтүстік аумағындағы аудандарда электр тоғының желілерінде мұз қату қауіпі туындауы мүмкін.

Дайындыққа келтірілген жанар - жағар май:

бензин – 44 тн;

дизелдік жанар май – 165 тн;

Қыс кезеңдерінде автокөлк жолдарында қауіпсізідікті қамтамасыз ету үшін               8 407 тонна инертті материалдар дайындыққа келтірілген:

6250 тн құм;

2157 тн тұз;

Автомобиль жолдарындағы жылыту пунктерінің орналасу орындары нақтыланды. Облыс аумағындағы 13 жылыту пункттері жұмыс жасайды, оның ішінде: Қызылорда- Павлодар – Успенка автожолында орналасқан 2 жылыту пункттері (Қалмас учаскесі 84 км, Қыздың Шұбары учаскесі 154 км), Батыс – Европа - Батыс – Қытай автожолында 3 ТМСП жылыту пункттері (Бәйгеқұм е/м, Иіркөл е/м, Айтеке би е/м.) және тыс – Европа - Батыс – Қытай автожолында орналасқан жол пайдалану басқармалары мен пунктерінде 8 жылыту пункттері (№ 49 жол пайдаланым учаскесі 1283+676 км, Арал қаласының жол пайдаланым пункт кешені 1357 км, Айтеке би кенті 1473+103км, № 56 жол пайдаланым учаскесі 1521+392 км, 99 разъезд  (Байқожа), Жосалы кенті 1645+531 км, Жанақорған кенті 1993+980 км, Қызылорда қ. № 50 жол пайдаланым учаскесі 1816 км.) бар.

Зардап шеккендерді барлау және көшіру жұмыстарын жүргізу үшін «Казаваиаспас» АҚ 1 тікұшағын (МИ-8) дайындыққа келтірген.

Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге жедел медициналық және дәрігерлік көмек көрсету мақсатында облыстың медициналық мекемелерде                  650 керуеттер бар.

Департамент және «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің Жедел құтқару жасағының қызметкерлері Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 72 рейд жүргізді.

Рейдтер барысында балық аулаумен айналысатын балықшылармен су айдындарына (мұз үстіне) шыққанда, дербес құтқару жабдығы (құтқару күртешесі, құтқару шеңбері, арқан, сырық, ілмекті бақан т.б.), байланыс жабдықтары (шамдар, радио және ұялы телефондар) болуы қажеттілігі және дауылды ескерту алған кезде балықшыларды құлақтандыру, оларды жағалауға эвакуациялау бойынша шұғыл шаралар қолдану керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Қараңғы түскенде мұз бетіне шығуға, өткел есебінде пайдалануға тыйым салып, судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері сақтау жөнінде ескертіп, жадынама таратылуда.

ПМК-29 және Ягодка саяжайларында, Көксу көлінде, Шіркейлі мен Сталин каналдарында жергілікті тұрғындармен бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып судағы (мұздағы) қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.    

Аталған іс-шараларда барлығы 2682 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 823 қызметкер, 88 ерікті (волонтер) профилактикалық рейдке жұмылдырылып 2382 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қала мен аудандардың барлық орталық базарларындағы дыуыс зорайтқыш торабы арқылы «Балық аулау және аңшылық кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында 103 рет хабарламалар оқылып, баспа басылымдарында    39 рет мақала жарияланды. Балық аулаушыларға арналған 3 базар және                         16 дүкенде жадынамалар ілініп, келушілер мен сатушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында қыс кезеңінде су айдындарында сақтық шараларды сақтау жөнінде Департамент қызметкерлері 1 рет брифинг өткізілді.

Шешімі табылмай келе жатырған мәселелер мен ұсынымдар:

- Осы жолдағы өзекті мәселелердің бірі ол ортадағы елді мекендермен байланыстың жоқтығы болып табылады. Яғни Қызылорда қаласынан                                    45 шақырымнан кейін байланыстың болмауы салдарынан, зардап шегушілер уақытылы 112 телефонына хабар бере алмай, дер кезінде көмек беруге және құтқару жұмыстарын жүргізуге едәуір кедергісін келтіруде. Сондықтан, аталған жағдайларды ескере отырып, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен орын алған төтенше жағдайларды дер кезінде жою үшін «Қызылорда-Павлодар-Успенка» трассасының бойына ұялы байланыс жүйелерін орнатуды;

Төтенше жағдайларды жою

бөлімі бастығының міндетін атқарушы

азаматтық қорғау майоры                                                            А. Сермагамбетова

 

 

Төтенше жағдайларды жою бөлімі бойынша 2021 жылдың І-ші тоқсанында атқарылған жұмыстардың есебі
Дата публикации
21 апреля 2021