Суға шомылу маусымына дайындық

Суға шомылу маусымына дайындық

 

        Департаменттің және оның бөлімшелерімен 2021 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Атап айтқанда,  2021 жылғы 8 сәуірде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметпен 2021 жылғы суға шомылу маусымында облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.

 «2021 жылғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі                      генерал - майор Ю. Ильиннің 2021 жылғы 31 наурыздағы №150 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2021 жылғы 05 сәуірде Департамент бастығының «2021 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру туралы» № 65 бұйрығы шықты.

Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері (54 сүңгуір маман) мен құралдары (18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық  қайық – 2 бірлік,  үрлемелі  қайық - 16  бірлік) әзірлікке келтірілді. Жедел-құтқару техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары, сондай-ақ жеке құрамның жабдықтарды, құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері және кеудешелер, «Александров жібі») пайдалануға дайындығы тексерілді.

Қызылорда Облысында жеке ұйымдардың қарамағындағы көпшілік демалатын және шомылатын су айдындарында жабдықталған 3 жағажай бар.

- Қызылорда қаласында орналасқан "Арай" жағажайы

- Қызылорда қаласы Белкөл ауылында орналасқан "Абай" жағажайы

Шиелі ауданы, Шиелі кентіндегі "Алтын мереке" жағажайы.

Сондай-ақ, облысбойынша 64 аса қауіптіжәнедемалу мен шомылуүшінжабдықталмаған су қоймалары бар.

Суға шомылу маусымына дайындық
Дата публикации
21 апреля 2021