Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Психологиялық қызмет тобы туралы ереже

         Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің

20___ жылғы «____» __________

№ ____ бұйрығына

 № _____ қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Психологиялық қызмет тобы туралы

ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Психологиялық қызмет тобы туралы (бұдан әрі – топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топтың, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  3. Топ бас маман – психологінен тұрады.
  4. Топқа жалпы басшылықты Департамент бастығы жүзеге асырады.

 

2-тарау.  Топтың негізгі міндеттері мен функциялары,
құқықтары және міндеттері

 

  1. Төтенше жағдайлар кезінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс – шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  2. Функциялары:
    • төтенше жағдайлар аймағында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша гарнизон бөлімшелерінің психологтарына басшылық жасау;
    • төтенше жағдайлар аймағында авариялық - құтқару қызметінің қызметкерлеріне жедел психологиялық көмек көрсету және ол аяқталғаннан кейін оңалту жөніндегі іс шараларды жүргізу;
    • төтенше жағдайлар кезінде «қауірт желі» телефонында жұмысты ұйымдастыру;

4) төтенше жағдайда медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау ұйымдарына жүгіну мүмкіндігі туралы анықтамалық ақпарат беру сонымен қатар зардап шеккендерді алып жүру сондай ақ қаза тапқандардың және зардап шеккендердің туыстарын, жақындарын ақпараттық-психологиялық сүйемелдеу;

  • төтенше жағдайда шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс –қимылдарды пысықтау бойынша жаттығу сабақтарын, командалық штабтық және тактикалық арнайы оқу жаттығуларды жоспарлау мен өткізуге қатысу.
  1. Міндет: кәсіби қызметінде жеке құрамды психологиялық сүймелдеу жұмыстарын ұйымдастыру.
  2. Функциялары:
  • кәсіби міндеттерді орындауда қызметкерлер мен үміткерлерді жеке,  интеллектуалдық сипаттамаларын зерделеу мақсатында психодиагностикалық зерттеулер жүргізу;
  • жоғары тұрған лауазымдардың кадрлық резервіндегілерге қалыптастыру үшін психодиагностикалық зерттеу жүргізіп, ұсынымдар дайындау; 
  • жеке құрамды кәсіби – психологиялық даярлау;
  • тереңдетілген психологиялық – педагогикалық назарды қажет ететін жеке құраммен жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру (бақылау тобы);
  • жеке құрамға психологиялық кеңес (консультация) беру;
  • қызметкерлер арасында аутоагрессивті (суицид) мінез – құлық ерекшеліктерінің алдын алу бойынша психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру;

    7) жұмыста жеке құраммен тәртіп бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру және әлеуметтік – психологиялық әдістерін қолдану жөнінде басшылар үшін ұсынымдар әзірлеу;

8) кәсіби міндеттерді орындауды жұмылдыру үшін ұжымдармен және басшылық құраммен қызметтік (оқу) ұжымдарды біріктіру бойынша әлеуметтік психологиялық тренингтер, тимбилдингтер ұйымдастыру және өткізу;

9) өз құзіреті шегінде қызметтік тергеу жүргізу кезінде қатысу;

10) нормативтік құқықтық актілерде көзделген өзге де функцияларды іске асыру;

  1. Топтың құқықтары: 

1) Департаментке қарасты құрылымдық бөлімшелеріне  жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және де өзге де материалдарды сұрау жасау және алу;

2) топтың құзіретіне кіретін мәселелері кеңестерінде қаралатын сұрақтары  бойынша Департамент басшылығына ұсыныс енгізу;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Президенттің актілерінде және Қазақстан Республикасының Үкіметінде белгіленген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Топ заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бас маман – психологін Департамент бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, өз құзыреті саласында гарнизон психологтарының жұмыстарына жетекшілік етеді.

                                        ______________________________

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Психологиялық қызмет тобы туралы ереже
Дата публикации
21 апреля 2021