Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар
департаментінің
2021 жылғы «____» ______________
№ _____ бұйрығына_____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Ақпараттық-аналитикалық тобының ережесі
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары, құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) елдің ұзақ мерзімді (5 жылдан астам), орта мерзімді (бір жылдан 5 жылға дейін қоса алғанда) кезеңдерге дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік жоспарлау құжаттары мен процестерін қалыптастыруға және іске асыруға қатысады:
бірінші деңгейдегі, елдің ұзақ мерзімді даму пайымын айқындайтын түйінді басымдықтары мен бағдарлары бар-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жатады;
екінші деңгейдегі, Қазақстан Республикасының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін, сондай-ақ өрісаралық, салааралық және ведомствоаралық сипаттағы құжаттарды айқындайтын-әлеуметтік-экономикалық дамудың 5 жылға арналған болжамы, кемінде 5 жыл кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламалар;
үшінші деңгейдегі, декомпозициялау негізінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші және екінші деңгейдегі құжаттарына қол жеткізу жолдарын айқындайтын құжаттар – мемлекеттік органдардың 5 жылға арналған стратегиялық жоспарлары, Министрліктің стратегиялық жоспары, Қызылорда облысының даму бағдарламаласы;
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департаменттің құзыреті бойынша Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының орындалуы бойынша есептерді әзірлейді, мониторинг өткізеді және есептерді қалыптастырады, оның ішінде:
ұлттық жобаларды;
Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесін дамыту тұжырымдамаларын;
Министрліктің стратегиялық жоспарын;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі арасындағы меморандумды;
Министрліктің операциялық жоспарын;
Департаменттің жұмыс жоспарларын.
3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің ақпараты негізінде Департамент құзыреті шегінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының, Мемлекеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуы бойынша мониторингті, талдауды жүргізеді және есептерді қалыптастырады;
4) Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тапсырмаларында (ұсынымдарында) көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық материалдарды қалыптастырады және т. б.;
5) басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік бағдарламаларының және оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы жоспарлау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, келіседі (Мемлекеттік органдардың интранет-порталы жүйесі бойынша);
6) қажет болған жағдайда Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын және Қызылорда облысының дамытудың проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзектендіруді жүзеге асырады;
7) азаматтық қорғау органдарында жоспарлау практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелеріне жоспарлау мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;
8) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің жыл сайынғы жұмыс жоспарларын қарау және келісу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
9) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізеді (бекітілген нормативтік-құқықтық актіге сәйкес);
10) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің жедел-қызметтік жұмысына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысады;
11) Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің алқаларына және жедел кеңестеріне, комиссиялардың, семинарлардың, конференциялардың және басқа да іс-шаралардың отырыстарына жоспарлау мәселелері бойынша аналитикалық, ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
12) жоспарлау мәселелері бойынша шетелдік озық тәжірибені зерделеу мақсатында халықаралық ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және тәжірибе алмасады;
13) жоспарлау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің бастықтарын тыңдауға қатысады;
14) азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастырады;
15) нормативтік құқықтық актілерді және Департаментке қатысты құқықтық актілерді дайындау.
Функциялары:
1) графиктерге, сұрау салуларға, тапсырмаларға сәйкес облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың даму үрдістері мен динамикасы туралы Министрлікті және Қызылорда облысының әкімдігін шолу-аналитикалық ақпаратымен қамтамасыз етеді;
2) Департаменттің құзыреті шегінде Министрліктің және Қызылорда облысы әкімдігінің отырыстарына, алқаларға, жедел кеңестерге, комиссияларға, семинарларға, конференцияларға және басқа да іс-шараларға ақпараттық-аналитикалық материалдарды қалыптастырады;
3) ақпараттық-аналитикалық қызметі, талдаудың қазіргі замануи әдістерін пайдалану, азаматтық қорғау саласында инновациялық тәсілдер мен технологияларды қолдану мәселелері бойынша озық шетелдік тәжірибиені зерделеу мақсатында халықаралық ведомстволармен және ұйымдармен ынтымақтастық жасайды және тәжірибемен алмасады;
4) азаматтық қорғау саласындағы ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді, келіседі (Мемлекеттік органдардың интранет-порталы жүйесі бойынша);
5) азаматтық қорғау органдарының ақпараттық-аналитикалық жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және Департаменттің құрылымдық бөлімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;
6) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелеріне ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз ету мәселелері бойынша практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің жедел-қызметтік жұмысына жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізуге қатысады;
8) ақпараттық-аналитикалық қызмет мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің бастықтарын тыңдауға қатысады;
9) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерінің қызметінде ақпараттық-аналитикалық жұмыс жағдайын зерделейді.
Функциялары:
1) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың мемлекеттік есебін жүргізеді;
2) Департамент қызметінің негізгі бағыттары бойынша бекітілген есептілік нысандарына сәйкес ақпарат береді;
3) жедел ақпаратты жинауды, өңдеуді және қалыптастыруды жүзеге асырады:
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша;
авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарының ақпараттық-анықтамалық карточкалары бойынша.
4) Облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның шешімдеріне сәйкес табиғи және техногендік сипаттағы туралы мәліметтерді ұсынады:
облыс аумағында болған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар;
резонанстық төтенше жағдайлар және оларды жою тәжірибесі.
Функциялары:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу үшін Төтенше жағдайлардың автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесін сүйемелдейді;
2) Министрліктің қызметінде қолданылатын ақпараттық жүйелерді, жедел және ведомстволық есепке алуды құру, пайдалану және дамыту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік және техникалық құжаттаманы келісуге қатысады;
3) бекітілген тізбеге сәйкес Департаменттің құзыреті шегінде ақпаратты Ашық деректердің интернет-порталында орналастырады.
1) құрылымдық бөлімшелердің және Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің жұмыс жағдайына мақсатты және тақырыптық тексерулерді жүзеге асыруға, кешенді тексерістерді өткізуге қатысуға;
2) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сараптамалық кездесулер, семинарлар, конференциялар, тренингтер, дөңгелек үстелдер өткізуге;
3) құзыреті шегінде басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын тыңдауда ұсыныстар енгізуге және қатысуға;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік мекемелерден басқарушылық шешімдердің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есеп беру құжаттарын әзірлеу үшін белгіленген тәртіппен ақпаратты сұратуға және алуға;
6) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінде және мемлекеттік мекемелерде жүргізілетін жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмыс жөніндегі қызметті үйлестіруге;
7) Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының есептерін тыңдауға;
8) Заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінде бектілген өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
9) Департамент құзыретіне енетін мәселелер бойынша бағытты және бағытаралық сипаттағы аналитикалық зерттеулерді жүргізуге.
Топ міндеттің:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;
2) мемлекеттік жоспарлау жүйесі шеңберінде көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) Департаментте жоспарлау мен ақпараттық-аналитикалық жұмыстарын қамтамасыз етуге міндетті;
4) жүктелген міндеттерге сәйкес олардың құзыреті шегінде, Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президент, Үкімет актілерімен және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен көзделген басқа міндетте белгіленеді;
5) Заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерінде бектілген өзгеде міндеттер.
1) Топ қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент басшылығына Топ қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
3) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда департаменттің атынан өкілдік етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенті мен Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
________________________________________________________________