ҚР ТЖМ Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
2021 жылғы «___» _______
№__ бұйрығына____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қызылорда облысыныңТөтенше жағдайлар департаменті
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесі туралы ереже
Функциялары:
Функциялары:
1) ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамыту, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстау;
2) азаматтық қорғау органдарының ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру;
4) азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
5) ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізудің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
6) Департамент мәжілістерін техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
7) күштер мен құралдарды басқару үшін байланысты ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларға қатысады және қауіп төнген кезде азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің құрылымдарымен Төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде;
8) құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
Функциялары:
1) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді;
4) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
Функциялары:
1) халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
2) облыс аумағында халықты хабардар ету құралдарының есебін жүргізу;
3) халықты хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) халықты хабардар ету жүйелерін енгізу мәселелері бойынша Департамент бөлімшесінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
5) халықты хабарландыру бойынша жаттығуларды жоспарлау және өткізу;
6) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың ақаусыздығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізу.
Бөлімше өз құзыреті шегінде мыналарға құқылы:
1) бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды, анықтамалық және талдамалық материалдарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;
2) қызметті ұйымдастыру үшін қажетті мәліметтерді Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен сұрату;
3) өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына қатысты ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды жүзеге асыру;
4) бөлімшенің құзыретіне кіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және мемлекеттік емес ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.
Бөлімшенің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
2) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
1) Бөлімше қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
_________________________________________