ҚР ТЖМ Қызылорда облысы
Төтенше жағдайлар департаментінің
2020жылғы «__» __
№ ___бұйрығына
қосымша №__
Қазақстан Републикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Төтенше жағдайлар Департаменті
Төтенше жағдайларды жою бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1) Бөлім бастығы;
2) Бөлімнің бас маманы;
3) Бөлімнің аға инженері;
4) Бөлімнің инженері.
құқықтары мен міндеттері
1) төтенше жағдайларды жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
2) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
1) төтенше жағдайларды жою саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) Министрліктің Стратегиялық жоспарының нысанды индикаторларына қол жеткізу бойынша Қызылорда облысының мүдделі басқару органдарымен сектораралық келісімдерінде көзделген іс-шараларды қалыптастыруды іске асыру;
3) төтенше жағдайларды жоюға жедел ден қою мәселелері бойынша шекаралас облыстармен ынтымақтастыққа қатысу;
4) төтенше жағдайларды жою және жетекшілік етілетін ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді және әдістемелік нұсқауларды әзірлеу мен келісу. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығының Кеңес отырысына материалдар, мекемелерге ақпарат, анықтамалар, шолу дайындауға қатысу;
5) төтенше жағдайларды жою үшін Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару күштері мен құрамаларының («Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі») даму жағдайын талдау;
6) қызметтік жұмысының бағыты бойынша жыл сайынғы талдаулар жүргізу;
7) қажетті қауіпсіздік, төтенше жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы мемлекеттік органдарды, халықты және ұйымдарды хабардар ету;
8) төтенше жағдайларды жою саласындағы жедел жоспарлау мәселелері бойынша Департаменттің авариялық-құтқару қызметінің(«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі») қызметіне басшылық ету;
9) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
10) Департаменттің аппараты, оның ішінде Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен өткізетін оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды жоспарлау, әзірлеу, дайындау;
11) «Қазқұтқару» құтқару бөлімшелерінің жиын-семинарларына қатысуды ұйымдастырады;
12) «Жас құтқарушы» үйірмелерінің жұмысын ұйымдастыру;
13) өз құзыреті шегінде төтенше жағдайларды жоюға басшылықты жүзеге асыру;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;
15) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөнінде ұсыныстар дайындау;
16) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
17) Департаменттің жедел-құтқару жасағын («ӨСжАҚЖҚ» ММ) төтенше жағдайларды жоюға дайындау және әзірлікте ұстау;
18) Департаменттің төтенше жағдайларды жоюға қажетті күштері мен құралдарының санын айқындау;
19) «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамын тарта отырып, құтқару-іздестіру жұмыстарын жүргізуге қатысу;
20) төтенше жағдайларды жою саласындағы әлемдік тәжірибені зерделеу және қолдану;
21) «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі мен «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының жедел-қызметтік жұмысына әдістемелік басшылықты жүзеге асыру және үйлестіру;
22) Қазақстан Республикасының ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Терроризмге қарсы орталығымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша Департаменттің қызметін ұйымдастыру;
23) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізетін күзет іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
24) Өз құзыреті шегінде Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің мынадай жұмыстарын ұйымдастырады:
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштарды ұшыруға байланысты төтенше жағдайларға ден қою;
шомылу маусымдарында және күзге, қысқы кезеңдерде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
25) «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» және «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының жедел-қызметтік жұмысын тексеруге қатысады.
26) өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды Қызылорда облысының әкімдігіне бекітуге ұсыну үшін Департамент басшылығына енгізу;
Негізгі міндеттерін және функцияларын іске асыру мақсатында Бөлім өз құзыреті шегінде құқылы:
1) Бөлімнің құрамындағы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Департамент бастығы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
3) Департамент бастығына бөлім қызметкерлерін марапаттауға, көтермелеуге және сыйлықақы беруге ұсынады;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
__________________________