Қазақстан Републикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының ЕРЕЖЕСІ

ҚР ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

2021 жылғы « _____» __________                    №____ бұйрығына ______ қосымша

 

 

Қазақстан Републикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Азаматтық қорғаныс басқармасының

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің (бұдан әрі – Департамент) Азаматтық қорғаныс басқарамасы (бұдан әрі- Басқарма) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын өз құзырының аясында ұйымдастыру жөніндегі қызметті, әскери-жұмылдыру жұмыстарын және жоспарлауды іске асырушы Департаменттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, Министрліктің бұйрықтары мен нұсқауларын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы мен штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарманың штаттық саны мыналардан тұрады:

1) басқарма бастығы;

2) үш аға офицер;

3) бір әскери жұмылдыру тобының аға офицері;

4) бір әскери жұмылдыру тобының офицері.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

 

  1. Міндеттері:

1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын өз құзыретінің шегінде қамтамасыз ету;

3) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

  1. Басқарма қолданыстағы заңнамаларға және жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды іске асырады:

1) азаматтық қорғаудың соғыс уақытына арналған жоспарын және оның қосымшаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау бойынша басқа да жоспарланатын құжаттарды әзірлеу мен түзетуді ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда олардың іске асырылуын бақылайды;

2) азаматтық қорғау жоспарын әзірлеуде және басқарма құзыретіне жататын құжаттар мен іс-шараларды даярлауда жегілікті атқарушы органдарға, Департаменттің құрылымдық бөлімдеріне, ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады;

3) басқармаға жүктілген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметті (оның ішінде компьютер аралық каналдары бойынша) жергілікті атқарушы органдардан, аумақтық басқармалардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;

4) басқарманың осы ережемен, лауазымдық нұсқаулықтармен, басқа да нормативті-құқықтық актілермен айқындалған іс-шараларын орындау мақсатында ақпараттық (оның ішінде жабық) деректер банкін пайдалануға;

5) азаматтық қорғау бойынша топтарға жатқызылған, азаматтық қорғау бойынша объектілерді, химиялық-радиациялық және биологиялық қауіпті объектілер мен азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жоспарлау үшін оған ең көп жұмыс істейтін ауысымының санын санатталған қала есебін жүргізеді;

6) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының өңірлерді, аумақтағы құрылыстарды дамытуға, елді мекендер мен шаруашылық жүргізу объектілерін салу мен реконструкциялауға жобалау-сметалық құжаттамасын келісу бойынша Департамент басшылығына ұсыныс енгізеді;

7) азаматтық қорғау және әскери-жұмылдыру жұмысы, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындау;

8) азаматтық қорғау саласында білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру;

9) Департаменттің жоспары бойынша облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінде, ұйымдарда әзірлігін қамтамасыз етуі бойынша кешенді тексерулерге және оқу-жаттығуларға қатысады;

10) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), қосымша және жылжымалы басқару пункттерін құрылуын бақылау;

11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау бойынша облыстық әкімшілікке ұсыныстар енгізу;

12) азаматтық қорғау іс-шараларының орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

13) азаматтық қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

14) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғау бойынша іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдама беру;

15) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес, азаматтық қорғау саласында мемлекеттік бақылау бойынша профилактикалық тексерулер жүргізудің жартыжылдық  тізімін әзірлеу;

16) тексерілетін субъектілерді тексерулер санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды жүзеге асыру;

 

 

18) Департаменттің жұмылдыру жоспарын әзірлеу;

19) Қызылорда облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің жауынгерлік дайындыққа келтіру жоспарын келісу;

20) соғыс уақытында жұмылдыру бойынша әскери міндеттілерді  брондау, әскери құрылымдаларға шақыруға жататын инженер-техникалық мамандар мен қажетті техникаларды жинақтау және іс-шараларын ұйымдастыру жоспарын жасау;

21) әскери міндеттілердің соғыс уақытында жауынгерлік даярлығын, қызметін және тәрбие-құқықтық жұмысын ұйымдастыру;

22) департаментің құрымдылық бөлімдерінің жиындарын, оқу -  жаттығуларын және машықтануларын тексеру, бақылау сабақтарын, жауынгерлік әзерлігін және іс - қимылдарға әзерлігін, кенеттен және кешенді тексерулерді жүргізу;

23) Департаменттің ұзақ сақталатын жұмылдыру ресурсының қорын жинақтауға, сақтауға, мақсаты бойынша пайдалануға бақылауды жүзеге асыру;

24) облыс аумағында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша ұсыныстар енгізу;

25) облыс аумағында босқындарды қабылдау және орналастыруды ұйымдастыру бойынша жоспар әзірлеу;

26) босқындарды қабылдау үшін лагерлер құру бойынша ұсыныстар енгізу;

27) халықты бейбіт уақытта және соғыс уақытында инженерлік, радиациалық, химиялық және биологиялық қорғау бойынша ұсыныстар енгізу;

28) Департаментің құрымдылық бөлімдерін химиялық мүлікпен, радиациялық және химиялық бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;

29) Департаменттің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу барысында өз құзыреті шегінде сәйкес ұсыныстар енгізу;

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департамент бастығына, алқа жұмысына ұсыныстар енгізу;

2) азаматтық қорғау, әскери – жұмылдыру жұмысы бойынша кеңестер өткізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және сақтауға;

4) күші бар қолданыстағы заңнамалардағы өзгерістерді қадағалауға;

5) бекітілген жұмыс құжаттар мен материалдық кұндылықтарын сақтылығын қамтамасыз етуге;

6) жүктілген лауазымдық нұсқаулықтарды сапалы және уақытылы орындауға.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру.

 

  1. Басқарма Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өздерінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері болады;
  2. ҚР ТЖМ-нің келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады;
  3. Басқарма бастығы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
  4. Осы мақсатта бастық:

1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департамент бастығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

  1. Басқарма атынан Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаментің басқа құрымдылық бөлімшелеріне жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмағанда оны алмастыратын тұлға қол қояды.

 

 

Еңгізген:

Азаматтық қорғаныс басқармасы

бастығының міндетін атқарушы  

майор                                                                         

 

 

 

 

 

А.Т. Тоғызбаев

(лауазымның атауы, әскери, арнайы атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

 

Келісілді:

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар

департаменті бастығының орынбасары

полковник                                                            

 

 

 

С.Ш. Молдакараев

(лауазымның атауы, әскери, арнайы атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

 

 

Кадр саясаты басқармасы бастығының

міндетін атқарушы

азаматтық қорғау подполковнигі                      

 

 

Ж.Т. Өндрей

(лауазымның атауы, әскери, арнайы атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

 

 

 

Заң тобының бас маманы                                    

С.С. Абсадықов

(лауазымның атауы, әскери, арнайы атағы, тегі, аты-жөні, қолы)

 

     

Таныстырылды:

Қазақстан Републикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының ЕРЕЖЕСІ
Дата публикации
21 апреля 2021