Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығы міндетін атқарушының

2021 жылғы «___» _______

№ ___ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

 Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

 

  1. Негізгі ережелер

 

  1. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма бастықтан, оның орынбасарынан, бас мамандардан, аға инженерден, техникалық нормалау тобының бас маманынан және аға инженерінен тұрады.

 

  1. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті: өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
  2. Функциялар:

1) заңнамаға сәйкес өрттің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) өрт қауіпсіздігі саласында тексерулерді ұйымдастыру;

3) Қызылорда облысы аумағындағы өрттер туралы жыл сайынғы талдау жүргізу;

4) қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдеріне өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау қызметінің тиімділігі туралы жыл сайын талдау жүргізу;

5) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

6) заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдіру;

7) ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміндегі» ақпараттық жүйелерінің аумақтық бөлімшелерде іске асырылуын үйлестіруді жүзеге асыру;

8) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беру;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні ішінара немесе толық пайдалануды тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарын жасау және сот органдарына жіберу;

10) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы материалдарды сот органдарына жолдау;

11) өрт қауіпсіздігі саласында оқыту мен насихаттауға талдау жүргізу және Департаменттің аумақтық бөлімшелері үшін ұсынымдар әзірлеу;

12) Ұйымдардың жұмыскерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту қағидаларын және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту жөніндегі оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарға ұсыныс беру;

13) өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын белгіленген тәртіпте ұсыныс беру;

14) ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық графиктерін белгіленген тәртіппен әзірлеу және жолдау;

15) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын тексеру;

16) тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің өртке қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған Департаменттің жұмыс жоспарының көрсеткіштерін қалыптастыру және міндеттерін іске асыру;

17) өрт қауіпсіздігі саласы бойынша ұйымдастырушылық-практикалық қызметі мәселелері бойынша материалдар дайындау және семинар-кеңестер өткізу;

18) өрт қауіпсіздігі саласы мәселелері бойынша, басшылық құжаттарды, ақпараттық хаттарды, сондай-ақ ірі өрттерді зерттеу негізінде ұсынымдар әзірлеу;

19) өрттерді ведомстволық есепке алу;

20) мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

21) жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру және іс-қимылын үйлестіру;

22 ) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің Алқа және облыстық ТЖК отырыстарына материалдар, ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныс беру;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

3) кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға міндетті;

5) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

  1. Басқарма Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын, іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
  2. Басқарманы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және қызметінен босатылатын бастық басқарады.
  3. Бастықтың лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Басқарма бастығы жеке құрамның функционалдық міндеттерін және өз орынбасарының өкілеттігін айқындайды.
  6. Басқарма бастығының орынбасары:

1) Өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) басқарма бастығы болмаған кезеңде, міндеттерін орындау туралы шешімімен жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) басқарма бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда Басқарма осы Ереже өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже
Дата публикации
21 апреля 2021