Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрілігі
Қызылорда облысының Төтенше
жағдайлар департаменті бастығының
2021 жылғы «___»____________
№ ___ бұйрығына
№ ____ қосымша
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
Функциялары:
1) Департаменттің ведомстволық бағынысты басқарма және бөлімдердің бюджеттік өтінімдері негізінде тиісті қаржы кезеңіне арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде бюджеттік өтінімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Функциялары:
1) Республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттың уақытылы игерілуін қамтамасыз етеді;
2) Міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерістер енгізу үшін өтінімдерді әзірлеу және ұсыну;
3) Нақты шығыстардың айқындау мақсатында міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржылық жоспарларды нақтылауды жүргізеді.
Функциялары:
1) жарты жылдық және жылдық бюджеттік есептілікті жасауды, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың бюджеттік мониторингін, дебиторлық және кредиторлық берешек туралы жедел есептерді және т.б. есептілікті құрастыруды, оларды белгіленген мерзімде жоғары орналасқан органдарға ұсынуды жүзеге асырады;
2) Министрліктің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және жүргізу (негізгі құралдар мен тауар-заттай құндылықтардың қабылдап, есептен шығару жөнінде алғашқы бухгалтерлік құжаттарды жасау, ұсынылған ақаулы актілері, материалдық жауапты тұлғалардан сараптама актілері негізінде негізгі құралдарды есептен шығаруға актілерді қалыптастыру және оларды бухгалтерлік есепте жүргізу);
3) Тылдық қамтамасыз ету тобының талап-хаттарының негізінде жеткізушілер енгізген қамтамасыз ету сомаларын Департаметтің депозиттік шотына қайтару жұмыстарын жүргізу;
4) ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша қаражатының және басқа да активтердің іс жүзінде болуын анықтау үшін әрбір материалдық жауапты тұлға бойынша жылдық түгендеу жүргізу туралы бұйрық, түгендеу тізімдемелерін жүргізу туралы бұйрық жасау және ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың, ақша қаражатының және басқа да активтердің іс жүзінде болуын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру, сондай-ақ түгендеу қорытындылары туралы Департамент бойынша хаттаманы ресімдейді;
5) қызметкерлерге материалдық көмек көрсету, жоспарлау, қаржыландыру мәселелері бойынша бұйрық жобаларын дайындау.
Функциялары:
1) құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге өз құзыреті шегінде ұсыныстар дайындайды;
2) нормативтік құқықтық актілерді және Басқармаға қатысты құқықтық актілерді дайындайды.
Функциялары:
1) азаматтық қорғау органдары жүйесінде жоспарлау және қаржыландыруды ұйымдастыру, қолданыстағы еңбекақы төлеу шарттарын қолдану және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік басшылық ету;
2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарайды.
1) Департаметтің құрылымдық бөлімшелерінен және қызметкерлерден қаржы-шаруашылық қызметі және материалдық құндылықтар мен ақша қаражатын пайдалануда мемлекеттік тәртіпті сақтау мәселелері бойынша қажетті мәліметтерді, анықтамалар мен түсіндірмелерді және жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да мәліметтерді белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
2) қолданыстағы бюджеттік заңнамаларды ұстана отырып, Департамент бастығының берілген өкілеттік шегінде қаржылық қорлармен иелік ету және екінші қол арқылы банктік, есептік және басқа да қаржылық құжаттарға қол қою;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық Қазынашылық органдарында бюджеттік және депозиттік есепшоттарды ашуға құжаттарды дайындау;
4) Департамент атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көрсетілген шаруашылық және қаржылық құжаттарға арналған мөрді қолдану;
5) басқа органдармен және ұйымдармен техникалық көмек пен ынтымақтастықты қоса алғанда, қолданыстағы жүйелер мен нысандар арқылы Департамент қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
6) орталық атқарушы органдармен, басқа да мемлекеттік органдар және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
1) Басқарма құрамына кіретін қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді.
2) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігі
________________________