Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (топ құқығындағы) туралы ереже

 

Қызылорда облысының

Төтенше жағдайлар департаменті

бастығының 2021 жылғы «15» ақпан

№ 35 бұйрығына № 6 қосымша

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Штабы (топ құқығындағы) туралы ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Штаб (топ құқығындағы) (бұдан әрі - Штаб) Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Штабтың құрылымын, штаттық санын Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің штат кестесімен анықталады.
  4. Штаб екі қызметкерлерден тұрады:

1) бас маман;

2) аға инспектор.

 

 

2-тарау. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: Департаменттің қызметін үйлестіру және басқарушылық шешімдерді әзірлеу.

Функциялары:

1) Департамент бастығына азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді дайындау және енгізу;

2) Департамент бастығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып, Департаменттің басқару қызметінің жай-күйін, оның жұмысының соңғы нәтижелеріне ықпал ету дәрежесін зерделеу;

3) Департамент қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде сөз сөйлеулері мен баяндамасын Министрліктің Алқа және жедел отырыстарына (кеңестерге) және облыс әкімдігіне дайындау;

4) Департамент жұмыстарының нәтижелері туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар мен есептік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу;

5) азаматтық қорғау органдарының қызметіне ықпал ететін Департаменттін құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпараттарды жинақтау, жалпылау;

 

6) Департаменттің регламент жобасына өзгерістерге ұсынысты дайындау және енгізу;

7) Департамент бастығының іс-шаралар графигін ұйымдастыру және қалыптастыру;

8) Департамент бастығының қолы қойылған хаттарды, нұсқауларды, бұйрықтарды келісуді жүргізу;

  1. Міндеті: Департамент жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу.

Функциялары:

1) жедел жағдайды, азаматтық қорғау органдары жұмысының нәтижелерін талдау негізінде, Департаменттін құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын ескере отырып, жобаларын әзірлеу және бекітуге енгізу:

жедел кеңестер жұмысының жоспары (тоқсандық);

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты мекемелер басшылығының аппараттық кеңесте сөз сөйлеу графиктері (тоқсандық);

2) Департамент бастығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестері қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

3) Департамент бастығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестерді ұйымдастыруы кезінде орнатылған тәртіптің және регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.

  1. Міндеті: Департаменттің қызметтік жұмыстарын бақылау жасауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департаменттің орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

2) Департаментте орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрық жобасын дайындау және өзгерістер енгізу;

3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің, жергілікті атқарушы органдардың Министрліктің Алқасының, Министр жанындағы жедел кеңестердің шешімдерін, Министрлік жоспарлары, Департамент жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің шешімдерін, Департамент жоспарлары мен басқа да директивалық құжаттарын орындау үшін іске асырылатын іс-шаралардың нақты орындалуын тексеру;

4) олардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету үшін келіп түскен тапсырмалар мен құжаттардың орындалуына бақылау мерзімдерін белгілейді, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылдау үшін Департамент бастығына уақтылы орындалмай жатқан және/немесе мерзімінде орындалмаған құжаттар туралы ақпараттық материалдар енгізеді, сонымен қатар Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің, қарамағындағы мемлекеттік мекемелер орындауындағы бақылау құжаттары бойынша аралық бақылау (салыстырып тексеру) жүргізу;

5) Департаменттегі орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аналитикалық материалдар дайындау;

6) Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг, талдау және бақылау жүргізу;

7) Департамент бастығының іс-шаралары графигіне сәйкес Министрдің отырыстарына (кеңестерге) қатысуына материалдардың, баяндамалар мен сөз сөйлеулер тезистерінің дайындалуын қадағалап үйлестіру.

  1. Міндеті: Департаменттің құрылымдық және мемлекеттік мекемелермен қызметтік жұмысын тексеруді жүзеге асыру.

Функциялары:

1) Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру, қамтамасыз ету (жылдық);

2) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріндегі ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік жұмыстарға, орындаушылық тәртіптің жай-күйіне жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ тексерістердің нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды) Департамент бастығына қарауына ұсыну;

3) жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге жоспар-тапсырма дайындау;

4) Департамент жұмыстары нәтижелерінің жай-күйі туралы әр құрылымдық бөлімшелер бойынша мәліметтер жинақтауды, талдап жүйелеуді жүзеге асырады, нәтижелері бойынша Департамент бастығына қызметтік жұмыстардағы өзгерістерге тиісті ден қою шаралары туралы ұсыныстар енгізу;

5) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін қызметтік жұмыстарының сапасын арттыруға бағытталған, оның ішінде тексерістердің қорытындылары бойынша ұсынымдар, ұсыныстар (соның ішінде төмен тұрған бөлімшелердің жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестірудегі құрылымдық бөлімшелердің рөлін зерделеу нәтижелері бойынша) әзірлеу;

6) құрылымдық бөлімшелерге бақылау (тексеру) жасауды жүзеге асыру мерзімділігінің есебін жүргізу;

7) жоспарлы, жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерінің барысында Департаменттің құрылымдық, қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің қызметтік жұмыстарынан анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтардың жойылу деңгейі мен сапасына бақылау жасау;

8) Департаменттің бұйрықтары мен нұсқауларын, Алқа, жедел кеңестердің шешімдерін, Министрліктің өзге де директивті құжаттарын орындауы барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша іс-шараларды іске асыру барысына бақылау жасауды қамтамасыз ету.

  1. Міндеті: Департамент қызметкерлерінің ел шегінде қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (тоқсандық);

2)  қызметкерлердің қызметтік іссапарларға шығуы туралы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу және Департамент бастығына енгізу, сондай-ақ іссапарға шығушылардың құжаттарын тіркеп ресімдеу;

3) Департаменттің қызметтік іссапарларға шығу жоспарының орындалуына мониторинг жүргізіп бақылау жасау;

4) Департамент бұйрығы бойынша іссапарға кеткен қызметкерлердің қызметтік іссапарлардың қорытындысы бойынша материалдардың уақтылы ұсынуына бақылау жасау;

5) жүзеге асырылған шығулар мен қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарға (есептер) олардың тиімділігіне қатысты талдау жүргізу;

  1. Штабтың құқықтары мен міндеттері:

1) құрылымдық, ведомстволық бағынысты мекемелерін құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, оның ішінде жоспарлардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың, Алқа шешімдерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы материалдарды, басқару шешімдерінің жобаларын, ақпараттық-аналитикалық және есеп беру құжаттарын әзірлеуге қажетті басқа да анықтамалық материалдарды және мәліметтерді оларға белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;

2) бақылаудағы мәселелер бойынша құжаттармен және материалдармен, оның ішінде құпиялылық режимінің, мемлекеттік және қызметтік құпиялардың сақталуын ескере отырып, тексеру іс-шараларына жататын материалдармен кедергісіз танысуға, олардың орындалуы туралы қажетті материалдарды алуға;

3) Департамент қызметтерінде және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жолдауға;

4) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының есептерін және тексеру қорытындысы бойынша (Департамент бастығының келісімімен) тыңдауға;

5) басқару шешімдерін әзірлеуге, жедел кеңестерде қаралатын материалдарды, Министрлікке жолданатын, сондай-ақ жоспарлы, жоспардан тыс, кешенді, тақырыптық және бақылау тексерістерін жүргізуге құжаттар мен ақпараттарды дайындауға Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін белгіленген тәртіпте тартуға;

6) Департамент бастығы қарауына қызметтік жұмыстарында бұзушылыққа жол берген Департамент қызметтерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінің лауазымды тұлғаларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;

  1. Штабтың міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға;

2) Министрліктің Алқа шешімдерімен және жедел кеңестерімен, сондай-ақ аппараттық кеңес хаттамасымен, Департамент және Штабтың жоспарларымен көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;

3) құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге;

 

 

3-тарау. Штабтың қызметін ұйымдастыру

 

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Штабтың өзінің негізгі тапсырмалары мен функцияларын іске асыру үшін қажетті уәкілеттіктер берілген.
  2. Штабтың жұмысын ұйымдастыратын Штаб қызметкерлері (бас маман және аға инспектор) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Департамент бастығы лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
  3. Штабтың бас маманы болмаған кезде Штабтың қызметіне аға инспектор Штабқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

 

Танысқандар: _______________________________________________

                        _______________________________________________

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Штабы (топ құқығындағы) туралы ереже
Дата публикации
20 апреля 2021