Қызылорда облысының
Төтенше жағдайлар департаменті
бастығының міндетін атқарушының 2021 жылғы «___» _____________ № ___ бұйрығына № ___ қосымшасы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің
Заң тобы туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Заң тобы (бұдан әрі - Топ) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Топтың құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі бекітеді.
- Топ Департамент бастығына тікелей бағынысты.
2-тарау. Топтың негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
- Міндеті:
Департамент қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді.
Функциялары:
- шарттардың заңнама талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған және тиісінше орындалмаған кезде әсер ету шараларының қолданылуын қамтамасыз етеді;
- заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда, Департамент пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгінеді;
- заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
- сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Департамент қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленген тәртiппен Департамент мүдделерiн бiлдiредi;
- Департаментке келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі түрде есепке алынуын және сақталуын ұйымдастырады.
- Міндеті:
Департаменттің заңнаманы қолдану практикасын қорытындылайды.
Функциялары:
- тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында Департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдайды және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Департамент құзыретiне жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк органның атынан түсiнiктеме дайындайды.
- Міндеті:
Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттайды және түсіндіреді, Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқыту ұйымдастырады.
Функциялары:
1) Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлейді, құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуға қатысады және ұйымдастырады.
- Міндеті:
нормативтік құқықтық актілердің, құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
Функциялары:
- Төтенше жағдайлар министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізеді;
- құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және Департамент бастығының тапсырмасы бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды;
- Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен әзірлеуге қатысады.
- Топтың құқықтары:
1) өз міндеттерін орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінен және құрылымдық бөлімшелерінен сұратады;
2) Департамент басшылығының келісімімен Департаменттің құқықтық мәселелері жөніндегі құжаттарын әзірлеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі іс-шаралар және Департаментте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды іске асыру үшін Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының қызметкерлерін тартады;
3) заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерінде Департаменттің аумақтық органдарына, сондай-ақ Департаменттің басқа да құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;
4) заңдарда, заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.
3-тарау. Топтың қызметін ұйымдастыру
- Топ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президенттің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен фунцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
- Топтың қызметкерлерін қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент бастығы тағайындайды және қызметтен босатады.
- Осы Ережеге сәйкес Топқа олардың қызметіне тән емес қосымша функцияларды жүктеуге тыйым салынады.
- Департаменттің бюджет қаражаты шегінде Топта оның тиімді және сапалы қызметі үшін мыналарды қоса алғанда, тиісті жағдайлар жасалады:
жеке үй-жаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдармен, құқықтық мәселелер жөніндегі мерзімді баспасөз басылымдарымен, заң әдебиетімен, сондай-ақ оқтын-оқтын жаңартылып отыратын нормативтік құқықтық актілердің электрондық қорымен қамтамасыз ету;
Топ қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру үшін тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.
- Департаментті қайта ұйымдастыру немесе тарату жағдайларын қоспағанда, Топты таратуға жол берілмейді.
_______________________