Жақында Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ширимбекұлы Ізбасаровтың қатысуымен "Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында атқарылған жұмыстар туралы" брифинг өтті. Брифинг барысында БауыржанШиримбекұлы: "2021 жылдың 20 ақпанынан бастап өрт, адам өлімі қаупін азайту мақсатындаөрт қауіпсіздігі айлығын өткізу туралы. Жылытумаусымы кезеңінде тұрғындар арасында тұрмыста электр, жылыту қондырғыларын, пештердіпайдалану және түтіндіктерді тазарту бойыншажадынамалар таратылып, үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Осыған сәйкес, жылытумаусымы кезінде Департамент қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен, полиция департаментімен, "Қызылорда еріктілері" қоғамдық қорының еріктілерімен, "Жастар ресурстық орталығы" КММ, "Волонтерлік фронт офис", "Жасотан" жастар қанатымен апта сайын өрт туындауының, адам өлімінің алдын алу, улы газбенуланудың алдын алу және тұрмыста жылытупештерін дұрыс пайдалану бойынша үгіт-түсіндіру жұмыстары жүргізді
Оған барлығы 43 668 тұрғын сектор және 158 872 адам қамтылды. Тұрмыста өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау туралы дауыс зорайтқыш құрылғылармен рейдтік іс-шара өткізді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз бастыаналарға, көп балалы аналарға ерекше көңіл бөлінді. Түсіндіру жұмыстары барысында 1187 адам қамтылды. Жылыту маусымы басталғаннан бері тұрмысы төмен азаматтарға улы газдыанықтайтын 127 датчик орнатылды
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарынтүсіндіру мақсатында БАҚмен бірге белсендіжұмыс жасалды
Бірақ, өкінішке орай, 15 наурызда Қармақшы ауданында өрт болып, нәтижесінде 4 адам қаза тапты
Осындай төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының барлық талаптарын сақтау қажеттілігі туралы алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Қызылорда облысында 2021 жылдың 26 наурызынан бастап өрт қаупі бар маусымбасталатынын хабарлағым келеді
Осыған байланысты, өрт қауіпті кезеңде орманжәне дала өрттерінің алдын алу және жоюжөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді
Бұдан әрі төтенше жағдайлардың алдын алужәне жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында өрттің алдын алу және болдырмаумақсатында тиісті мемлекеттік органдарға мәселе мен тапсырмалар қаралатын болады
Бүгінгі күні облыс бойынша 3 орман өрті тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 өртке аз.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарҚызылорда облысының орман қоры аумағында өрттің алдын алу бойынша жұмыстарды тиістідеңгейде жүргізуде".
Брифинг соңында Бауыржан Ширимбекұлы журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді
Қызылорда облысы ТЖД