Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Тексерістер бойынша
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің есебіне барлығы 6 068 объекті алынған. Оның ішінде 1 915 объекті жоғары тәуекел дәрежесіне, 4 153 объекті елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылған.
2020 жылы өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 891 объекті тексерілді, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 540 объекті, жоспардан тыс 351 объекті (бақылау бағытында 339, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 7 және арыз бойынша 5 объекті) тексерілді. Тексерулер барысында 2 288 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 592 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3 млн. 938 мың 407 теңге айыппұл салынды.
Оның ішінде: 4 жеке тұлғаға 63 мың 125 теңге, 30 лауазымды тұлға 676 мың 997,5 теңге, 55 заңды тұлға 3 млн. 233 мың 630 теңге айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 505 ескерту шарасы көрілді.
Жоспардан тыс - бақылау бағытында тексеру жұмыстарының қорытындысымен нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағымен 27 хаттама толтырылып әкімшілік сотқа жолданды. Оның 22 қанағаттандырылып, 7 млн 750 мың 900 теңге көлемінде ақшалай айыппұл салынды 5 әкімшілік іс қараусыз қалдырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған
жұмыстар бойынша
Есепті кезеңде БАҚ арқылы 3 449 рет материал жарық көрді:
теледидар арқылы 101 сұхбат;
газет - журналдарда 315 мақала;
радио және дауысзорайтқыш арқылы 3 033 хабар берілді.
БАҚ өкілдерін шақырып өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 18 брифинг өткізілді. Департамент қызметкерлерімен 87 895 тұрғын үй сектордың 371 882 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 3 455 тұрғынның қатысуымен 145 рет жиын өткізілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен 16 дөңгелек үстел өткізілді.
Қаза болу мен жарақаттанудың алдыналу мақсатында, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту, өрт кезінде дұрыс әрекет етуі бойынша жалпы білім беру орындарында слайд пен бейнероликтерді пайдалана отырып 18 интерактивті сабақ өткізіп, 15 603 оқушыны қамтыған.
Басты назар әлеуметтік тәуекел топтарына аударылуда. Сонымен тұрғылықты жерлері бойынша 2 815 рейд жүргізіліп, 12 239 адам қамтылған.
Яғни 1 311 тұрмысы нашар отбасылар араланып, 5 186 адам қамтылды, 1 051 көп балалы отбасылар араланып, 6 070 адам қамтылды, 453 зейнеткерлердің отбасылары араланып, 983 адам қамтылды.
Департамент тарапынан ұйым қызметкерлеріне 218 рет нұсқаулық жүргізіліп 1908 адам қамтылған.
Өрттер бойынша
Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2020 жылы облыс бойынша 603 өрт оқиғасы орын алды.
Материалдық шығын 51 млн. 654 мың 480 теңгені құрады.
603 өрт оқиғасын саралағанда:
1) объектілерде - 51 өрт, шығын – 2 986 480 теңге;
2) тұрғын үй секторда – 371 өрт, шығын – 35 310 000 теңге;
3) автокөліктерде – 125 өрт, шығын – 1 800 000 теңге;
4) дала және орман өрті – 48 өрт, шығын – 9 058 000 теңге;
5) егістік алқаптарда – 1 өрт, шығын жоқ;
6) басқа да өрт – 7 өрт, шығын жоқ.
Өрт оқиғасынан 8 адам қаза болды. Жарақат алғандар саны 10 адам.
Жыл басынан көмірқышқыл газынан 2 адам жарақат алып ауруханаларға жатқызылған.
Өрт сөндіру бекеттері бойынша
«Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімі бекіткен «2021-2025 жылдары Қызылорда облысы көлемінде мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру туралы» жоспарына сәйкес 10 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда.
2018 жылы 5 өрт сөндіру бекеті құрылды.
2019 жылы 6 өрт сөндіру бекеті құрылды:
2020 жылы 4 өрт сөндіру бекеті құрылды:
Облыс бойынша 2018 жылға дейін 6 өрт сөндіру бекеттері, 2018-2020 жылдарға арналған кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру туралы Жоспарына сәйкес 15 және 2019 жылы жоспардан тыс Қазалы ауданының Алға ауылдық округі Түктібаев ауылында 1 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Қазіргі таңда жалпы 22 өрт сөндіру бекеті құрылды.