Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының 2020 жылғы 3 айында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
Тексерістер бойынша
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің есебіне барлығы 6 247 объекті алынған. Оның ішінде 2 058 объекті жоғары тәуекел дәрежесіне, 4 189 объекті елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылған.
2021 жылғы 3 айында өрт қауіпсіздігі саласы бойынша 433 объекті тексерілді, оның ішінде: ерекше тәртіп бойынша 239 объекті, жоспардан тыс 194 объекті (бақылау бағытында 190, прокуратура органдарының тапсырмасы бойынша 4 объекті) тексерілді. Тексерулер барысында 1 058 тармақты құрайтын өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталды.
Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзған 208 жеке және заңды тұлғаға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 342 мың 747,5 теңге айыппұл салынды.
Оның ішінде: 7 лауазымды тұлға 196 мың 897,5 теңге, 4 заңды тұлға 145 мың 850 теңге айыппұл салынып әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 197 ескерту шарасы көрілді.
Жоспардан тыс - бақылау бағытында тексеру жұмыстарының қорытындысымен нұсқама талаптарын орындамағаны үшін мекеме басшыларына ҚР ӘҚБтК 462 бабы 3 тармағымен ағымдағы жылы хаттама толтырылған жоқ.
Бұқаралық ақпарат құралдарында атқарылған
жұмыстар бойынша
Есепті кезеңде БАҚ арқылы 850 рет материал жарық көрді:
теледидар арқылы 26 сұхбат;
газет - журналдарда 93 мақала;
радио және дауысзорайтқыш арқылы 731 хабар берілді.
БАҚ өкілдерін шақырып өрт қауіпсіздігі тақырыбы бойынша 6 брифинг өткізілді. Департамент қызметкерлерімен 47 308 тұрғын үй сектордың 162 925 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілген, 983 тұрғынның қатысуымен 56 рет жиын өткізілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен 2 дөңгелек үстел өткізілді.
Қаза болу мен жарақаттанудың алдыналу мақсатында, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өрт қауіпсіздігі шараларын оқыту, өрт кезінде дұрыс әрекет етуі бойынша жалпы білім беру орындарында слайд пен бейнероликтерді пайдалана отырып 3 интерактивті сабақ өткізіп, 738 оқушыны қамтыған.
Басты назар әлеуметтік тәуекел топтарына аударылуда. Сонымен тұрғылықты жерлері бойынша 523 рейд жүргізіліп, 2 338 адам қамтылған.
Яғни 128 тұрмысы нашар отбасылар араланып, 581 адам қамтылды, 278 көп балалы отбасылар араланып, 1 407 адам қамтылды, 117 зейнеткерлердің отбасылары араланып, 350 адам қамтылды.
Департамент тарапынан ұйым қызметкерлеріне 22 рет нұсқаулық жүргізіліп 399 адам қамтылған.
Өрттер бойынша
Жүргізіліп жатқан барлық профилактикалық жұмыстарға қарамастан 2021 жылғы 3 айында облыс бойынша 99 өрт оқиғасы орын алды.
Материалдық шығын 1 млн. 178 мың 960 теңгені құрады.
99 өрт оқиғасын саралағанда:
1) объектілерде - 7 өрт, шығын – 1 058 960 теңге;
2) тұрғын үй секторда – 65 өрт, шығын – 120 000 теңге;
3) автокөліктерде – 24 өрт, шығын жоқ;
4) басқа да өрт – 3 өрт, шығын жоқ.
Өрт оқиғасынан 9 адам қаза болды. Жарақат алғандар саны 9 адам.
Жыл басынан көмірқышқыл газынан 6 адам оның ішінде 2 адам ересек 4 кәмелет жасқа толмаған балалар.
Өрт сөндіру бекеттері бойынша
«Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығын іске асыру мақсатында 2018 жылғы 20 желтоқсанда Қызылорда облысының әкімі бекіткен «2021-2025 жылдары Қызылорда облысы көлемінде мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өрт сөндіру бекетін кезең-кезеңімен құру туралы» жоспарына сәйкес 10 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда.
2018 жылы 5 өрт сөндіру бекеті құрылды.
2019 жылы 6 өрт сөндіру бекеті құрылды:
2020 жылы 4 өрт сөндіру бекеті құрылды:
Облыс бойынша 2018 жылға дейін 6 өрт сөндіру бекеттері, 2018-2020 жылдарға арналған кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру туралы Жоспарына сәйкес 15 және 2019 жылы жоспардан тыс Қазалы ауданының Алға ауылдық округі Түктібаев ауылында 1 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Қазіргі таңда жалпы 22 өрт сөндіру бекеті құрылды.