Азаматтық қорғаныс бөлімінің 2020 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына сәйкес жүргізілуде.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 258 бұйрығына сәйкес, облыс әкімінің 2019 жылғы 20 қазандағы № 89Ө - 203/39қ өкімімен қайта әзірленіп бекітілген Қызылорда облысының Азаматтық қорғаныс жоспарына 2020 жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша түзетулер мен толықтырулар енгізілді.
Сондай-ақ Қызылорда облысының жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жоспарына 2020 жылға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс күні:
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 29-5/428-И хатына сәйкес, «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шараларының» жоспарын әзірленіп, бекіттілді.
Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлерімен орта білім беру ұйымдарының оқушыларымен (№ 218, № 120, № 189, № 178, № 175, № 267 орта мектептерде, "Абылайхан", "Жас өркен", "Ұлағат" және "Болашақ" колледждерінде) "Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының және басқа да ТЖ алдын алу мен жоюдың нормативтік құқықтық актілерінің негізгі ережелерін, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету туралы жеке қорғаныс құралдарын (СИЗ) пайдалана отырып ашық сабақтар өткізді. Сондай-ақ "Баршаның назарына!" дабылын алған кезде халықтың іс-қимылы бойынша бейнероликтер көрсетілді. Әртүрлі санаттағы халық арасында азаматтық қорғаныс іс-шаралары мен төтенше жағдайдағы іс-қимыл бойынша үнпарақтар таратылды.
2020 жылғы 28 ақпанда Қызылорда облысы Білім басқармасының "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығында қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары мен мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдеріне Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне байланысты «Азаматтық қорғаныс және әрбір үйде алғашқы көмек» ұранымен интерактивті сабақ өткізілді. Интерактивті сабаққа барлығы 92 мектептің 6826 оқушысы мен 243 мұғалімі қатысты.
2020 жылғы 2 наурызда «ӨСжАҚЖҚ» ММ-нің ЖҚЖ ауласында "Абылайхан", "Жас өркен", "Ұлағат" және "Болашақ" колледждерінің оқушыларына «Азаматтық қорғаныс және әрбір үйде алғашқы көмек» ұранымен Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған ашық есік күні ұйымдастырылып, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты құрылымдық бөлімдерінің төтенше жағдайлар кезіндегі авариялық-құтқару жұмыстары бойынша көрнекі қойылым көрсетілді. Сондай-ақ құрылымдық бөлімдер арасында воллейбол жарысынан ткрнир өткізілді.
Халықаралық Азаматтық қорғаныс күніне арналған мерекелік іс-шаралар бойынша ақпараттық мәліметтер дайындалып, барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланды.
«Жоспарлау, оқу-жаттығуларды өткізу және халықты оқыту»:
Ақпарат ретінде: ҚР ІІМ ТЖК-і төрағасының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 29-5/656-И хатына сәйкес, наурыз айынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде барлық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізуді, сондай-ақ сабақтар мен семинарларды ерекше өкімге дейін тоқтатылған.
ТЖ жағдайларындағы Департаменттің құтқару бөлімдерінің іс - әрекетінің деңгейін жоғарлату мақсатында, Республикалық командалық - штабтық авариялық - құтқару жұмыстары бойынша «Көктем - 2020» оқу жаттығуы өткізілді.
Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы №04/1-8/266 «Қызылорда қаласының және аудандар аумағында облыстық командалық – штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі» ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, ағымды жылдың 27 қаңтар мен 5 ақпан аралығында «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Жаңақорған және Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласында командалық – штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында талдау жасалынып, орындау мерзімдері бекітілді және қорытындысы бойынша анықтама ҚР ІІМ ТЖК Азаматтық қорғаныс басқармасына және облыс әкіміне жолданды.
«Қызылорда облысының азаматтық қорғау күштерін басқару органдарын даярлау жөніндегі іс-шаралар» жоспарына сәйкес, Департаменттің аумақтық бөлімдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2020 жылдың 9 ай қортындысы бойынша Қызылорда облысының аумағында 215 оқу-жаттығу өткізілді:
- 10 - командалық-штабтық жаттығу;
Республикалық курста оқыту бойынша:
«2020 жылы Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарының басшы құрамы мен мамандарын даярлықтан өткізу жоспарына» сәйкес, 2020 жылы бүгінгі күнге дейін Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында 10 қызметкер даярлықтан өтуі жоспарланған, алайда еліміздегі карантин шараларына байланысты оқу онлайн режимінде өткізіліп, 2 қызметкер оқытылды (ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағалары санаты бойынша Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Бакиров Е.А. және Бұқаралық ақпарат басшылары санаты бойынша "Жалағаш жаршысы" газетінің редакторы Батырбек А.Ж).
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс саласы бойынша сабақтар өткізілді:
- көшпелі әдіспен 40 адам оқытылды;
- статционарлық әдіспен 180 адам оқытылды.
«Аумақты және халықты қорғау бойынша іс-шаралар»:
Қатты әсер ететін улы заттардың халыққа қауіп-қатер тудыруына байланысты облыс аумағындағы орналасқакн химиялық қауіпті объектіні («Қызылорда су жүйесі» МКК) ауыз суды залалсыздандыру үшін басқа да қауіпсіз реагенттерді пайдалануға Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте № 29-17-11/05-74 қбпү санды хатымен ұсыныс берілді.
Сондай-ақ азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктеріне (газқағар, қосымша патрон, радиометр, дозиметрлік және химиялық барлау прибор) талдау жасалынып, "Азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 260 бұйрығына сәйкес, ықтимал радиациялық, химиялық, бактериологиялық ластануы аймақтарының шекараларындағы тұратын халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге газқағарлар қажеттілігін есептеп, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте № 29-17-11/05-72 қбпү санды хатымен ұсыныс берілді.
2019 жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп 1800 дана газқағар сатып алынса, 2020 жылы облыстық бюджеттен 105 млн теңге бөлініп 4690 дана газқағар алынды.
Қызылорда облысы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (әрі қарай КҚГҚ) табиғи ошағында орналасқан. Облыс көлемінде КҚГҚ алдын алу мақсатында, жыл сайын облыс әкімінің өкімімен іс-шара жоспары, облыстық жұмысшы тобы, қолайсыз елді мекендер тізімі бекітіліп, тиісті ведомствалармен біріккен түрде тығыз байланыста жұмыс жасалуда. 2020 жылы КҚГҚ қолайсыз елді-мекендердің тізімі өзгеруіне байланысты облыс әкімінің 31.01.20ж №157 Қаулысымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда, КҚГҚ алдын-алу іс-шаралар аталған Қаулыға сәйкес атқарылуда. Сонымен қатар, облыс әкімімен бекітілген (№01/2-2/898 от 11.02.2019ж) «Қызылорда облысы аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы әрекет ету алгоритміне» сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Қызылорда облысында 2020 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (әрі қарай КҚГҚ) ауруынан 117 елді мекен қолайсыз болып анықталды (2019 жылы-123 е.м.), қолайсыз елді мекендерде індеттің алдын алу мақсатындағы іс-шаралар көктем және күз айларында (кенелердің белсенділігі жоғары айларда) алдын ала және шұғыл профилактика типі бойынша жүргізіледі. Осыған орай, КҚГҚ ауруынан қолайсыз болып анықталған елді мекендерде көктем және күзде мал басын, мал қоралары мен буферлік аймақтарды кенеге қарсы залалсыздандыру, дәрілеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 2019 жылы 214 млн 501 мың теңге, қолайсыз елді мекендер төңірегінде санитарлық-қорғаныс аймақтарын заласыздандыруға республикалық бюджеттен 61 млн 895 мың теңге қаражат бөлінді. 2020 жылы облыстық бюджеттен мал қоралар, мал басы, буферлік аймақтарды кенеге қарсы өңдеуге 172 млн, республикалық бюджеттен санитарлық-қорғаныс белдіктерін құруға 72 млн 299,2 теңге бөлінді.
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы КҚГҚ-ның табиғи ошақтарында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге 3 эпидтоп құрылған. Залалсыздандыру жұмыстары ГАЗ-53, УАЗ және ГАЗ-33088 «Егерь» арнайы автокөліктер, құрғақ дезпрепараттарды шашатын 3 АДП агрегаттары және 8 аспалы роторлы аппараттар арқылы жүргізіледі. Мамандар арнайы қорғаныс киімдермен, тиісті құрал-жабдықтармен және координаттарды нақты анықтау мақсатында GPS навигаторымен толық қамтамасыз етілген.
Биылғы жылы 117 қолайсыз елді мекендер төңірегінде санитарлық-қорғаныс аймақтарын құруға 43,75 кв.м жер, 0,66 шаршы километр буферлік аймақтар, 2642412 ш.м (қора саны-34953) қора және барлығы 541657 мал басы (мүйізді ірі қара-206190, уақ мал-335467) дәріленді. Залалсыздандыру жұмыстарына ветеринария басқармасымен ұсынылған – Креолин Х 5,0% препараты қолданылды.
Көктемгі маусымдық кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының тиімділігі санитарлық-қорғаныс аймақтарында 97,9 пайызды құрады, мал қораларды өңдеу тиімділігі -96,6, мал басын өңдеу тиімділігі -95,9 пайызды құрады.
Облыс көлемінде күзгі маусымдық жұмыстар 2020 жылдың 21 тамызынан Арал, Қазалы аудандарында басталды. Бүгінгі таңда бұл жұмыстар Қармақшы, Жалағаш аудандарында жүргізілуде.
Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау:
«Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы №190 бұйрығының 6.1 тармағы және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 209 бұйрығының 6.1 тармағына сәйкес және ҚР 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 147-бабының 1-тармағы негізінде азаматтық қорғаныс санаттарына жатқызылатын ұйымдары мен облыстық азаматтық қорғау қызметтері жоғары тәуекел дәрежесіне жататындықтан жоғарыда аталған бұйрыққа сәйкес жыл сайын тиісті есебі әр жылдың 1 - 10 қараша аралығында тапсырылуы қажет. Алайда осы көрсетілген мерзімде жоғарыда аталған мекемелердің есептері тапсырылмаған жағдайда талдау жасалынып тексеру тізіміне енгізіледі. Тексеру тізімі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітіледі. Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2020 жылғы І жартыжылдыққа арналған тізіміне сәйкес тексеру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №31 және ҚР Ішкі істер министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы №758 бірлескен бұйрығының критерийлеріне сәйкес жүргізіледі. 2020 жылдың І жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне 12 объект жоспарланған. Барлық тексерілген объектілерде бұзушылықтар анықталып, бұзушылықты жою туралы ұйғарымдама берілді. 2020 жылғы ІІ жартыжылдығына 6 объекті жоспарланған. Қазіргі таңда барлық аталған объектілерге хабарлама берілді.
«2020 жылғы суға шомылу маусымы» бойынша іс-шаралар:
Департаменттің және оның бөлімшелерімен 2020 жылдың басынан азаматтардың суда қауіпсіздік шараларын сақтау бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.
Атап айтқанда, 2020 жылғы 13 сәуірде Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ә. Ахметпен 2020 жылғы суға шомылу маусымында облыс су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру бойынша кешенді жоспар бекітілді.
«2020 жылғы суға шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздік шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал - лейтенант Е. Тургумбаевтың 2020 жылғы 26 ақпандағы №166 бұйрығын басшылыққа ала отырып 2020 жылғы 24 сәуірде Департамент бастығының «2020 жылғы жазғы суға шомылу маусымы кезеңінде Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында үгіт – насихат жұмыстарын ұйымдастыру туралы» № 71 бұйрығы шықты.
Шомылу маусымы кезеңінде судағы төтенше жағдайларға ден қою үшін Департаменттің жедел-құтқару жасағының күштері (54 сүңгуір маман) мен құралдары (18 бірлік техника, ілмелі моторлар – 16 дана, 29 жүзу құралдары: катерлер – 5 бірлік, темір қайық – 6 бірлік, пластикалық қайық – 2 бірлік, үрлемелі қайық - 16 бірлік) әзірлікке келтірілді. Жедел-құтқару техникалары, жүзу құралдары, сүңгу құрал-жабдықтары, сондай-ақ жеке құрамның жабдықтарды, құтқару құралдарын (құтқару шеңберлері және кеудешелер, «Александров жібі») пайдалануға дайындығы тексерілді.
2020 жылдың басынан бері оқу орындарымен «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында 21 онлайн сабақ өткізілді.
Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері Аудандық білім бөлімдерінің басшыларымен «Суға шомылу маусымында облысымыздың су айдындарында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау» туралы видеоселекторлық режимде дөңгелек үстел өткізілді және Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мен Жедел құтқару жасағының қызметкерлері бірлесіп, "Суға шомылу маусымында қауіпсіздік ережелерін сақтау" тақырыбында қалалық білім беру мекемелерінің басшылары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары арасында ("ZOOM" арнайы бағдарламасы арқылы) онлайн түсіндірме жұмыстарын жүргізді және осы тақырыпта туындаған сұрақтарға жауап берілді. Аталған іс-шара барысында 44 мектеп қамтылды.
Бұқаралық ақпарат құралдарымен әлеуметтік желілерінде (Фейсбук, инстаграм, вконтакте) 219 рет бейнероликтер жарияланды.
Судағы төтенше жағдайдың алдын алу және судағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында, жергілікті телеарналарда Департамент басшылығымен 23 рет сұхбаттар беріліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барлығы 47 мақала жарияланды, жергілікті радио арқылы және адамдар көп шоғырланатын орындарда радио рубкалар арқылы 824 хабарлама жасалды.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Облыс аумағынан өтетін Сырдария өзені жағалауы және қала, аудан аумағында орналасқан су айдындарында тұрғындарға, әсіресе жастар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жауапты сала мамандарын тарта отырып (қалалық полиция басқармасы, БАҚ-өкілдері), күнделікті бекітілген кестелерге сәйкес күнделікті 15:00-20:00 ге дейін рейдтік іс - шаралар өткізеді және жедел құтқару жасағының құтқарушылары қала аумағындағы халықтың суға шомылатын дағдыланған орындарында (Жаңа көпір аумағы, «Мерей» м/а, 3-ірілендірілген квартал аумағы) күнделікті 14:00-21:00 ге кезекшілік ұйымдастырылуда.
Қызылорда облысы аумағындағы су айдындарында балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаларды болдырмау, су айдындарында қауіпсіздікті сақтау бойынша профилактикалық 865 рейд (29 сәуір – 13 тамыз аралығында) жүргізді. Аталған іс-шараларда барлығы 6611 дана жадынама таратылды. Облыс бойынша 2484 қызметкер профилактикалық рейдке жұмылдырылып, 6611 тұрғынға (оның ішінде 2589 жасөспірім) түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сондай – ақ балалардың қауіпсіздігі үшін мектептердің онлайн сабақтарында және Уатсап (WhatsApp) мессенджеріндегі чаттарда ата-аналар мен балаларға судағы қауіпсіздік ережелері және судан абай болу керектігі жөнінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникация қызметінде Департамент басшылығының қатысуымен 2020 жылғы суға шомылу маусымын кезеңі бойынша 12 брифинг өтті.
Жылжымалы мобильді ескерту пунктінің көмегімен тұрғындар жаппай шоғырланған жерлерде тұрғындарға су объектілеріндегі қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілуде.
Алайда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан Облыстың су айдындарында, әсіресе, Сырдария өзенінде жылда азаматтардың әртүрлі себептермен бақытсыз жағдайларға ұшырауы, оның ішінде жаз айларында суға шомылу кезеңінде олардың санының өсетіні өздеріңізге мәлім.
Ал ағымдағы жылы су айдындарында 27 оқиға тікелді (2019 жылы – 25 адам оның 9 жасөспірім) онда 30 адам оның ішінде 11 жасөспірім қайтыс болды.
- 5 адам балық аулау кезінде;
- 3 адам (оның 1 жасөспірім) - белгісіз жағдайлар кезінде (қалқып жүрген денесі табылған);
- 4 адам (оның 3 жасөспірім) – бақытсыз оқиға (арыққа құлау, атпен каналды кешіп өту кезінде);
- 18 адам (оның 7 жасөспірім) – суға түсуге арналмаған орында суға шомылу кезінде батып кеткен.
Соңғы 3 жылда облыс су айдындарында адам қаза болған төтенше жағдайлар
|
Қала, аудандар |
2018 жыл |
2019 жыл |
2020 жыл |
|||
|
Суда қаза болған/ бала |
Құтқа-рылған/бала |
Суда қаза болған/ бала |
Құтқа-рылған /бала |
Суда қаза болған/бала |
Құтқа-рылған/бала |
|
|
Қызылорда қаласы |
11/4 |
1/0 |
10/6 |
1/0 |
12/4 |
2/0 |
|
Арал |
0/0 |
18/1 |
2/0 |
5/0 |
4/0 |
- |
|
Қазалы |
2/0 |
- |
- |
- |
2/0 |
- |
|
Қармақшы |
4/3 |
- |
3/2 |
- |
3/2 |
- |
|
Жалағаш |
0/0 |
- |
1/0 |
- |
2/2 |
- |
|
Сырдария |
1/0 |
- |
2/1 |
- |
3/2 |
- |
|
Шиелі |
1/0 |
- |
2/0 |
- |
3/1 |
- |
|
Жаңақорған |
3/1 |
- |
6/1 |
- |
1/0 |
- |
|
Барлығы |
22/8 |
19/1 |
26/10 |
6/0 |
30/11 |
2/0 |
2020 жылы облыс аумағындағы су айдындарында суға кету жағдайының:
|
Су айдындары |
жағдай |
|
Сырдария өзенінде |
13 |
|
канал |
6 |
|
көл |
4 |
|
Кіші Арал теңізі |
2 |
|
арық |
1 |
|
жасанды су қоймасында |
1 |
Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады.
Атап айтсақ:
- өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі;
- балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
- спирттік ішімдік ішіп суға түсуі;
- балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі және олардың жүзе білмегендігі қайғылы оқиғаларға әкеліп соқтыруда.
Сонымен қатар, ұжымдар мен оқу орындары жастарының жаз айларында табиғатқа шығып демалыстарын өзен мен көлдердің жағасында ұйымдастыруы соңғы жылдары көптеп орын алуда және осындай кейбір демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 364 (жалпы суды пайдалану ережесін бұзу) бабын бұзу бойынша рейдтер мен партульдеулер жүргізу кезінде Полиция департаменті қызметкерлерімен 17 азаматқа ескерту шарасы көрілді.
Сондай ақ профилактикалық рейд барысында заңсыз балық аулаған тұрғынға Кодекстің 383-бабының (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 1-ші бөлігімен Балық шаруашылығы инспекциясы қызметкерлерімен 16 азаматқа он есептік көрсеткіш (444480 теңге) мөлшерiнде айыппұл және 3-ші бөлігімен 4 азаматқа жиырма есептік көрсеткіш (222240 теңге) мөлшерiнде айыппұл салынды.
Сондай ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі-Кодекс) 364 (жалпы суды пайдалану ережесін бұзу) және 440 (Алкогольді ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу), Кодекстің 412 (Су айдындарда қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау) бабтарын қолдану бойынша жұмыстар белсендірілуде.
Облыс су айдындарында 64 суға шомылуға қауіпті учаскі белгіленген, бұл учаскілерде 201 ескерту тақтайшасы орнатылған.
Анықтамалық:
Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан.
Облыс бойынша 3 жұмыс жасайтын жағажай тіркелген. Бір жағажай Шиелі кентінде болса, қалған екеуі Қызылорда қаласының аумағындағы Арай мөлтек ауданы мен Белкөл кентінің маңында орналасқан. (Аталған жағажайларда адамдардың өлімі фактілері тіркелген жоқ.)
Бұл жағажайлар жеке меншігінде болғандықтан, кіру ақысы бар (шамамен ересектерге 2000 тенге, балаларға – 1000 тенге), сондықтан тұрғындар суға түсуге арналмаған орында суға түсуге мәжбүр.
2020 жылғы 29 мамырдағы облыс әкімі төралығымен өткен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссия отырысы хаттамасының 2 - тармағының 1) тармақшасында Қызылорда қаласы және аудан әкімдеріне берілген (судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 ай мерзімде коммуналдық жағажайлар ашу бойынша шараларды ұйымдастырып, нәтижесі баяндалсын;) тапсырма әрбір аудан, қала орталығында тұрғындардың суға түсуге дағдыланған жерлерінен маусымдық коммуналдық жағажайларды ашу мәселелері шешімін тапай келеді.
Терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын
талаптар бойынша:
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі -Департамент) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.Ахметтің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 4796 тапсырмасына сәйкес «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 1217 және «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулылары мен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығы отырысының 2020 жылғы 11 сәуірдегі № 31 хаттамасының тиісті тармақтарын орындау мақсатында Департаменттің және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мемесі мен бағынысты өрт сөндіру бөлімшелерінің ғимараттарын терроризмге қарсы қорғалу құрал-жабдықтарымен (таранға қарсы құрылғы; автокөлік және келушілерді тексеріп-қарау жабдығы; қолсөмкелер мен жүктерді тексеріп-қарау жабдығы және т.б.) қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 178 миллион 326 мың теңге көлемінде қаражат қажеттілі жөнінде Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасына тапсырыс хаттар жолданды.