Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру мен жүргізу«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының және «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы № 190 бұйрығына сәйкес жүргізілуде.
2021 жылы 6 қаңтардағы жағдай бойынша Қызылорда облысының Азаматтық қорғаныс жоспарына түзетулер енгізілді.
Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындауына байланысты, Қызылорда облысы әкімінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы №02-6/132 «Қызылорда қаласының және аудандар аумағында облыстық командалық – штабтық оқу жаттығуының іс-шараларын дайындау және өткізу жөніндегі» ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, ағымды жылдың 18 мен 28 қаңтар аралығында «Елді мекендер мен аумақты Сырдария өзенінде сең жүру кезінде су алу қаупі туындаған немесе су алған кезінде басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарының іс-қимылы» тақырыбында аудандар мен Қызылорда қаласында командалық – штабтық оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығу барысында жіберілген кемшіліктерді қалпына келтіру мақсатында талдау жасалынып, орындау мерзімдері бекітілді және қорытындысы бойынша анықтама облыс әкіміне жолданды.
Республикалық курста оқыту бойынша:
Азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталығында оқыту бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспары 100% орындалды. Жоспарланғаны10 қызметкер, оқытылғаны 10. Оның ішінде: ЖАО - 2 қызметкер, ТЖД - 8 қызметкер.
Департамент базасында әртүрлі санаттар бойынша 81 тындаушы (онлайн) оқытылды. Жоспарланғаны 80 тындаушы.
Оның ішінде:
- көшпелі әдіспен 0 адам;
- статционарлық әдіспен 81 адам оқытылды. («Алғашқы әскери дайындық» және «Тыныс-тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәндері бойынша оқу орындарының оқытушылары - 48, «Волонтерлық ұйымдардың (топтардың) басшылары мен үйлестірушілер – 33»).
Оқу-жаттығулар:
2021 жылы Қызылорда облысында азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бойынша өткізілетін оқу-жаттығулар жоспарының орындалуы бойыншаоблыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуына байланысты және Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің(2021 жылғы 1 ақпандағы № -33-7/153 және 8 сәуірдегі № -33-7/773 ) хаттарына сәйкесоқу-жаттығулар өткізілген жок.(2021ж жоспарланғаны -371оқу-жаттығу.2020 ж жоспарланып өткізілгені - 234).
Ақпарат ретінде:ҚР ІІМ ТЖК-і төрағасының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 29-5/656-И хатына сәйкес, наурыз айынан бастап адамдар көп жиналатын жерлерде барлық оқу-жаттығулар мен жаттығуларды өткізуді, сондай-ақ сабақтар мен семинарларды ерекше өкімге дейін тоқтатылған.
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні:
Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ҚР Төтенше жағдайлар министірлігінің 2021 жылғы 23қаңтардағы№ 17-1/346-И хатына сәйкес, "Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне байланысты ақпараттық үгіт-насихат іс-шараларының" айлық жоспарын әзірленіп, бекіттілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес:
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен "Дарын" облыстық қосымша білім беру орталығында қалалық, аудандық білім бөлімдеріне қарасты білім беру ұйымдары мен мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдерінеонлайн интерактивті сабақтар жүргізілді. Интерактивті сабаққа барлығы 47 мектептің 1389 оқушысы мен 156 мұғалімдері қатысты.
Сондай ақ "Азаматтық қорғаныс саласындағы үздік мектепті" анықтау үшін Облысымыздың мектептері арасында бейнеролик байқауы өткізілді.
«АРТ-Тренинг» сурет салу шеберлік сағаты өткізіліп, Қызылорда қаласының 13 мектебінен 18 оқушы қатысты.
Қызылорда қаласы мектептерінің жас мамандары арасында әскери-спорттық байқауы өткізілді. Әскери-спорттық байқауға Қызылорда қаласының 3 - үздік мектептерінің жас мамандары қатысты.
Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлерімен оқу орындарының мұғалімдеріне онлайн сабақтар өткізілді. Сабаққа барлығы 48 адам қатысты.
Сондай ақ "Ұлттық экономиканы сақтау үшін мықты азаматтық қорғаныс" ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған бейнероликтер әзірленді және Облыс бойынша Азаматтық қорғаныс күніне арналған тақырыптық баннерлер орналастырылды.
Құтқарушылардың тәжірибелік іс-қимылдарын көрсету мақсатында«Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Іс- шараға Қызылорда облысының волонтерлар фронт офисының еріктілері мен студенттер, оқушылар белсене қатысты. Ашық есік күнінде келушілер өрт сөндіру қызметінің негізі және арнайы техникаларымен танысты.
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғын үй секторына Азаматтық қорғаныс саласы бойынша үгіт-насихат іс-шараларын жүргізді.
Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастырумен басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру тақырыбында санитарлық талаптарды сақтай отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерімен дөңгелек үстел өтті.
«Аумақты және халықты қорғау бойынша іс-шаралар»:
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік кіші жүйесінің аумақтық жүйесін химиялық және радиациялық қауіпті объектілердегі аварияларға ден қоюға әзірлігін арттыру мақсатында, Қызылорда облысында (материалдар қосымша ұсынылады) мүмкін болатын жағдайға талдау жүргізіп (ең нашар сценарий бойынша), әр бір қауіпті объектіге ұйымдастырушылық-жоспарлаушы және картографиялық құжаттары (түсіндірме жазбасымен) әзірленіп, ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әсери бөлімдер комитетіне жолданды.
«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі жоспары» бекітілді. 2021 жылғы облыс бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына (бұдан әрі-КҚГҚ)«қолайсыз» аймақ ретінде 113 елді мекен болып анықталды.Қазіргі таңда, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын алдын алу бағытында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүруде.
Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау:
Азаматтық қорғаныс басқармасы 2021 жылдың І жартыжылдығына Азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне)бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне 6объект енгізді. 6 объектінің 5-мемлекеттік кәсіпорын, 1-жеке кәсіпкерлік субъект.
2021 жылғы 3 айының қортындысымен І жартыжылдыққа жоспарланған6объектінің 6 объектісінен 85(64-өрескел, 15-елеулі, 6-болмашы)бұзушылықтар анықталып,бұзушылықты жою туралы ұйғарымдама берілді.
І жартыжылдыққа жоспарланғанпрофилактикалық бақылау 100% орындалды.
5жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 4 объекті ұйғарымдама талаптарын тиісінше орындаған, 1 объекті- («Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ)Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотының 2021 жылғы 31 наурыздағы №4336-21-00-3/49 қаулысымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 204 190теңге айыппұл салынды.
Қазіргі уақыттаҚызылорда облысы аумағында вакцинациялаудан20000 мың адам өтті. Оның ішіндеДепартамент қызметкерлерін COVID-19 коронавирустық індетке қарсы вакцинациялау жүргізілуде. Атап айтқанда881 қызметкердің570 қызметкері (64,6%) вакцинациялаудан өтті.
Анықтама ретінде: Коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқастар саны – 4044 адам. Емделіп шыққаны – 3905 адам. Оның ішіндеТЖД қызметкерлер саны 4. Оның 2 қызметкері қазіргі таңда жұмысқа қосылды. Ал 2 қызметкер үй жағдайында ем алуда.
2021 жылғы 2 сәуірден бастап Қазалы ауданында коронавирустық инфекциясы қызметкерлердің арасында анықталуына байланысты, қазіргі таңда Қазалы ауданы № 9 өрт сөндіру бөлімі және № 15 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 14 тәуліктік вахталық әдіспен жұмыс жасау режиміне көшірілді.
Қызылорда облысы ТЖД материалдық – техникалық жабдықтау
Дозиметр – радиометр – 4 дана
Жеке дозиметр – 10 дана
Дозаның қуат өлшегіші (тасмалды) (измеритель мощности дозы (носимый) – 2 дана
Әскери химиялық барлау аспабы (воисковой прибор хим. Разведки) – 1 дана.
Газталдағыш (газоанализатор) – 1 дана.
Портативті компрессор (портативный компрессор) – 1 дана.
Ауа тыныс алу аппараты (воздушный дыхательный аппарат) – 1 дана.
Портативті газталдағыш (портативный газоанализатор) – 1 дана.
Жүрек-өкпе реанимациялау тренажері (тренажер сердечно – легочной реанимации) – 1 дана.
Адамды іздестіру аспабы (прибор поиска людей) – 1 дана.
Жеңіл қорғаныс костюмі (легкий защитный костюм) – 44дана.
Жиынтықта жалпы әскери қорғаныс костюмі (общевойсковой защитный костюм в комплекте) – 20 дана.
Газқағар (противогаз) ГП-7В – 162дана.