Қызылорда облысының ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел құтқару жасағының 2020 жылы атқарған жұмыстар бойынша есебі
(баяндамашы Қызылорда облысының «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасақ басшысының орынбасары М. Доспенбетов)
Құрметті әріптестер!
Қызылорда облысының «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағы (әрі қарай Жасақ) штат бойынша – 68 адам, нақты – 67 адам.
Жасақ 6 құтқару бөлімшесінен тұрады. 5 құтқару бөлімше Қызылорда қаласы Д. Қонаев көшесі құрылыс 2А мекен-жайында орналасқан және 1 құтқару бөлімше Арал ауданы, Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан. Сондай-ақ жасақтың Қызылорда қаласы И. Журба 63 А мекен-жайында орналасқан жаттығу базасы бар.
Д. Қонаев көшесі құрылыс 2А мекен-жайындағы аумақта 2-і қабатты әкімшілік ғимарат, ангар, қазандық, автокөліктерге арналған жылы бокстар және қоймалар орналасқан.
И. Журба 63 А мекен-жайындағы база аумағында 1 қабатты әкімшілік ғимарат, медицина пункті, қоймалар, автокөліктерге арналған бокстар мен бастырма, кинология бөлімінің қызметтік иттеріне арналған вольерлер, спорт аланы, скалодром, жеке құрамның және кинологтардың иттермен жаттығулар өткізуге арналған оқу-жаттығу орындары орналасқан.
Жедел-қызметтік қызметі
2020 жылы барлығы 582 шығу жасалды (2019 ж. - 907) 35,83 % азайды. Авариялық-құтқару, іздестіру-құтқару және басқада кезек күттірмейтін жұмыстар барысында 131 адам құтқарылды (2019 ж. - 391) 66,49 % азайды, оның ішінде 96 бала (2019 ж. - 128) 25 % азайды. Әр түрлі ТЖ қайтыс болған 38 адамның денесі шығарылды (2019 ж. - 45) 15,56 % азайды, соның ішінде судан 22 дене шығарылды (2019 ж. - 20) 9 % артты. Эвакуацияланған адам жоқ (2019 ж. - 53), алғашқы дәрігерлікке дейінгі көмек 1 адамға көрсетілді (2019 ж. - 2) 50 % азайды.
4 автокөлік қауіпсіз жерге шығарылды (2019 ж. – 111) 96,39 % азайды.