Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (оқиғаларды есепке алмағанда).
Қызылорда облысының аумағында 76 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар тіркелді, 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 58,3 % көбейді (2020ж.–48). Зардап шеккен адамдардың саны 99,4 % көбейді (2020ж.-3, 2021ж.-483 адам). Қаза болғандардың саны 100 % көбейді (2020ж.-3, 2021ж.-6 адам). Материалдық шығын 0,7 млн. теңгені құрады (2020ж.-0,1), 85,5 % көбейді.
Техногендік сипаттағы ТЖ саны – 75 (2020ж.-47), 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 56,3 % көбейді, зардап шеккен адамдардың саны 200 % көбейді (2020ж.-3, 2021ж.-9 адам), қаза болғандардың саны 66,6 % көбейді (2020ж.-3, 2021ж.-5 адам):
75 (2020ж.-47) өндірістік және тұрмыстағы өрттер, жазатайым оқиғалар, 56,3 % көбейді, зардап шеккен адамдардың саны 200 % көбейді (2020ж.-3, 2021ж.-9 адам), 5 адам қаза болды (2020ж.-3), 66,6 % көбейді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – 1 (2020ж.-1), 2020 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда бірқалыпты, 474 адам зардап шекті (2020ж.-0), 100 % көбейді, 1 адам қаза болды (2020ж.-0), 100 % көбейді:
1 (2020ж.-0) қауіпті жұқпалы аурулар (коронавирустық инфекция) мен адам улануы тіркелді, 100 % көбейді, 474 адам зардап шекті (2020ж.-0), 100 % көбейді, 1 адам қаза болды (2020ж.-0), 100 % көбейді.