Баканов Жаслан Берикович начал свой профессиональный путь в 2020 году в качестве пожарного пожарной части № 24 Карасуского района. В 2022 году он был назначен старшим мастером связи ГУ «Служба пожаротушения», где продолжает служить по сегодняшний день.
Выбор профессии для Жаслана был осознанным решением. Он стремился заниматься делом, которое приносит пользу людям, помогает обеспечивать их безопасность и сохранять человеческие жизни. Для него служба — это не просто работа, а ответственность перед обществом и готовность прийти на помощь в трудную минуту.
Работа в системе гражданской защиты требует высокой концентрации, дисциплины и готовности действовать в любых обстоятельствах. Особое значение имеет слаженное взаимодействие между сотрудниками, ведь от оперативности и точности их действий зависит эффективность выполнения поставленных задач.
За годы службы Жаслан приобрёл ценный профессиональный опыт, стал более выдержанным и ответственным, научился ещё больше ценить командную работу и взаимовыручку. Он понимает, что профессионализм складывается не только из знаний и навыков, но и из умения сохранять спокойствие, принимать решения и доверять коллегам.
Особую роль в его профессиональном становлении сыграла мама Ботагоз, которая оказала ему огромную поддержку. Её вера в сына стала важным источником уверенности и мотивации продолжать службу, совершенствовать свои навыки и с честью выполнять свой служебный долг. Сегодня важной опорой Жаслана является и супруга Виктория, которая активно поддерживает его, помогает преодолевать трудности и вдохновляет на дальнейшее профессиональное развитие.
Обращаясь к молодому поколению, Жаслан советует ответственно подходить к выбору профессии, прислушиваться к себе и не бояться трудностей. Тем, кто мечтает связать свою жизнь со службой в органах гражданской защиты, он рекомендует быть готовыми к постоянному обучению, физическим и моральным нагрузкам, развивать дисциплину и умение работать в команде.
[12:10, 15.10.2026] Соньёнг: Адамдардың қауіпсіздігі мен өмірін қорғау жолында
Баканов Жаслан Берикович кәсіби еңбек жолын 2020 жылы Қарасу ауданының № 24 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіруші қызметінен бастады. 2022 жылы ол «Өрт сөндіру қызметі» мемлекеттік мекемесінің байланыс аға шебері лауазымына тағайындалып, осы күнге дейін қызметін жалғастырып келеді.
Жаслан мамандық таңдауда саналы шешім қабылдады. Ол адамдарға пайдасын тигізетін, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адам өмірін сақтап қалуға көмектесетін іспен айналысуды мақсат етті. Ол үшін қызмет — жай ғана жұмыс емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен қиын сәтте көмекке келуге дайын болу.
Азаматтық қорғау жүйесіндегі жұмыс жоғары зейінді, тәртіпті және кез келген жағдайда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Қызметкерлер арасындағы үйлесімді өзара іс-қимылдың маңызы ерекше, өйткені қойылған міндеттердің тиімді орындалуы олардың жеделдігі мен іс-әрекеттерінің дәлдігіне байланысты.
Қызмет жылдарында Жаслан мол кәсіби тәжірибе жинақтап, сабырлы әрі жауапты бола түсті. Ол командалық жұмыстың және өзара көмектің қадірін тереңірек түсінді. Оның пайымдауынша, кәсібилік тек білім мен дағдыдан ғана емес, сонымен қатар сабыр сақтай білу, шешім қабылдау және әріптестерге сенім арту қабілетінен де көрінеді.
Жасланның кәсіби жолды таңдауында анасы Ботагөздің орны ерекше. Ол ұлына үлкен қолдау көрсетіп, сенім білдірді. Анасының қолдауы Жасланға сенімділік беріп, қызметін жалғастыруға, кәсіби дағдыларын жетілдіруге және қызметтік борышын абыроймен атқаруға ынталандырды. Бүгінде Жасланның өмірлік тірегіне айналған жары Виктория да оны белсенді түрде қолдап, қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, кәсіби тұрғыдан әрі қарай дамуына жігер береді.
Жаслан жас ұрпаққа мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарап, өз қалауын тыңдауға және қиындықтардан қорықпауға кеңес береді. Азаматтық қорғау органдарындағы қызметті өмірлік жолы ретінде таңдауды армандайтын жастарға ол үнемі білім алуға, физикалық және моральдық жүктемелерге дайын болуға, тәртіптілік пен командалық жұмыс дағдыларын дамытуға кеңес береді.
Азаматтық қорғау саласы – үлкен жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін мамандық. Осы жолда еңбек етіп жүрген мамандардың бірі – Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Амангелді ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері Бөкешов Думан Амантайұлы.
Ол 2017 жылы М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсіп, 2021 жылы оқуын тәмамдады. Еңбек жолын Жангелдин ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінде аға инженер болып бастап, бүгінде Амангелді ауданында қызмет атқарып келеді.
Мамандық таңдауға бала кезіндегі өрт сөндірушілерге деген қызығушылығы әсер еткен. Адамдарға көмектесіп, олардың өмірін қорғауды мақсат еткен Думан Амантайұлы бүгінде өз таңдауын мақтан тұтады.
«Құтқарушы болу – жай ғана қызмет емес, адам өміріне деген жауапкершілік пен ел алдындағы адал борыш», – дейді ол.
Қызмет барысында ол төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында еңбек етіп келеді. Оның айтуынша, бұл мамандық сабырлылыққа, тәртіпке және кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйретеді.
Думан Амантайұлы үшін отбасының қолдауы да маңызды. Ол отбасын өмірдегі тірегі, ал қызметін Отан алдындағы борышы деп санайды.
Адам өмірін қорғау жолындағы адал еңбек пен жоғары жауапкершілік – оның басты өмірлік ұстанымы.
Дементьев Дмитрий Викторович — Қарасу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің № 24 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау кіші сержанты. Ол қызметке 2021 жылдың қазан айында қабылданып, содан бері өзін жауапты қызметкер ғана емес, бөлімшенің спорттық өміріне белсенді қатысушы ретінде де көрсетіп келеді.
Азаматтық қорғау органдарындағы қызмет жоғары дене дайындығын, тәртіпті, мінез беріктігін және командада жұмыс істей білуді талап етеді. Дмитрий бұл қасиеттерді кәсіби қызметінде де, спорттық жарыстарда да шыңдап келеді.
2022 жылы ол Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері арасында 1000 метрге жүгіруден бірінші орын иеленді. 2023 жылғы наурызда ТЖД қызметкерлері арасында 5 шақырымдық шаңғы жарысында екінші орынға ие болып, бұл нәтижесін келесі жылы да қайталады. Сондай-ақ 2023 жылы Силантьевка ауылында жауынгерлік киімді кию бойынша жарыста бірінші орын алды. Ал 2024 жылы 100 метрге жүгіруден үшінші орынға ие болды.
Жеке жетістіктерімен қатар, Дмитрий командалық жарыстарға да қатысады. 2024 және 2025 жылдары газ-түтіннен қорғау қызметінің (ГТҚҚ) үздік буыны атағына арналған жарыстарда өнер көрсетіп, екі жыл қатарынан командасымен екінші орынға ие болды.
Әрбір жетістіктің артында табанды жаттығу, қажырлы еңбек және айналаның қолдауы тұр. Дмитрий кәсіби жолында қолдау көрсеткен № 24 өрт сөндіру бөлімінің ұжымына, сондай-ақ өзіне ерекше қолдау білдіріп жүрген әпкесі Юлияға алғысын білдіреді.
Бүгінде Дмитрийдің басты тірегі — жұбайы Даяна мен қызы Аделина. Олардың сүйіспеншілігі, қолдауы мен сенімі оған күш-қуат беріп, алға ұмтылуына және жаңа жетістіктерге жетуіне жігерлендіреді.
Жас ұрпаққа Дмитрий батыл қадам жасап, істі кейінге қалдырмай, алға қойған мақсаттарына ұмтылуға кеңес береді. Оның пікірінше, табысқа еңбек етуге, қателіктерден сабақ алуға және алғашқы сәтсіздіктерден кейін де берілмеуге дайын адамдар жетеді. Ең бастысы — мақсат қоя білу, оған табандылықпен жету және осы жолда қолдау көрсететін жандарды бағалау.
Дмитрийдің өмір жолы еңбекқорлықтың, мақсатқа ұмтылудың және жақындардың қолдауының арқасында кәсіби тұрғыдан дамуға, спорттық жетістіктерге жетуге және болашаққа сеніммен қадам басуға болатынын көрсетеді.
Рахимов Азамат Амантанұлы - азаматтық қорғау кіші сержанты, Қарабалық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің № 11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы. Ол үшін таңдаған мамандығы адамдарға көмек қажет болған сәтте жанынан табылу туралы бала күнгі арманының орындалуы болды.
Ол өз қызметіндегі басты жетістігі ретінде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуді, дер кезінде қол ұшын созуды және әріптестерінің сенімін ақтауды санайды.
«Мен адамдарға ең қиын сәттерде көмек көрсетуді басты міндеті санайтын қызметтің бір бөлігі болғанымды ерекше мақтан тұтамын», - дейді Азамат Амантанұлы.
Қызмет барысында бұл мамандық оған тәртіпті, жауапкершілікті, төзімділікті және күрделі жағдайларда жедел шешім қабылдауды үйретті. Ол өзара көмекке, сенімге және ұжымның үйлесімді жұмысына ерекше мән береді. Өйткені өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезінде әрбір қызметкер өз әріптесіне толық сенімді болуы тиіс.
Азамат үшін отбасы - өміріндегі басты тірек. Жақындарының қолдауы оған күш-жігер мен сенімділік беріп, қауіп-қатер мен жоғары жауапкершілікке толы қызметтің қиындықтарын еңсеруге көмектеседі.
Өз өмірін құтқару қызметімен байланыстырғысы келетін жастарға ол қиындықтардан қорықпауға, өз күшіне сенуге, кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіруге және жоғары физикалық жүктемелерге дайын болуға кеңес береді.
Азамат Рахимов үшін өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы - жай ғана жұмыс емес, адамдарға көмек көрсетуге және олардың өмірін қорғауға деген адал ниетке негізделген өмірлік таңдау.
Раба Михаил Александрович — Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының № 5 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. Оның өрт-құтқару қызметіндегі кәсіби жолы үш ұрпақтан бері жалғасып келе жатқан отбасылық дәстүрдің жалғасы болып табылады.
Михаилдің құтқарушы мамандығына деген қызығушылығы мектеп қабырғасында жүрген кезінен басталған. Ол жас өрт сөндірушілер дружинасының (ЖӨСД) мүшесі болып, сондай-ақ өрт-құтқару спорты бойынша облыстық команданың құрамында өнер көрсеткен.
Мектепті бітіргеннен кейін Михаил Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің № 28237 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметін өтеді. Онда өрт сөндіру взводында қызмет атқарып, өрт сөндіру жасағының құрамына кірді. Қызмет барысында үш өртті сөндіруге қатысқан.
Мамандық таңдауына әкесі — запастағы подполковник Раба Александр Михайловичтің үлгісі зор ықпал етті. Ол өртке қарсы қызметке 28 жылын арнаған. Қазіргі уақытта Александр Михайлович Қостанай халықаралық әуежайының ұшуларды өртке қарсы және авариялық-құтқару қамтамасыз ету қызметінде (СПАСОП) іздестіру-құтқару командасының бастығы (НПСК) болып еңбек етуді жалғастыруда. Михаилдің анасы да өрт сөндіру бөлімінде старшина болып жұмыс істеген.
Михаилдің отбасылық тарихы қызметпен одан әрі терең байланысты. Оның атасы Раба Михаил Степанович әскери бөлімде прапорщик болып қызмет атқарып, қызметтік міндетін орындау кезінде қайғылы қазаға ұшыраған.
Михаилдің балалық шағы өрт сөндірушілердің ортасында өтті. Оның отбасы Қостанай дизель зауытының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ведомстволық өрт сөндіру бөлімінің аумағында тұрған. Ол кезде әкесі бөлімше командирі, кейін қарауыл бастығы қызметін атқарған. Ата-анасы мен басқа да қызметкерлердің жұмысын көріп өскен Михаил бұл мамандықтың қаншалықты жауапты әрі маңызды екенін жастайынан түсінген.
Әскерден оралғаннан кейін, 2010 жылы ол Қашар қаласындағы № 15 өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасты. Кейін Қостанай қаласының Өрт сөндіру қызметіне қарасты № 1 өрт сөндіру бөліміне ауыстырылды. Сегіз жыл бойы өрт сөндіруші болып қызмет атқарып, кейін бөлімше командирі лауазымына тағайындалды. Бүгінде ол осы қызметін жалғастырып келеді.
Михаил Александровичтің айтуынша, жұбайы оның кәсіби таңдауын қолдап, қызметінің ерекшеліктеріне түсіністікпен қараған. Ал өзі таңдаған жолының дұрыстығына ешқашан күмән келтірмеген және бұл шешіміне бірде-бір рет өкінбеген.
«Менің ойымша, құтқарушы мамандығы — жай ғана жұмыс емес, нағыз жүрек қалауы. Бұл салада өзін сынап көргендердің көбі оның өз жолы емес екенін түсінді. Ал мен өз жұмысымды абыройлы, құрметті әрі ең бастысы, қызықты мамандық деп санаймын. Әрбір өрт оқиғасы алдыңғысынан өзгеше, бірдей жағдайлар болмайды», — дейді Михаил Александрович.
Ол үшін өрт-құтқару бөлімшесіндегі қызмет — жай ғана мамандық емес. Бұл — отбасы тарихымен, жеке ұстанымдарымен және адамдарға күн сайын көмек көрсетуге деген дайындықпен тығыз байланысты өмірлік жол.
Суық ауа райының басталуымен Қостанай облысының құтқару бөлімшелері қиын ауа-райында жұмысқа дайындалуда Қар боран және көктайғақ автомобиль жолдарындағы қозғалысты қиындатуы мүмкін Төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін ТЖД қызметкерлері автомобильдердің техникалық жағдайын құтқару жабдықтары мен байланыс құралдарын алдын ала тексереді
Бүгін біз техниканың қыс мезгіліне қалай дайындалып жатқанын және құтқару машинасының ішінде не бар екенін көрсетеміз
Жолсыз жағдайда құтқарушылардың көмекшілерінің бірі-Қостанай облысы ТЖД Жеделқұтқару жасағының қаруындағы "ТРЭКОЛ" ровері
Оның басты артықшылығы-жоғары трафик Төмен қысымды дөңгелектердің арқасында жер үсті көлігі қарлы жерлерде кедір-бұдырлы жерлерде және қарапайым көлік қозғалысы қиын болатын жолдарда жүре алады Мұндай техника әсіресе қыста қатты боран мен қардың салдарынан автомобиль жолдарының жекелеген учаскелеріне қол жеткізу қиын болған кезде сұранысқа ие
Дегенмен, ең көп жүретін техниканың өзі мұқият дайындықты қажет етеді Қыс мезгілі басталғанға дейін құтқарушылар оның техникалық жағдайына ерекше назар аударады Автомобильдің негізгі тораптары мен агрегаттары, жабдықтың жарамдылығы, байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігі және машинаның төмен температурада пайдалануға дайындығы тексеріледі
Ровердің жабдықталуы ерекше маңызға ие Шынында да, кету кезінде құтқарушылар оқиға орнына жетіп қана қоймай қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуі керек Сондықтан жабдықтар мен қажетті жабдықтар өз орындарында болуы керек және пайдалануға дайын болуы керек
Әрбір құтқару машинасының артында адам тұрады оның кәсібилігі көбінесе тапсырманы сәтті орындауға байланысты
Құтқарушыжүргізуші көп тонналық техниканы сенімді басқарып қана қоймай, қарда жолдан тыс және шектеулі көріну жағдайында қозғалыс ерекшеліктерін де ескеруі тиіс Қыс мезгілінде ауа-райы бірнеше минут ішінде өзгеруі мүмкін, тәжірибе зейін және тез шешім қабылдау қабілеті ерекше маңызды
Техниканы дайындау маусым басталғанға дейін бір тексерумен аяқталмайды Оның жарамдылығы мен кетуге дайындығын сақтау ,құтқару бөлімшелерінің күнделікті жұмысының бір бөлігі ғана Тапсырмаларды орындағаннан кейін автомобильдер тексеріледі жабдықтың жағдайы тексеріледі, қажет болған жағдайда техникалық қызмет көрсету және анықталған ақауларды жою жүргізіледі
Қостанай облысында қысқы боран жиі соқпақтарда қарлы боранмен бірге жүреді, құтқару техникасының дайындығы ерекше маңызға ие Мұндай жағдайда ТЖМ бөлімшелері жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсету, адамдарды қауіпті учаскелерден эвакуациялау және авариялыққұтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылуы мүмкін
Қысқы кезеңге дайындық тек Қостанай облысында ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінде де жүргізіледі Қазақстан ТЖМ аумақтық бөлімшелері ауа райы жағдайларының күрделенуіне байланысты ықтимал төтенше жағдайларға ден қоюға күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету жөнінде алдын ала шаралар қабылдайды
Сонымен қатар, құтқарушылар қысқы Жолдағы қауіпсіздік кетер алдында басталатынын еске салады Ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа-райының болжамымен танысып, көліктің техникалық жағдайын тексеріп жылы заттарды жанармай қорын зарядталған телефонды және қажетті алғашқы көмек құралдарын алу керек
Дауылды ескерту жариялау және автомобиль жолдарын жабу кезінде елді мекендерден тыс жерлерге барудан бас тарту ұсынылады Егер көлік құралы қар үйінділерімен бітеліп қалса, сіз өзіңіздің орналасқан жеріңізді 112 нөмірі бойынша хабарлап, Төтенше жағдайлар қызметінің ұсыныстарын орындауыңыз керек
Жолдарда әлі де елеулі қар үйінділері болмаса да құтқарушылар техниканы алдағы сынақтарға дайындап жатыр Өйткені, көмек туралы сигнал келгенде, дайындыққа уақыт болмайды Машина жұмыс істеп тұруы керек Жабдық жұмыс істеуге дайын ал экипаж кез келген минутта кетуге дайын болуы керек
Қостанай қаласындағы «KST TRADE» ЖШС мұнай базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу (ӨТЖ) өткізілді.
Оқу-жаттығу барысында мұнай өнімдерін сақтау нысанында шартты төтенше жағдай туындаған кезде бөлімшелердің іс-қимылдары пысықталып, өзара іс-қимыл жасау және жедел әрекет ету дағдылары жетілдірілді.
Оқу-жаттығуға 9 бірлік техника мен жеке құрамның 39 адамы жұмылдырылды.
ТЖМ ескертеді: төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде алғашқы офицерлік арнаулы атақ беру рәсімі өтті.
Бұйрыққа сәйкес, Жедел басқару орталығы орталық байланыс пунктінің аға диспетчері Тимур Сергеевич Эсовқа «азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы офицерлік арнаулы атағы берілді.
Офицерлік арнаулы атақтың берілуі – қызметкердің кәсіби қалыптасуындағы маңызды кезең және оған жүктелген жоғары жауапкершіліктің айғағы.
Қостанай облысы ТЖД бастығы, полковник Н. Г. Селимов Тимур Сергеевичті арнаулы атақ алуымен құттықтап, қызметіне табыс, кәсіби өсу және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жаңа жетістіктер тіледі.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аэропорт көшесі, 1А мекенжайында орналасқан қонақүй-жатақхана ғимаратын реконструкциялауға арналған жобалық құжаттаманы қарау барысында бұзушылықтарды анықтады.
Сараптама ұйымдары палатасының Сарапшылық кеңесі жүргізген талдау нәтижесінде «BAS EXPERT» ЖШС-нің сараптамалық қорытындысында жобалық құжаттаманың толықтығына және нормативтік құжаттардың талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды.
Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес сараптамалық қорытынды кері қайтарылып, ұйымның Палатаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бір ай мерзімге шектелді. Тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар уәкілетті органға жолданды.
Тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және қайта сараптамадан өткізу ұсынылды.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында өңірдегі су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Тексеру барысында ТЖД қызметкерлері қауіпті учаскелердің, қорғаныс құрылыстары мен су өткізу нысандарының жай-күйін, сондай-ақ су басу қаупі бар елді мекендердің аумақтарын бағалауда.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты — ықтимал қауіптерді уақтылы анықтау және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қажетті алдын алу шараларын белгілеу.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және алдағы су тасқыны кезеңінде су басу қаупін барынша азайтуға бағытталған.