
Еріктілер Жітіқара ауданындағы құтқарушылармен және өрт сөндірушілермен бірге тұрғын үй секторының алдын алу жұмысында және адамдардың рұқсат етілмеген шомылатын орындарында жан-жақты қолдау көрсетеді.
Соның жарқын мысалы Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығының қызметі болып табылады. Олар Жітіқара ауданының ТЖ бөлімі және Жітіқара қ. № 12 ӨСБ басшылығымен ұзақ жылдар бойы өрттің алдын алу және сөндіру ісінде бірге жұмыс істеп келеді. Судағы төтенше жағдай кезінде адамдарды құтқару және көмек көрсетудің түрлі әдістерін пысықтау дағдыларын дамытуға елеулі үлес қосады.
Мәселен, Жітіқара ауданының аумағында жастар ресурстық орталығы мен азаматтық қорғау органдарының тығыз өзара іс-қимылы кезінде 15 тамыздан бастап пештерді орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Еріктілердің басты міндеттері халық арасында өртке қарсы насихат жүргізу, балаларды өрт туындаған жағдайда дұрыс іс-қимыл тәртібімен таныстыру, сондай-ақ өскелең ұрпақтың көз алдында өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын танымал ету болып табылады. Еріктілер төтенше жағдайлардың алдын алу ісіне елеулі үлес қосуда.
Азаматтық қорғау органдары тұрғын үйлерде улы газбен уланудан адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында азаматтарға пештерді қауіпсіз пайдалану талаптарын қатаң сақтауды ұсынады:
- тұтану үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады;
- пештің үстінде және оған тікелей жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды кептірмеңіз;
- қатты суық кезінде, пештің қарқындылығы мен кезеңі ұлғайған кезде, пештің қызып кетуіне жол бермеңіз, пештің және оған іргелес құрылыс құрылымдарының жағдайын мұқият бақылаңыз;
- пешті қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе оны бақылауға балаларға қалдырмаңыздар;
- қақпақтың жай-күйіне назар аударыңыз, өйткені түтін арнасын жабу улы газбен улануға әкелуі мүмкін;
- міндетті түрде мұржаны 3 айда кемінде бір рет тазалаңыз және тартым нашарлаған кезде дереу.
Осы талаптарды сақтау сізді және жақындарыңызды қайғыдан қорғайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда өртке қарсы қызметке «101» телефоны бойынша (ұялы телефондардан – 101, 112) қоңырау шалыңыз.
Қостанай облысының ТЖД
Жітіқара ауданының ТЖБ
бастығы
азаматтық қорғау майоры А. Теміров