Марапат өз кейіпкерін тапты

Марапат өз кейіпкерін тапты

Қостанай облысы ТЖД "Түрксіб-Астана" ЖШС қызметкері Асылхан Байбосыновқа ҚР ІІМ атаулы сағаты мен Құрмет грамотасы табыс етілді.
Салтанатты рәсім а.ж. 14 тамызында Қостанай облысы ТЖД мәжіліс залында өтті. Іс-шараға өңірлік БАҚ журналистері мен Департамент қызметкерлері қатысты. Кездесуге қатысушылар әлеуметтік қашықтықты сақтап, қорғаныс маскаларында болды.
Қатысушыларға арнаған сөзінде ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі А.Орымбаев: - «біз азаматтық қоғамымыз шетте қалмай, адамдарды құтқару бойынша осындай іс-шараларға белсене қатысатынына қуаныштымыз».
«Кез келген азамат үшін басты міндет - жақындарына көмектесу, өзінің азаматтық борышын орындау. Асылхан Байбосынов өзін нағыз патриот, тәуекелден қорықпайтын батыр ретінде көрсетті»,- деп атап өтті сөз сөйлеуші.
Асылханның өзі сол күннің оқиғаларын еске ала отырып: - 11 мамырда мен пәтерімнен балконға шығып, өрт шыққан көрші балконға назар аудардым. Көшеге шығып, бесінші қабатқа көтеріліп, есікті қаға бастадым, бірақ ешкім ашпады. Кейін күш жұмсай келе есік ашыла бастады. Пәтерге кіріп, өмірдің белгілерін көрсетпейтін адамға назар аудардым. Оны қолыма алып, таза ауаға шығардым, ол тірі болды, сондықтан мен алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Кейін мен көршілеріме жүгіндім, біз өрт сөндірушілерді шақырдық. Құтқару кезінде қорқынышты болмады, мен адамды құтқару керек екенін түсіндім, тек азаматтық парызымды орындадым. Мен тек зардап шегушінің аман қалуын ойладым. Содан кейін жедел жәрдем келді, дәрігерлер де оған көмек көрсетті. Өрт сөндірушілермен бірге отты сөндірдік.

 

                                                                               Қостанай облысы ТЖД