Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг: Судағы қауіпсіз демалыс туралы

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифинг: Судағы қауіпсіз демалыс туралы

БАҚ өкілдерімен кездесу аясында Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник А.Орымбаев өңірде шомылу маусымының өтуі туралы айтып өтті.
Қостанай облысының аумағында шомылу маусымы жалғасуда. Жазда ыстық ауа-райы демалушыларды су салқынына шақырады. Сондықтан адамдардың су айдындарында демалуы кезінде қауіп сақталуда.
Қостанайлық құтқарушылар тәртіп бұзушыларды анықтап қана қоймай, қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін кең профилактикалық жұмыстарды жүргізуді жалғастыруда.
Спикердің айтуынша, шомылу маусымы басталғаннан бері басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, 1 519 рейд жүргізілді, профилактикалық материал таратыла отырып, 35 мыңнан астам адамға нұсқау берілді.
Тыйым салынған орындарда шомылғаны және алкоголь ішімдіктерін ішкені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 364, 412, 440-баптары бойынша 300 мың теңгеден астам сомаға 53 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктік бақылау инспекциясы өкілдерімен бірлескен рейдтер барысында ҚР ӘҚБтК-нің 580, 583-баптары бойынша 38 жеке тұлғаға 176 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Облыстың су айдындарында 898 тыйым салу белгілері орнатылған.
БАҚ, әлеуметтік желілер, жергілікті блогерлердің аккаунттарында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті теледидар арналарында, көше LED экрандарында жазғы тақырып бойынша бейнероликтер көрсетіледі, тұрақты негізде СМС тарату жүргізіледі.
Дегенмен, жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, облыс аумағында суда адамдардың қаза болу жағдайлары бар. Шомылу маусымы басталғаннан бері өңірде 20 адам суға кетті, оның ішінде 2 кәмелетке толмағандар.
Кейін облыстық ведомствоның өкілі судағы оқиғалардың негізгі себептерін атап өтті, су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

 Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы