
Жақында Меңдіқара ауданының ТЖ бөлімі мен Боровское ауылының № 9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері «Лесная сказка» атты «жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған № 1 Рудный арнайы мектеп-интернаты» КММ 1-11 сынып оқушылары демалатын балалар сауықтыру лагеріне барған болатын.
Балалар лагерьде демалу уақытын өздеріне пайдалы өткізіп, мүмкін болатын төтенше жағдайлар кезінде өзін дұрыс ұстауды үйренуі үшін оларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтылды.
Құтқарушылар балалардың мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, оқытуды олардың бәріне қызықты болатындай етіп құрды.
Профилактикалық әңгіме барысында балаларға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелері түсіндірілді, шұғыл қызметтердің телефон нөмірлері, өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелері, терезеден құлаудың алдын алу, жазғы демалысты судың жанында көңілді және қауіпсіз өткізу жолдары түсіндірілді.
Оқытудың тиімділігі үшін материал диалогтық және ойын түрінде ұсынылды, түрлі жағдайлар, викториналар ойнатылды, онда балалар белсенді қатысты.
Кейін құтқарушылар өрт сөндіргішті қалай дұрыс пайдалану керектігін, өрт сөндірушілердің не киетінін көрсетті. Себебі өртті сөндіруге бармас бұрын, оларға арнайы қорғаныс костюмдерін тез арада кию керек. Кейбір балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдерін өздері киіп көрді.
Балалардың естелігіне оқу кезінде түсірілген фотосуреттер мен буклеттер таратылды.
«Лесная сказка» лагерінің директоры О.Таранухиннің айтуынша, құтқарушылармен осындай кездесуден кейін оқушылар өз қауіпсіздігіне де, оларды қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне де аса мән береді.
Қостанай облысының ТЖД
Меңдіқара ауданының ТЖБ