
2021 жылғы 08-11 маусым аралығында Департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Б.Т. Кәрімовтың басшылығымен жұмыс тобымен өңірдегі ағымдағы жедел жағдаймен танысу мақсатында Қостанай облысының оңтүстік өңірлеріне, атап айтқанда Арқалық қ., Амангелді және Жангелдин аудандарына шығу жүзеге асырылды.
Сапар барысында Арқалық қ. мен аудан әкімдерімен жұмыс кездесулері өткізілді, онда 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды.
Жеті гидротехникалық құрылыстардың (бөгеттердің) жай-күйі және олардың аудандардың су тасқыны жағдайына әсері қаралды. Қызылжұлдыз елді мекеніне төнген қауіп бағаланды.
Сапар қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға 2022 жылғы алдағы су тасқыны кезеңіне Гидротехникалық құрылыстарды дайындау бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, қалалар мен аудандардың ТЖБ, МӨСБ, ӨСБ жеке құрамымен кездесулер өткізілді.
Қостанай облысының ТЖД
Төтенше жағдайларды
алдын алу бөлімі