Қостанай облысында автокөлікте өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу

Қостанай облысында автокөлікте өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу

Қостанай облысының аумағында температураның көтерілуімен көліктегі өрттер саны артты. Соңғы апталарда облыс аумағында автокөліктердің жануына байланысты бірнеше өрт болды.
14 мамыр күні Рудный қаласы, 50 лет Октября көшесінде «Волга» маркалы автокөлік өртенді, 8 мамырда Қарабалық кенті, Заводская көшесінде орналасқан  «Деталь» автомагазинінің жанында «Лада Ларгус» автокөлігінің мотор бөлігі, Қарабалық ауданының Наука кентінде «Лада Калина» автокөлігі, 9 мамырда Рудный қаласы, Парковая көшесінде  Audi-80 маркалы автокөлігі өртенді.
Автокөліктерді қауіпсіз пайдаланудың маңызды талаптарының бірі жүргізушінің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы болып табылады. Автокөліктердегі өрттердің себептері жекелеген тораптардың, агрегаттардың, қолданылатын жанар-жағармай материалдарының өрт қауіптілігі, автокөліктерді техникалық пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының орындалмауы және сақталмауы, өткізілген техникалық қызмет көрсетудің уақтылы және толық көлемде жүргізілмеуі болып табылады.
Осындай фактілерді болдырмау мақсатында Департамент 17 мамыр мен 17 маусым аралығында автокөліктерде өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді, оның шеңберінде жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидаларын түсіндіре отырып, рейдтік іс-шаралар өткізіледі.
Автокөліктердегі өрттер тез өтеді және жүргізушілер мен жолаушылар үшін үлкен қауіп тудырады. Электр жабдықтары мен салонның синтетикалық қаптамасының көптігі, өрт болған жағдайда улы газдардың көп мөлшерін шығарады. Салонда өрт сөндіргіштің болуы автокөлік конфигурациясының ажырамас бөлігі болып табылады. Өрт сөндіргіш сенімді және жарамды болуы тиіс.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауды сұрайды! Өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметке «101», «112» телефонына қоңырау шалуға болады.

Қостанай облысының ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау
басқармасы