Қоқысты рұқсатсыз жағу-өрттің себебі!

Қоқысты рұқсатсыз жағу-өрттің себебі!

Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен өрт жағдайы күрделене түседі. Әдетте, бұл уақытта қоқыс, құрғақ шөп пен сабан рұқсатсыз жағылады. Құрғақ өсімдіктердің жануының себептері сөндірілмеген от, ұқыпсыз тасталған темекі тұқылдары мен сіріңкелер, құрғақ шөптер мен қоқыстарды қасақана жағу болып табылады. ​
Бұл күндері Қостанай қ.ТЖБ қызметкерлері саяжай қоғамдастықтары мен жеке тұрғын үй секторына қоқысты бақылаусыз жағуды, алау жағуды анықтау тұрғысынан үнемі мониторинг жүргізеді. 12 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін күн сайын рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда, 1225 адамға нұсқау беріліп, ақпарат берілді, сондай-ақ жадынамалар табыс етілді, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша 10 әкімшілік хаттама жасалды.
​Халықты ақпараттандыру үшін бұл іс-шаралар БАҚ-та кеңінен жарияланады. Облыстық және өңірлік телеарналарда өрт қауіпті кезеңде қоқысты жағуға тыйым салу туралы бейнероликтер көрсетілуде.
Қостанайлықтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңайырақ!

 Қостанай қ. ТЖБ
Қостанай облысының ТЖД