«Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

«Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс» ұранымен  Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында «ҚТЖ» ҰК» АҚ ҚОФ аумағында азаматтық қорғаныс айлығы шеңберінде «Қауіпті заттардың төгілуі кезіндегі іс-қимыл тәртібі» тақырыбы бойынша көрнекі объектілік жаттығу өткізілді. Жаттығу жоспары бойынша жанар-жағармай материалдарымен толтырылған 30 цистерналы жүк пойызы келді. Вагондарды тексеру барысында теміржол қызметкерлері цистерналардың бірінен ағып жатқанын анықтады. Әрекеттер алгоритміне сәйкес ақпарат операторға берілді. Оператор нұсқаулыққа сәйкес құрылған штабтың басшылығымен төтенше жағдайды жоюға кіріскен ҚТЖ филиалының кезекші қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарын хабардар етті.
Жаттығу барысында ҚТЖ басшылығы мен азаматтық қорғау құралымы төтенше жағдай мен оның салдарын жоюға жоғары дайындығын және үйлесімділігін көрсетті.
Іс-шараның мақсаты: төтенше жағдайларды жою кезінде өзара іс-қимыл мен іс-қимыл алгоритмдерін пысықтау және дұрыс шешім қабылдау. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс жүйесінің қалыптасуы, Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының құрылу тарихы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің әскери қызметшілерімен техногендік сипаттағы ТЖ туындаған кездегі тұрғындардың іс-әрекеттері бойынша жадынамалар мен брошюралар таратылды.

 

Қостанай облысының ТЖД
Азаматтық қорғаныс басқармасы