«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығын тағайындау

«Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығын тағайындау

Азаматтық қорғау подполковнигі Андрей Александрович Ракович «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы лауазымына тағайындалды.
Андрей Александрович Ракович 1975 жылы 15 желтоқсанда Қостанай облысының Қостанай қаласында дүниеге келген. 1998 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін инженер-бағдарламашы мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді, өрт қауіпсіздігі техникасы бойынша инженер. Отбасы жағдайы-үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Өртке қарсы қызмет органдарында 1999 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызмет еткен уақытта азаматтық қорғау подполковнигі А.А. Ракович азаматтық қорғау органдарында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Еңбек жолын Қостанай облысы МӨҚ Қостанай қаласының №3 техникалық қызмет өрт сөндіру бөлімінің жөндеу жұмысшысы лауазымынан бастады.
2000 жылы Қостанай облысы МӨҚ Қостанай қаласының №3 техникалық қызметінің өрт сөндіру бөлімінің аға технигі болып тағайындалды.
2002 жылы Қостанай облысы МӨҚ жедел бөлімінің аға инженері.
2003 жылы Қостанай облысының МГӨСБ қаржы-экономикалық Басқармасының Материалдық-техникалық бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2006 жылы Қостанай облысы бойынша «ӨС және АҚЖҚ» ФМУ Қостанай қаласының №3 техникалық қызметінің өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.
2012 жылы Қостанай облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт техникасы және күрделі құрылыс бөлімінің бастығы.
2014 жылы «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің өрт техникасы және жабдықтары бөлімшесінің бастығы.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

«Қостанай облысы ТЖД
ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметі