«Қазгидрометтің» ақпараты бойынша 16 сәуірде антициклон шығысқа қарай жылжып, біртіндеп ыдырайтын әсері сақталады.17-21 сәуірде белсенді синоптикалық процестер жүреді.
Атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын, қарға ұласатын жаңбыр, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күшейеді. Температура фоны түнде 0-5 аязға, облыстың солтүстік-шығысында 8 аязға, күндіз 2-7 жылыға, кей жерлерде 2 аязға дейін төмендейді.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға келесі қағидаларды сақтауды ұсынады:
- көктайғақ кезінде беткейі көлбеу қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысу;
- көлік жүретін жолдан өтпеңіз;
- бүкіл табанға қадам басып, абайлап жүріңіз. Жаяу жүргенде аяқ тізесін сәл босаңқы, қолдар бос болуы керек;
- ЖКО және басқа да оқиғаларды болдырмау үшін жеке көлікпен жүруден және шығудан бас тарту;
- электр желісін артық жүктемеу;
- бос қылтималар мен лоджиялардан бос заттарды алып тастаңыз;
- көлігіңізді ағаштардың, белгілердің, билбордтардың және жарнамалар жанында қалдырмаңыз.
- билбордтар, ағаштар, тіректер, үй қабырғаларының жанында орналасқан жарнама қалқандарының астына тығылуға, сондай-ақ электр беретін жүйенің астында тұруға болмайды.
Қатты желден сіз жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырына аласыз.
Құрылыс объектілері қызметкерлерді қолайсыз ауа райы жағдайларының әсерінен қорғау бойынша қосымша шаралар қабылдасын.
Сақ болыңыз және құтқару қызметінің бірыңғай телефоны – «112»екенін ұмытпаңыз.
Қостанай облысының ТЖД