Меню

Страницы

Статья

Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Жылыту кезеңінің басынан бастап (2023 жылғы 1 қазаннан бастап) Қостанай облысында 135 өрт болды, оның 80 % тұрғын үй секторына тиесілі, онда 9 адам қаза тапты. Өрттің пайда болуының негізгі себептері: отпен абайсызда жұмыс істеу, электр аспаптары мен пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу болып табылады.

Өртті алдын алу мақсатында Қостанай облысының ТЖД аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері күн сайын тұрғын үй секторында аулалар мен пәтерлерді аралайды. Бірлескен жұмысқа жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, әкімдіктердің мамандары, халықты әлеуметтік қорғау, еріктілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Мұндай барлаулардың мақсаты неде? Ең алдымен, бұл өрттердің алдын алуға, олардың тұрғын үй секторындағы салдарын шектеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үй иелерінің рұқсатымен тұрғын және қосалқы үй-жайларда жылыту пештерінің, тұрмыстық электр аспаптарының, электр сымдарының монтажы мен жарамдылығына көзбен шолып тексеру жүргізеді, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіреді, жадынамалар мен брошюралар табыстайды.

2023-2024 жыл жылыту кезеңі басталғаннан бері облыс аумағында 29 529 аула қамтылып, 51 877 адамға нұсқау берілді, 141 256 брошюралар мен буклеттер табысталды. Рейдтік іс-шаралар барысында тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы анықталады, олар орнында не қайта аралау кезінде жойылады.

Халықтың әлеуметтік осал топтары (жалғызбасты қарт азаматтар, көп балалы отбасылар, спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын, әлеуметтік емес өмір салтын жүргізетін тұлғалар) тұратын жерлерде профилактикалық іс –шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылады.

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы пешті жылыту мен электр жабдықтарын пайдаланудың негізгі қағидаларын еске салады:

Пештің ақауларын уақтылы жою қажет, мысалы, пештің бұзылуы, есіктің құлауы және т.б. өрт пешке кептіру үшін киім іліп қойылғандықтан немесе жиһаз қойылғандықтан пайда болады. Қатты аязда пешті бірнеше рет қыздырған дұрыс. Өртті алдын алу үшін жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға болмайды. Оларды бақылауды балаларға, әсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға тапсыру қауіпті.

Сондай-ақ, электр және басқа жылыту және жарықтандыру құрылғыларының дұрыстығын бақылау өте маңызды. Электр жылыту құрылғыларын жанатын тіректерге орнатуға болмайды, жалпы пайдалану дәліздерінде және ағаш бөлімдерге, жиһаздарға, перделерге және басқа да ұқсас заттарға жақын өткелдерде орнатуға болмайды. Электр желісін, соның ішінде бір уақытта тым көп электр құрылғыларын шамадан тыс жүктеу ұсынылмайды. Барлық құрылғыларды бір розеткаға қоспаңыз: шамадан тыс жүктеме салдарынан өрт шығуы мүмкін.

Осы қарапайым қағидаларды сақтау Сізді және Сіздің жақындарыңызды қиындықтан қорғайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» немесе «112 телефондарына хабарласыңыз.

 

Қостанай облысының ТЖД МӨББ

 

Дата публикации
05 февраля 2024
Дата обновления
05 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

Жедел ақпарат
28 июня 2024
Дауылды ескерту!
05 февраля 2024
Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
01 февраля 2024
«Абайлаңыз, мұздақтар!» Қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы