Меню

Страницы

Статья

«КРЕЩЕНИЕ ГОСПОДНЕ» МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЖАДЫНАМА

19 қаңтарда православтық христиандар «Крещения Господне» мерекесін атап өтеді. Соңғы жылдары бұл дәстүр суға шомылу рәсімінен өтуге қатысқысы келетіндерді көбірек тартуда. Алайда қауіпсіздік ережелерін бәрі бірдей сақтай бермейді. Мұндай батыл шешім қабылдамас бұрын, шомылу кезінде қарсы көрсеткіштермен және сақтық шараларымен танысу керек.

Суға сүңгуді жоспарлағандар үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

- тек арнайы жабдықталған жерлерде суға түсу керек;

- екі-үш сағат бұрын мықтап тамақтану керек, бірақ алкогольдік ішімдік ішпеу керек;

- суға сүңгуден бұрын жаттығулар жасау, жүгіру арқылы денені жылыту;

- аяқтың сезімталдығын жоғалтпау үшін шұңқырға ыңғайлы, тайғақ емес және оңай шешілетін аяқ киіммен жақындау керек. Шұңқырға жету үшін етік немесе жүннен жасалған шұлықты қолданған дұрыс. Шұңқырға барғанда, жол тайғақ болуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн;

- ми тамырларының рефлекторлық тартылуын болдырмау үшін басыңызды суламай, мойынға дейін батырған дұрыс;

- дененің жалпы гипотермиясын (дененің суып кетуі) болдырмау үшін 30 секундтан артық шұңқырда болмаңыз;

- шомылғаннан кейін (суға батырылғаннан кейін) өзіңізді және балаңызды түкті сүлгімен сүртіп, құрғақ киім киіңіз;

- иммунитетті нығайту және гипотермияның (дененің суып кетуі)  алдын алу үшін алдын ала дайындалған термостан жидектер мен жемістер қосылған ыстық шай ішу керек;

- мұз астына түсіп кетпеу үшін мұздың кішкене бөлігінде адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек.

Есіңізде болсын, қысқы жүзу жіті және созылмалы (өршу сатысында) аурулары бар адамдарға қарсы көрсеткіш болып табылады.

Сондай-ақ, белгіленбеген жерлерде шомылу жеке тұлғаларға 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын еске саламыз (ҚР ӘҚБтК 412-бабы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау)

Дата публикации
10 января 2024
Дата обновления
10 января 2024
Тип
Жаднама

Сейчас читают

Жедел ақпарат
28 июня 2024
Дауылды ескерту!
05 февраля 2024
Жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
01 февраля 2024
«Абайлаңыз, мұздақтар!» Қарапайым қауіпсіздік ережелері туралы ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы