Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 175 261 теңгеден 211 533,10 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратынолардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.
Отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй төлемдері.
Конкурс «өрт сөндіруші-құтқарушы» бос лауазымдарының 10 бірлігіне жарияланады:
Қостанай қаласының №1МӨСБ – 1 ед.,
Рудный қаласының №2МӨСБ – 2 ед.,
Лисаков қаласының №3 МӨСБ – 3 ед.,
Қостанай қаласының №6ӨСБ – 2 ед.,
Аулиеколь ауданың №15 ӨСБ -1 ед.
Аулиеколь ауданың №21 ӨСБ -1 ед.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Өртті сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі-орта деңгейден төмен емес. Жасы - 35 жастан аспайды. Бойы 165 см. Кем емес, әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің болуы.