Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Конкурс өрт сөндіруші-құтқарушы бос лауазымдарының 31 бірлігіне жарияланады:
Қостанай қаласының ТЖБ №6 ӨСБ - 2 б.,
Рудный қаласының ТЖБ №2 МӨСБ - 5 б.,
Лисаковск қаласының ТЖБ №3 МӨСБ - 6 б.,
Федоров ауданының ТЖБ № 7 ӨСБ - 3 б.,
Денисов ауданының ТЖБ № 8 ӨСБ - 1 б.,
Житикара қаласының ТЖБ № 12 ӨСБ - 1 б.,
Алтынсарин ауданының ТЖБ № 14 ӨСБ - 2 б.,
Әулиекөл ауданының ТЖБ №15 ӨСБ - 2 б.,
Әулиекөл ауданының ТЖБ №21 ӨСБ - 1 б.,
Әйет а. Б.Майлин ауданының ТЖБ № 16 ӨСБ - 1 б.,
Тобыл а. Б.Майлин ауданының ТЖБ № 17 ӨСБ - 1 б.,
Қамысты ауданының ТЖБ № 18 ӨСБ - 1 б.,
Узункол ауданының ТЖБ № 19 ӨСБ - 1 б.,
Сарыкөл ауданының ТЖБ № 23 ӨСБ - 1 б.,
Қарасу ауданының ТЖБ № 24 ӨСБ - 1 б.,
Қарасу ауданының ТЖБ № 25 ӨСБ - 2 б.,
С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 153 433 теңгеден 187 522 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Өртті сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
Білімі-орта деңгейден төмен емес. Жасы - 35 жастан аспайды. Бойы 165 см. Кем емес, әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің болуы.
Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген тұлға жоғары тұрған лауазымды тұлғаны хабардар ете отырып, оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Заңына сәйкес, айқындалған құн бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.
Құжаттарды қабылдауды Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймагамбетова көшесі, 150 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті»» ММ кадр қызметі жүзеге асырады.телефон: 8 (7142) 50-32-32, эл. пошта: ok_dchs_kost@emer.kz. қабылдау уақыты: 08:30-дан 18:30-ға дейін (13:00-ден 15: 00-ге дейін түскі үзіліс).
Азаматтық қорғау органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа конкурс тәртібі және оны өту шарттары
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2025 жылдың 22 қыркүйек пен 03 қазан аралығында (10 жұмыс күні).