«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ бос лауазымдарға орналасу конкурсын жариялайды

Бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы №207 «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына орналасатын тұлғалар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай - ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» (бұдан әрі-Қағида) бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Конкурс өрт сөндіруші-құтқарушы бос лауазымдарының 21 бірлігіне жарияланады:

Қостанай қ. Қостанай қаласының ТЖБ №1 МӨСБ - 2 б.,

Рудный қ. Рудный қаласының ТЖБ №2 МӨСБ - 3 б.,

Лисаковск қ. Лисаковск қаласының ТЖБ №3 МӨСБ - 3 б.,

Әулиекөл а. Әулиекөл ауданының ТЖБ №15 ӨСБ - 2 б.,

Қамысты а. Қамысты ауданының ТЖБ №18 ӨСБ - 2 б.,

Железнодорожное а. Қарасу ауданының ТЖБ №25 ӨСБ - 1 б.,

Қараменді а. Наурызым ауданының ТЖБ №20 ӨСБ - 1 б.,

Сарыкөл а. Сарыкөл ауданының ТЖБ №23 ӨСБ - 2 б.,

Әйет а. Б.Майлин ауданының ТЖБ №16 ӨСБ - 1 б.,

Тобыл а. Б.Майлин ауданының ТЖБ №17 ӨСБ - 2 б.,

Федоров а. Федоров ауданының ТЖБ №7 ӨСБ - 2 б..

С-SV-13 категориясы. Құқық қорғау органдарындағы еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 153 433 теңгеден 187 522  теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік пакеті бар: тұрақты және уақтылы жалақы, қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысының ұлғаюы, мансаптық өсу, қызметкерлер және олармен бірге тұратын олардың отбасы мүшелеріне Қостанай облысы ПД емханасында тегін медициналық қызмет көрсету. Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы екі лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыру үшін жәрдемақы төлей отырып, күнтізбелік ұзақтығы отыз күн (еңбек сіңірген жылдарына байланысты демалыс ұзақтығы ұлғаяды) беріледі. Арнайы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Өртті сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:

 Білімі-орта деңгейден төмен емес. Жасы - 35 жастан аспайды. Бойы 165 см. Кем емес, әскери билеттің немесе тіркеу куәлігінің болуы.

Құжаттарды қабылдауды Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймагамбетова көшесі, 150 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті»» ММ кадр қызметі жүзеге асырады.телефон: 8 (7142) 50-32-32, эл. пошта:  ok_dchs_kost@emer.kz. қабылдау уақыты: 08:30-дан 18:30-ға дейін (13:00-ден 15: 00-ге дейін түскі үзіліс).

Дата публикации
09 июля 2025