Азаматтық қорғау органдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығы туралы

Ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап Қостанай облысы әкімінің өкімімен облыстың аумақтық азаматтық қорғау жүйесі жоғары дайындық режиміне көшірілетін болады, сондай-ақ осы өкімде халықты қысқы кезеңдегі төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған іс-шаралар кешенін орындау көзделеді.
Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік органдар мен мекемелердің қысқы кезеңдегі қолайсыз жол-климаттық жағдайлар мен метеорологиялық құбылыстар қаупі немесе туындауы кезіндегі іс-қимыл алгоритмін әзірледі.
Туындаған ТЖ-ға жедел ден қою үшін саны екі мыңға жуық адам (1909) және алты жүз бірлік техника (626) бар күштер мен құралдар тобы құрылды.
Анықтамалық:
- ТЖД-130 адам, 19 бірлік техника;
- ӨС және АҚЖҚ-108 адам, 39 бірлік техника;
- МАО - 18 адам, 3 бірлік техника;;
- ПД-162 адам, 7 бірлік техника;
- ә/б 6697-60 адам, 5 бірлік техника;
- ЖАО-дан, ГҚ қызметтері мен ұйымдардан-1431 адам және 553 бірлік техника.
Облыстың автожолдарында жыл сайын автотасымалдауда қиындық туғызатын 269 қар басып қалатын учаскелер анықталды, мұндай учаскелердің жалпы ұзындығы 740 шақырымнан астам (739,3) .
Анықтамалық:
- Республикалық маңызы бар-240,3 км, 116 учаске;
- Облыстық маңызы бар - 499 км, 153 учаске.
Қысқы кезеңде зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін республикалық (13) және облыстық (10) маңызы бар автожолдарда 23 жылыту пункті жұмыс істейтін болады, облыс бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктері қосымша 215 жылыту пунктін дайындады.
Жедел іздестіру, құтқару, эвакуациялау және зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері жоспарда бірінші болды және солай болып қала береді, осы мақсатта Департамент жеке құрамның жалпы саны 256 адамнан тұратын жедел топтарды және тұрақты әзірлікте болатын 61 жоғары өтімді техниканы дайындады.
Халықты ауа-райының нашарлауы туралы хабардар ету үшін автомобиль жолдарын жабу СМС (4-5 сағаттан кейін), әлеуметтік желілер бойынша Департаменттің ресми беттерінде, сондай-ақ «Darmen» қосымшасы арқылы хабарланатын болады.
Өткен жылдың қыс мезгілінде департамент бөлімшелерімен 100-ден астам құтқару операциялары жүргізілді, олардың барысында 708 адам эвакуацияланды және құтқарылды, автожолдың тазартылған учаскесіне 197 бірлік техника жеткізілді.
Бұл сандар халықтың қысқы кезеңнің қауіптілігін толық қабылдамайтынын көрсетеді, осыған байланысты метеорологиялық жағдай мен ауа райы болжамын ескере отырып, жолға шығуды жоспарлауды, сондай-ақ құтқарушылардың ұсыныстарын ескеруді ұсынамын.
Автокөлікті қысқы кезеңде пайдалану кезінде жүргізушілерге автомобильде құрал-саймандар жиынтығы, сүйреткіш трос, күрек, фонарь, отыны бар қосалқы канистр, жылы киім және азық-түлік пен ауыз судың аз қорын өзімен бірге алып жүруді ұсынады.
Егер сіз жолда төтенше жағдайға тап болсаңыз, 112 құтқару қызметінің бірыңғай нөміріне дереу хабарлаңыз
Жолдарды жабу
Бекітілген алгоритмге сәйкес жол қозғалысын шектеу немесе қысқа мерзімді жабу үшін негіз болып табылады:

  1. 1. Жұқа пленка немесе шыны тәрізді мұз түріндегі көктайғақ;
  2. 2. Көріну 50 м дейін төмендеген кездегі тұман;
  3. 3. Екпіні 20-25 м/с және одан астам қатты бүйірлік және дауылды желдер;
  4. Қарлы боран (екпіні қатты боран) 15 м/с-тан кем емес қатты желмен бірге жүреді, қардың үлкен массаларын алып жүреді және көрінуді 50 м-ге дейін төмендетеді;
  5. Қарқынды жауын-шашынмен қатты қар жауған жағдайда;
  6. Ауа температурасының күрт төмендеуі (-300С төмен)

Дауылды ескертулерді өңдеу алгоритмі.
Дауылды ескерту алған немесе автомобиль жолдарын жабу туралы шешім қабылданған жағдайда төтенше жағдайлар департаменті дереу хабарлау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізеді, атап айтқанда:

  1. Халықты СМС-хабарламалар жіберу арқылы хабардар ету жүргізіледі;
  2. Instagram, Facebook әлеуметтік желісінің ресми парақшасында және «Darmen» мобильді қосымшасында дауылды ескерту туралы ақпарат орналастырылады;
  3. Азаматтық қорғау қызметтеріне П-160 аппаратурасы базасында облыстың орталықтандырылған хабардар ету жүйесі арқылы хабарлау жүргізіледі.
Дата публикации
29 октября 2020