«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін, «Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ (бұдан әрі – Департамент) Жоспарлау және жедел басқару орталығы ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық жұмыс тобының бас маманы 1 бірлік;
Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік;
Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы химия, мұнай-химия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік;
Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қазандық, газ шаруашылығы және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік;
Салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 1 бірлік, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлерден құжат келіп түспеуіне байланысты, конкурстық комиссия ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Департаменттің жоспарлау және жедел басқару орталығы ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық жұмыс тобының бас маманы 1 бірлік, Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік, Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы химия, мұнай-химия өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік, Департаменттің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы қазандық, газ шаруашылығы және көтергіш құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 2 бірлік, Салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы 1 бірлік, С-О-5 санаттары бойынша лауазымдарға конкурстық іріктеу жүргізілген деп саналсын;
2) Департаменттің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасына мемлекеттік органның интернет-ресурсында конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткерлерден құжат келіп түспеуі туралы ақпаратты орналастырсын және алдағы уақытта конкурстық іріктеуді қайта жариялау үшін жұмысты ұйымдастырсын.