1.Жалпы ережелер
1.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия (бұдан әрі – облыстық комиссия) консультатвитік-кеңестік орган болып табылады және жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында үйлестіру мақсатында құрылды.
2.Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін--өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148, осы ережені және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
2.Міндеттері, функциялары мен құқықтары
3.Облыстық комиссияның негізгі міндеттері келесі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу:
1) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің облыстық аумақтық кіші жүйесін одан әрі жетілдірудің және дамытудың негізгі бағыттары;
2) азаматтық қорғау саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;
3) азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын құру және дамыту;
4) авариялар, апатар, табиғи және өзгеде зілзалар нәтижесінде, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюында қатысқан және олардың салдарынан зардап шеткен азаматтарды медициналық оналту, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық қорғау және азаматтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқаратын органдардың, орталық атқару органдарының аумақтық бөлімшелердің, кәсіпорындар мен мекемелердің ұйымдастыру және басқару қызметін үйлестіру.
4.Облыстық комиссияның негізгі функциялары:
1) азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру;
2) туындаған төтенше жағдайлар бойынша ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттері қою және азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесіне жеткізу;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру,олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабарлауды ұйымдастыру;
5) облыс аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауының қаупі бар қауіпті өндірістік объектілерді айқындау, олардың туындау салдарынан экстремальды оқиғалар мен есепті залал қауіп-қатерін бағалау;
6) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;
7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдер қолбасшылығымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;
8) облыстық азаматтық қорғау жүйеге кіретін күштер мен құралдарды көрсетілген мақсаттар үшін тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.
5.Облыстық комиссия:
1) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және бірлестіктердің азаматтық қорғау саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) облыстық комиссия отырыстарында жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;
3) облыстық комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар және бірлестіктерден сұрауға;
4) облыстың кәсіпорындар, мекемелер және қоғамдық ұйымдар басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға;
5) жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, кәсіпорындармен, мекемелермен және қоғамдық ұйымдармен азаматтық қорғау саласындағы іс-шаралардың орындауын талдауға;
6) кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларының келісімі бойынша) табиғи және техногендік сипаттағы азаматтық қорғау мәселелері бойынша талдамалық, сараптамалық және өзге де жұмыстарды орындау үшін тартуға;
7) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық және аудандық комиссиялардың жұмысын үйлестіруге;
8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізуге құқылы.
3.Комиссия органдары
Облыстық комиссияның төрағасы Қостанай облысының әкімі болып табылады.
7.Төраға:
1. облыстық комиссия қызметіне басшылық етеді;
2. облыстық комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
3. облыстық комиссия мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі және бекітеді;
4. облыстық комиссия жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;
5. облыстық комиссия жұмысының жоспарын бекітеді;
6. облыстық комиссия шешімдерінің орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді;
7. облыстық комиссия қызметінің нәтижесіне жауапкершілікте болады.
8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті»ММ басшысы әрі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары облыстық комиссия төрағасының орынбасарлары болып табылады.
9. Облыстық комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі.
10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті»ММ қызметкері облыстық комиссияның хатшысы болып табылады.
Хатшы облыстық комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, оның ішінде:
1. облыстық комиссия жұмысының жоспарын жасайды;
2. облыстық комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;
3. облыстық комиссия отырыстарын өткізу күні, уақыты және орны туралы облыстық комиссия мүшелеріне хабарлайды;
4. отырыс хаттамасын ресімдейді;
5. облыстық комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;
6. облыстық комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге қажетті шараларды қабылдайды.
Облыстық комиссияның хатшысы, өз құзыреті шеңберінде орындаушылардан тиісті материалдарды талап етуге құқығы бар.
4.Комиссия құрамы
11.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті»ММ ұсынысы бойынша облыстық комиссия құрамын жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Облыстық комиссия құрамы жергілікті атқарушы және өкілдік органдарының, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.
5.Жұмысты ұйымдастыру
12. Облыстық комиссия өз жұмысын облыстық комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленген, төраға бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
13. Облыстық комиссияның қарауына материалдарды дайындау жұмыс жоспарында көрсетілген бірінші ұйым жүзеге асырады. Іс-шараларды қоса орындаушылары жауапты орындаушыға жиынтық анықтама жасау үшін қажетті материалдарды ұсынады.
14. Анықтама, өзге де материалдар және шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өткізу күніне дейін 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей тапсырылады.
15. Хатшы отырыста қарауға жататын материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және облыстық комиссия төрағасына баяндайды. Облыстық комиссия төрағасы дұрыс дайындалмаған материалдарды толық пысықтауға қайтарады.
16. Мәселені дайындаған ұйымның жауапты қызметкері құжатты толық пысықтайды және үш күн ішінде хатшыға ұсынады.
17. Облыстық комиссия отырысына шақырылатын қатысушы тұлғалар оларға қатысты күн тәртібінің мәселесі бойынша шешімді талқылауға және әзірлеуге қатыса алады, талқылауды және бірлескен шешім қабылдауды қажет ететін ұсыныстарды, құжаттар жобаларын және өзге материалдарды келіскен тәртіпте енгізеді.
18. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті»ММ облыстық комиссияның жұмыс органы болып табылады.
6.Облыстық комиссия жұмысының нәтижелері
Облыстық комиссияның талқылау нәтижелері және қабылданған шешімдері отырыс хаттамасымен ресімделіп, отырыс өткізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындалады.
Қол қойылған хаттаманы хатшы облыстық комиссия мүшелеріне және мүдделі органдарға жібереді.
Облыстық комиссия хаттамасының орындалуы туралы ақпарат жазбаша түрде хатшыға жіберіледі, ол түскен материалдарды талдап, талдау нәтижелерін облыстық комиссия төрағасына баяндайды.